Ерте жастағы және күштеп қиылатын некелердің алдын алу



жүктеу 0,99 Mb.
Pdf просмотр
бет2/37
Дата18.05.2018
өлшемі0,99 Mb.
#14254
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

7

Әдістемелік құрал 

Ерте және күштеп қиылатын некелер дегеніміз не?

ЖА

ЛПЫ 



АҚПАР

АТ

ТАР



 

Күштеп қиылатын некелер проблемасы дене күшін қолдану немесе 

психикалық зорлық-зомбылық арқылы серігінің немесе екеуінің де 

келісімінсіз қиылатын некелер. Бүгінде бұл өте өзекті күйінде қалып 

отыр және қазіргі заманның ең өткір әлеуметтік проблемаларының 

қатарына жатады. Мәжбүрлі некелер, сондай-ақ қыз ұрлаумен немесе 

некеге отыру мақсатында қыз алып қашумен байланысты. Бұл қыз бала-

лардың еркінен тыс және көбінесе күш қолдану мен сексуалдық зор-

лық-зомбылықтармен ұштасып жатады. Өрімдей жас қыздың өмірлік 

тәжірибесінің жоқтығы, қорқынышы және күйеуі мен оның отбасына 

материалдық тәуелділігі жас келіншектердің ең осал тұсы болып табы-

лады.

Ерте жастағы неке 

 

 

– не заңды, 

не нақты жағдайдағы неке – бұл екі адамның одағы, олардың бірі 

кем  дегенде  18 жасқа  толмаған.  Күш  қолдану  немесе  психикалық 

қысым жасау арқылы бірінің немесе екеуінің де келісімінсіз жасалған 

күштеп  қиылатын  некелер  проблемасы  бүгінде  барынша  өзекті 

күйінде  қалып  отыр  және  қазіргі  заманның  ең  өткір  әлеумет-

тік проблемаларының қатарына жатады. Ерте жастағы некелер 

шын мәнінде заңға қарама-қайшы. Өйткені, кәмелет жасына тол-

мағандар некеге отыруға өздігінен келісім беруге қабілетті емес. 

Күштеп қиылатын неке дегеніміз – некеге отыру мақсатында қыз 

алып  қашу/ұрлау  жатады.  Ол  қыз  балалардың  еркінен  тыс  және 

көбінесе күш қолданумен және сексуалдық зорлық-зомбылықтармен 

ұштасып жатады. 

Ерте  жастан  некеге  мәжбүрлі  отырғызуға  ешқандай  негізі  жоқ  деп 

қарастыруға  болады.  Яғни,  қазіргі  замандағы  құлдықтың  көрінісі 

сияқты,  бұл  бірінші  кезекте  әйелдерге,  содан  соң  ерлерге  қатысты. 

Шындығында кәмелет жасына толмағандарды қоғамнан бөлшектейді, 

олардың бақытты болашағы қалыптасуы үшін қажетті білім деңгейін 

алу мүмкіндігінен айырады, тек қана үйдегі күйбің тірлікке мәжбүрлеу 

жағдайымен шектей отырып, деніне және психикалық денсаулығына 

жазылмас жара салады. Уылжыған қыздың жастығы, өмірлік тәжіри-

бесінің жоқтығы, қорқынышы мен үрейі және күйеуі мен оның отба-

сына материалдық тәуелділігі жаңа түскен жас келіннің ең әлсіз жері 

деуге болады.

Некені  күштеп  қию  және  ерте  жастағы  некелер  халықаралық 

құқықтық  нормаларды  ғана  емес,  ұлттық  заңнама  ережелерін  де 

бұзады.  Ерте  жастағы  некеде  көбінесе  неке  қиюдың діни  рәсімдері 

пайдаланылады, алайда оның заңды күші жоқ, жай ғана әдеттегі аза-

маттық  үйлену  салты  деуге  болады.  Алайда,  мынаны  түсіну  керек, 

заңды рәсімделмеген некеге тұрмаған әйелдер ажырасқан жағдайда 

заңды түрде қорғана алмайды. Өйткені, шын мәнінде мүліктік мәсе-

лелерде, әсіресе заңды некесіз туған балалардың құқықтары тұрғы-

сынан алғанда некеге тұрмағандардың құқықтары қорғалмайды.



8

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

Некеге  мәжбүрлі  түрде  тұрғызу  әйелдердің  қоғамда 

теңсіздігін  арттыра  түседі,  өз  жолын  табуда  бостандығын 

шектейді,  зорлық-зомбылық  алдында  осалдық  танытады, 

сондай-ақ адам құқықтарының одан әрі бұзылуына алып 

келеді.

 Әдетте, зардап шеккен әйелдер мәжбүрлі жұбайлық өмірді 



зорлық  көру  сериясы  ретінде,  денсаулықтарын  қорғау  құқығының, 

тәндік және психикалық қол сұғылмаушылық құқықтарының бұзылуы 

ретінде бағалайды. Қоғамдық қауіпсіздік дегенде сондай-ақ, некенің 

күштеп қиылуы және ерте жастағы некелер білім алу, мамандыққа ие 

болу және лайықты еңбек ету, т.б. құқықтарын шектейді.

Сондықтан  да  мемлекет  және  қоғам  алдында  ерте  жастағы  және 

мәжбүрлі  түрде  некеге  отырғызудың  алдын  алу  және  сәйкесінше 

оларды ескерту бойынша нақты мүмкіндіктерді жасау және жақсарту 

жөніндегі міндеттер тұр. 

Тәуелсіз  зерттеулерге  сәйкес,  Қазақстан,  Орталық  Азия  мен  Кавказ 

өңірлері ерте жастағы және мәжбүрлі некелер проблемалары әлі де 

өзекті күйінде қалып отырған елдер тобына жатады. Бірақ та, қазірге 

дейін  бұл  мәселе  Қазақстанда  келеңсіз,  кері  әсер  ететін  әлеуметтік 

қауіпті  құбылыс  ретінде  қарастырылған  жоқ.  2014  жылы  ҚР  БҒМ 

Балалардың  құқығын  қорғау  Комитетінің  қолдауымен  Лига  жүргіз-

ген  талдаулар,  сондай-ақ  2012-2013  жж.  БҰҰ  ел  халқы  Қоры  мен 

«Сорос-Қазақстан» Қорының бағдарламалары аясында осы саладағы 

бұрынғы жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бұл проблеманың бар-

лық аспектілерін толығырақ айқындауға және айшықтауға мүмкіндік 

берді.


Ерте жастағы некелер жасырын құбылыс ретінде қалып отыр. 

Ауыл 


тұрғындарының  және  кейбір  қауымдар  арасында  қалып-

тасқан  әлеуметтік-мәдени  стереотиптер  оған  қолдау  біл-

діреді.

 Ал  кейбір  жерлерде  әлі  күнге  отбасында  әйелдердің  бағы-



ныштылығы және ата-аналардың еркіне сай қыздарының толық тәу-

елді болуына байланысты стереотиптер басымдылық танытып келеді. 

Мұндай аймақтарда ерте жастағы некелер шариғат заңдарына сәйкес 

келеді деген пікірлерге қолдау білдіріледі және көптеген бала жастағы 

некелерді тек имамдар ғана қиып отыр. 

Әйелдер  арасында  жүргізілген  сауалнамалар  көрсеткеніндей,  ерте 

жасында және некесі күштеп қиылғандар немесе қазір де сол некеде-

гілер олардың отбасылық өмірі әрдайым ата-аналарының еркі мен өз 

қалауларына сәйкес келе бермеген. Жеткіншек қыз балаларға мұны 

«қалыпты  жағдай,  біздің  отбасымызда  және  халқымызда  барлық 

әйелдер күйеуге осылай шығады» деп айтады. Қыз балаларға кейде 

олар  кәмелет  жасына  толмай-ақ  құда  түсе  береді.  Кәмелет  жасына 

толмаған  қыз  баламен  мұндай  неке  кейбір  этникалық  топтарда 

қалыпты  ғұрып  саналады,  «халқымызда  бұл  қалыптасқан  жағдай» 

ретінде қарастырылады.

Бала  кезінен  некеге  отырған  сауалнамаға  қатысқандардың  айтула-

рына  қарағанда,  олар  жұбайлық  өмірінде  көптеген  проблемаларға 

душар  болған.  Негізінен  бұл  күйеуі,  қайын  енесі,  күйеуінің  отба-

сындағы басқа да мүшелері тарапынан жақтырмау мен күш көрсету 

Сондықтан да, 

бірінші кезектегі 

міндеттерге білім 

беру жүйесіндегі 

мамандар үшін 

арнаулы әдісте-

мелік материал-

дар әзірлеу арқылы 

жеткіншектердің, 

тұрғындар мен 

отбасылардың 

ақпарат алу дең-

гейін арттыруға 

бағытталған білім 

беру бағдарламала-

рын жүзеге асыру 

жатады. 



жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау