Электрондыќ кесте msexcel-де деректер базасы



жүктеу 302,69 Kb.
бет1/2
Дата11.02.2018
өлшемі302,69 Kb.
#9362
түріСабақ
  1   2

«Файлдар, қапшықтар және таңбашалар»
Досмагамбетова А.А.

Өтес орта мектебінің информатика және математика пәндерінің мұғалімі


Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен енуде. Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың маңызы зор. Сол сабақ атты театрдағы басты кейіпкеріміз – оқушы болса, онда барлығымыздың бағытымыз бір, бағдарымыз байсалды болмақ.

Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс. Мен сабағымда деңгейлеп оқыту технологиясын қолданамын. Төменде осы технологиямен өткізген көрнекі сабағымды ұсынып отырмын.


Сабақтың мақсаты : «Файлдарды» сақтауды, «Қапшықтар» мен «Таңбашалар» құруды, «Себет» ұғымдарымен, файл, қапшық құрылымын меңгерту. Дербес компьютерде қапшық, файл құру, обьектілермен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, әдептілікке, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру сабағы.
Оқыту тәсілдері: Сұрақ – жауап, өз бетімен жұмыс, тест жұмысы.
Сабақтың көрнектілері: тесттер, таратпа материалдар.
Сабақтың құрал – жабдықтары: Дербес компьютер, ИТ, СИН бағдарламасы.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты «Файлдарды» сақтауды, «Қапшықтар» мен «Таңбашалар» құруды, «Себет» ұғымдарымен, файл, қапшық құрылымын меңгерту. Ал, енді бұны бастамас бұрын үй тапсырмасын қайталайық.


II. Өткенді пысықтау.

  1. Ауызша сұрақтар:

  1. Терезе дегеніміз не? Неше түрі бар?

  2. Windows қандай ож?

  3. Жұмыс столы дегеніміз не?

  4. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыздар?

  5. Компьютердің енгізу құрылғылары?

  6. Компьютердің шығару құрылғылары?




  1. Сипатталған анықтама қайсына сәйкес екенін анықтандар.

1

Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы

А

Ақпарат

2

Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ

В

Жұмыс аймағы

3

Бұл – объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы

С

Терезе

4

Сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан

Д

Интерфейс

5

Адам мен компьютер арасындағы байланыс

Е

Сканер

Жауабы:

1

2

3

4

5







Е

С

В

А

Д




  1. Дұрыс жауапты тауып, жауабы өрісіне сәйкес жауапты тышқан нұсқағышы арқылы апарып қойыңыз.

  1. «... – компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдаоламалар жүйесі»

  1. ОЖ*

  2. Интерфейс

  3. Драйвер

  4. Терезе

  5. Объект




Жауабы:

ОЖ




  1. «...европалықтар «Абак», қытайлықтар «Суанпан», жапондықтар «Серобян» деп атаған алғашқы құрылғы

  1. Аналитикалық машина

  2. Есепшот

  3. Паскаль машинасы

  4. Арифмометр

  5. Дербес компьютер




Жауабы:

Есепшот




III. Жаңа сабақ

1. Сен Windows-тың қандай объектілерін білесің?

Windows объектілері

Негізгі

Арнайы

  1. Қапшықтар

  2. Бағдарламалар

  3. Құжаттар

  4. Таңбашалар

  1. Бас меню

  2. Басқару тақтасы

  3. Менің компьютерім

  4. Себет


Файл-бұл аты бар байттар тізбегі.






Файлдың аты


С
Аты
ол жақ бөлігі О
Типі
ң жақ бөлігі




Windovs 98 жүйесінде файлдарға ат бергенде төмендегілерді есте сақтау керек:

  1. Файлдың аты мен кеңейтілу болады.

  2. Файлдардың аты бос орынды қоса есептегенде 255 символмен жазылу мүмкін. Бірақ басқа үйелермен жұмыс істегенде, мысалы, МS-DOS жүйесінде файлдың аты 8 таңбадан аспауы керек екенін есте сақтау керек.

  3. Файлдың атын жазғанда үлкен, кіші латын және орыс әріптерін, 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды, арнайы символдарды:

дефис (-), астын сызу (____), леп белгісі (!) және мына символдарды: @, #, $, %, &, (,), {,} қолдануға болады.

  1. Файлдың атын жазғанда мына символдарды: жұлдызша (*), қос нүкте (:), нүктелі үтір (;), сұрақ белгісі (?), бөлгіш (/), үлкен (<), кіші (>), тырнақша («»), нүкте (.) қолдануға болмайды.

1.Файлдың кеңейтілуі үш символдан тұрады және файлдың атынан нүкте арқылы ажыратылады. Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар алуан түрлі болады, мысалы:



  1. doc - мәтіндік файлдар;

  2. bmp-графикалық файл;

  3. htm-Web-Internet беті;

  4. TXT–блокнот бағдарламасының құжаты

  5. ppt– қолданбасының кеңейтілуі

Файлдың атын оның мазмұнына сай беру дұрыс болады.

Файлдардың арасынан мәтіні, графикалық және дыбыс ақпараты, бағдарламалар мәтіні, бағдарламалар жұмысы туралы деректер және т.б. бар бағдарламалар (қолданбалар) мен құжаттарды ерекшелеу керек.


жүктеу 302,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау