29
Әдістемелік құрал
ӘДІС
ТЕМЕЛІК
АҚПАР
АТ
Ата-аналарға және жергілікті тұрғындарға
«Қыздарымызды бірге
қорғаймыз»
атты сынып сағатын өткізуге арналған материалдар
Еркін таңдау құқығы.
Қазақстан Респуб-
ликасының Конституциясы, біздің мемле-
кетіміз бекіткен
БҰҰ «Әйелдерге қатыс ты
кемсітушіліктердің барлық түрін жою
туралы», «Бала құқықтары туралы»
халықаралық құқықтық нормалар біздің
еліміздің әйелдері мен қыздарына кем-
сітушіліктен, зорлық-зомбылықтан және
құқықсыздықтан жан-жақты қолдауға,
қорғауға кепілдік береді
. Қыз балалар,
болашақ әйел және ана ретінде өмір
жолын еркін таңдау, білім алу, қызмет
бабымен сәтті өсу, бақытты отбасын құру,
яғни толыққанды және қауіпсіз өмір сүру
құқықтарын қамтамасыз ететін барлық
құқықтарға ие.
Өкінішке қарай, ресми мәлімет-
тер Қазақстанның түрлі аймақта-
рында кәмелет жасына толмаған
қыз балалардың көбінесе мәжбүр-
лікке, зорлық-зомбылыққа және
сексуалдық тұрғыдан пайдала-
нуға душар болып жататындығын
көрсетеді. Бұған және мектеп
партасынан жаңа ғана шыққан
қыз баланы күштеп күйеуге беру
немесе «алып қашу» оқиғалары
да жатады. Біздің қоғам әлі күнге
мұндай оқиғаларға «көзді жұма»
қарап, мұны дәстүрлі әдет-ғұрып
деп есептейді. Алайда, бұл қыз
баланың құқығын бұзу, оған
қарсы жасалған қылмыс болып
табылады. Өйткені, ерте жастағы
некені күштеп қию мен сексу-
алдық қанау көбінесе білімінің,
жұмысының және қолдаудың
жоқтығынан жарымжан психи-
каға, денсаулықтың сыр беруіне
және әлеу меттік оқшаулануға
алып келеді.
Өз мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді сақтай
отырып, біз әйелдер мен қыздарды төмен-
дететін ескі салт-дәстүрлерді өткенге қал-
дыра келе, өз қыздарымызға, жалпы қыз бала-
ларға аман-есендік пен бақытты болашақты
қамтамасыз етуге тиістіміз!
Кәмелетке толмағандарға қатысты бірде
бір зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу оқиға-
лары назардан тыс қалмауы керек! Жер-
гілікті құқыққорғау органдарына барудан
қорықпаңыздар.
Сіз мынаны білуге тиістісіз:
►
ҚР Заңдары қыз алып қашуға тыйым салады
және адам ұрлығына қатысты мұны қылмыс деп
санайды;
►
ҚР Заңдары егер кейбір ерекше жағдайларға
байланысты болмаса, кәмелет жасына толмаған-
дарды некеге тіркеуге тыйым салады;
►
ҚР Қылмыстық Кодексі кәмелет жасына тол-
мағандарды жезөкшелікпен айналысуға
мәжбүрлегені үшін 132-бап бойынша мүлкін
тәркілей отырып, 5 жыл бас бостандығынан
айыруды қарастырады.
Қыз алып қашу тәжірибесі шариғатқа да қайшы
келеді, оған сәйкес міндетті түрде неке қияр
кезде үйленетін қыздың келісімі берілуі тиіс
(Сахих Хадис).
30
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ
Жеткіншектер үшін
«Сіздер есейіп келесіздер»
атты тақырыптық сабақтар өткізуге арналған материалдар
Кездейсоқ ештеңе жоқ
Жеткіншектер арасында жыныстық өмірге деген көзқарастар кереғар
түсіп жатады және ересектер арасында қабылданған түсініктермен
жанаса бермейді. Кейбір жастар ерте жастағы жыныстық қатынасты
жақтағысы келеді, ал пәктікті, тазалықты маңызды санайтындар бұл
мәселені ер жетіп есейгенге дейін қалдыра тұрады.
Жыныстық қатынас өмірінің басталуы – бұл әрбір жас жігіт пен қызға
зор жауапкершілікеі жүктейді. Бұған физиологиялық тұрғыдан пісіп-
жетілу аздық етеді, мұнда сондай-ақ әлеуметтік пісіп-жетілу де бар және
екі адамның өздеріне, өз денсаулықтары мен тағдырлары үшін өзара
жауапкершілікті сезіну бар. Кейбіреулер әуесқойлықпен сексуалдық
тұрғыдан белсенді болғысы келеді, өйткені мұндайды оның достары
жасап жүр, өзгелері серіктесінің қысымына жол береді. Кейде жағдай-
дың әсерінен шешім қабылданып жатады. Шешім қабылдамас бұрын
ерте жастан жыныстық қатынасқа түсудің салдары туралы ойлану
керек.
Ерте жастағы жыныстық қатынастың ең кең таралған
салдары – қажетсіз жүктілік, ВИЧ/СПИД-ті қосқанда, жыны-
стық жолмен жұғатын инфекциялар. Дүниежүзілік денсау-
лық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, жеткіншек
жастағы жүктіліктің 75%-ы оны үзумен аяқталады екен.
Қажетсіз жүктілік
Жеткіншек жасында жүктілік бола қалған жағдайда жеткіншектердің
сасқалақтауы кең таралған құбылыс.
Жыныстық өмірді талқы-
лау жабық тақырып болғандығын ұмытуға да тура келеді,
өйткені бұл мәселелерді ескермеу ауыр салдарға ұрынды-
рады.
Бұл мәселелер бойынша көмек, кеңес және барлық қажетті
мәліметтерді алу үшін балалар емханасының (14 жасқа дейінгі қыз
балаларға) білікті мамандарына, өз ауданыңдағы акушерлік-гинеко-
логиялық қызметіндегі әйелдер кеңесіне, студенттер емханасындағы
медицина мамандарына (жеткіншектер кабинеті – 15-18 жастағы
қыздарға) баруға болады.
Түсік тастау
Бұл егер де алғашқы жүктілік үзілген жағдайда денсаулық үшін айтар-
лықтай асқыну қаупі бар тәуекелдің бірі. Көптеген түсіктер – отаның
өзіне де, түсік тастауға алып келетін жағдайларға да байланысты
болатын ауыр психологиялық жарақат. Түсік туралы шешім қабылдау –
жеке бастың мәселесі, ең дұрысы жақындарыңмен бірге отырып шеш-
кен дұрыс.
Егер де сенде осы проблема туындай қалса, біз
оны ата-анаңмен, өзің сенетін үлкендермен немесе сенім
кабинеттерінің мамандарымен сөйлесуге кеңес береміз.