116
белгілі бір ауқымда салыстыру; өзіне деген сенімділікті қалыптастыратын оң
қасиеттерін анықтау және тиімді пайдалану; өзінің қабілеттерін, мінез-құлқын
бағалауды қалыптастыру; олардың қателерін көру, кемшіліктерді анықтау,
оларды жүзеге асыру мәселелері қамтылды.
Өзін-өзі бағалау маңызды ақпарат көзі болып табылады, ол адамның өзін-
өзі ақпараттандыруына әсер етеді, өзін-өзі тәрбиелеуді және өзін-өзі жетілдіруді
ынталандырады. Басқаша айтқанда, адамның өзін-өзі бағалауы психологиялық
әдістер көмегімен педагогикалық әсердің сенімді құралдарының бірі және
басқарушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті қазіргі заманғы мұғалімнің
тәрбиесі болуы мүмкін.
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың
жоғарыда баяндалған әдістемесінің тиімділігінің динамикасы келесі параграфта
баяндалады.
2.3 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстың нәтижелері
Бүгінгі қоғам талаптарынан туындаған нарық сұранысы болашақ
педагогтардың басқарушылық құзыретілігінің жоғары болуын талап етеді.
Болашақ мұғалім өз пәнінің мазмұны мен мәнін шыңдай алумен қатар,
басқарушылық құзыреттілігі де айқын болуы тиіс. Сондықтан да, эксперимент
барысында біз зерттеудің ұсынылған болжамын практикалық түрде тексеру
мақсатымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде
тәжірибелік-эксперимент
жұмысын
жүргіздік.
Эксперимент
болашақ
педагогтардың теория және практика тұрғысынан басқарушылық құзыреттілігін
қалыптастыруға арналып жасалған құрылымдық-мазмұндық модельді
тәжірибелік-практикадан
өткізуге
бағытталды.
Теориялық
модель
компоненттерінің мазмұндық сипаты және оның тиімді қолданылуы
тәжірибеден өткізіліп, оның жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес, эксперимент
кезеңдері айқындау, қалыптастырушы және қорытындылау деп алынды.
Эксперимент университеттің «5В011000 – Физика», «5В011700 – Қазақ тілі
және әдебиеті» мамандықтарында жүргізілді. Экспериментке барлығы 126
студент қатысты. Соның ішінде бақылау тобында 65 адам және эксперимент
тобында 61 адам болды.
Айқындау
эксперименті
зерттеу
міндеттерінің
көкейкестілігінің
айқындалуымен; мақсатқа бағдарлануымен және болашақ педагогтардың
басқарушылық құзыреттілігінің құрамы (тұлғалық сапалары, кәсіби білімдері,
менеджерлік іскерліктері) нақтылануымен, осы бойынша олардың бастапқы
деңгейлерінің айқындалуымен, олардың деңгейін көтеру мақсатында аталған
қалыптастыруды жүзеге асырудың мазмұны, формалары, құралдары, әдістерінің
анықталуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, болашақ педагогтардың
басқарушылық құзыреттілігін қалыптасу деңгейін өлшеу белгіленген
көрсеткіштер (1.3 параграфында ол туралы кеңінен айтылған болатын) негізінде
жүргізілді.
Жоғары оқу орны бітірушісінің басқарушылық құзыреттілігінің
құрылымын анықтау мақсатында оқытушылардан, мектеп мұғалімдерінен және
117
студенттерден сауалнамалар мен сұрақ-жауаптар алынды. Сауалнама мен сұрақ-
жауаптар нәтижесінде оқытушылар мен студенттердің, тіпті олардың арасында
гуманитарлық сала студенттері мен жаратылыстану бағытындағы студенттердің
басқарушылық құзыреттілік туралы ойларының барлық сұрақтар бойынша
бірдей емес екендігі айқындалды. Оған мысал келтіре кететін болсақ болашақ
физика пәні мұғалімдері оқушыны дамытуды басқаруда жобалық іс-әрекеттің
ықпалы басым болады десе, болашақ қазақ тілі пәні мұғалімдері тәрбие іс-
шараларын ұйымдастырудың басымдылығын айтады, сондай-ақ физика
мамандығындағы студенттердің басым көпшілігі басқару іс-әрекетінде бірінші
кезекте оқушының зияткерлігін дамыту керек десе, қазақ тілі мамандығындағы
студенттер сөйлеуін, коммуникативтік қарым-қатынасын дамытуды қажет деп
тапты, физик студенттер басқарудың ғылыми тұрғыдан ұйымдастырылуына
аса мән берсе, қазақ тілі мамандығындағы студенттер шығармашылық
тұрғыдан басқарудың қажеттілігіне ден қойды. Сондай-ақ, оқытушылар
жауаптарында болашақ мұғалімдердің басқарушылық құзыреттілігінің
қалыптасуында мектеп практикасының басым ықпал ететіндігі айтылды.
Зерттеу барысында студенттердің сауалнама сұрақтарына берілген
жауаптары талқыланды. Талдау негізінде эксперимент барысында оқытушылар
мен студенттердің жауаптарында ұсынылған жобалық іс-әрекет пен тәрбие іс-
шаралары, жұмыстары мен шығармашылық істері де қамтып алуды жөн көрдік.
Сондай-ақ, олардың айқындау эксперименті кезеңінде сауалнамаға,
сұхбаттасуда берген жауаптары мен айтқан ойлары бізге диссертациялық
жұмыстың 1.3 параграфында берілген болашақ педагогтардың басқарушылық
құзыреттілігінің құрылымын жасауға және оларды үлкен үш топқа, іштей тоғыз
топшаларға бөліп қарастыруға себеп болды. Болашақ педагогтың
басқарушылық құзыреттілігінің тұлғалық сапа, педагогикалық және
менеджерлік білім, білік, дағдыларын ескере отырып, бір-біріне ұқсас, жақын
келетін сапаларды топтастыра отырып білім беру үдерісінің қатысушылары
болып табылатын, оқытушылар мен студенттерге ортақ өлшемдер мен
көрсеткіштерді белгіледік. Ал бұл болса, бізге басқарушылық құзыреттілікті
және оларды қалыптастыру әдістерін анықтауға септігін тигізді. Болашақ
педагогтың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін жоспарлау
мақсатқа жету үшін тиімді болып табылатын педагогикалық шарттарды
анықтау міндеттерін қамтиды.
Осыған байланысты тәжірибелік зерттеудебірқатар міндеттер анықталды:
- студенттердің педагог-менеджер тұлғасы туралы негізгі түсініктерін,
- жоғары оқу орны білім беру ортасындағы студенттің өмір сүру әртүрлі
ортасында басқарушылықтың көрініс табуына олардың қарым-қатынасын,
- басқарушылық туралы пікірлеріне іс-әрекеттің ықпалын,
- студенттер, оқытушылар кімді менеджер деп қабылдайтындығын,
- студенттердің
менеджерлік
іс-әрекеттерді
тиімдірек
зерттеп,
қалыптастыратынын белгілеу және т.б.
Сондай-ақ, сауалнамаға қатысушылардың басқарушылық құзыреттер
құрамының қай бөлігі (тұлғалық, педагогикалық, менеджерлік) басымдық
Достарыңызбен бөлісу: |