52
Н.Н.Хан зерттеуінде мұғалімнің педагогикалық үдерісте
ынтымақтастықты
жүзеге асыруға даярлығы мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің негізгі аспектісінің
сапалық сипаттамасы тұрғысынан анықталады. Бұл оқытылатын пәндердің
мазмұнының негізінде оқушылармен өзара байланыс кезінде оқу үдерісінде
туындайтын керағарлықтарды шешуге қажетті білім және дағдының
жиынтығынан көрініс табады [132].
Жоғарыда талданған анықтамаларды негізге ала отырып, А.Байкулова да
өзінің диссертациялық зерттеуінде ғалымдардың осы ұғымды қарастыру тәсілін
жинақтап көрсетеді: «даярлықты А.Н.Леонтьев
ұстанымдық бағыт тұрғысынан
қарастырса, В.А.Маляко
күрделі тұлғалық құрылым, ал К.К.Платонов
тұлғаның
қасиеті тұрғысынан сипаттайды. Н.Д.Хмель күрделі
құрылым деп,
В.А.Сластенин даярлық кәсіби және тұлғалық қасиеттердің
кешені десе,
В.Е.Волкова даярлықты
іске асырылатын сапа деп қарастырады» [133, б. 74].
Осы талдауларға сүйене отырып, біз өз зерттеуімізде
«даярлық» ұғымын
тұлғаның ұстанымдық іс-әрекетін жүзеге асыруға қажетті сапаларын белгілі бір
құрылым негізінде қалыптастыруға бағытталған үдеріс деп қарастырамыз. Олай
болатын болса, біз жоғарыда құзыреттілік ұғымының білім, білік, дағдылардың
жиынтығы тұрғысынан қарастырылғанын талдап өтіп, 1.1 параграфында
«басқарушылық құзыреттілік басқару шешімдерін қабылдауды қамтамасыз
ететін тұлғалық
сапалар мен білім, білік, дағдылардың кіріктірілген жиынтығы»
деген анықтамамыздың дұрыстығына тағы бір көз жеткіздік. Осы тұжырымымыз
негізінде енді болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігіне қандай
сапалар, білімдер, біліктер мен дағдылар кіретінін анықтайық.
Осы тұрғыдан бірқатар ғылыми зерттеулердегі педагогтың кәсіби
құзыреттілігінің құрамы негізделген ой-пікірлерге мән беріп көрейік. Мәселен,
біз Е.Л.Пупышева ұсынған педагогтың кәсіби құзыреттілігі құрылымын толық
қолдаймыз (кесте 7) [134]:
Кесте 7 - Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің құрылымы
Құрамы
Теориялық
Практикалық
Тұлғалық
Білім
Білік. Дағдылар
Кәсіби маңызды жеке қасиеттер
Жеке гуманистік
бағдар
Пәндік салаға бағдар
Педагогикалықойлау
Педагогтың жүйелі
қабылдауы
Педагогикалық
технологияларды
меңгеру
Педагогикалық рефлексия
Әлемдік өркениет
деңгейінде қол
жеткізілген
жетістіктермен өз қызметін
байланыстыру қабілеті
Педагогикалық такт
Педагогикалықмақсаттылық
Педагогикалық бағыт
53
Н.Н.Лобанованың зерттеуінде кәсіби құзыреттілік өзара әрекеттесетін және
өзара байланысқан субъектілердің бірлігі ретінде әрекет етеді және мұғалімнің
жеке басының жүйелік сипаты түрінде көрінеді, автор кәсіби-білім беру, кәсіби-
белсенділік (практикалық), кәсіби-тұлғалық компоненттеріне бөледі [135]. Бұл
көзқарасты А.Л.Бусыгина қолдайды, ол ЖОО оқытушыларының кәсіби
құзыреттілігін зерттеу арқылы, оны педагогтың жеке басының жүйелік
сипаттамасы ретінде түсінеді. «ЖОО оқытушыларының кәсіби құзыреттілігі, –
деп жазады А.Л.Бусыгинаоның ғылыми-педагогикалық қызметінің бірлігі
тұрғысынан қаралады, оның жеке басының мақсатты қасиеті ретінде пайда
болады, олардың құрылымдық компоненттері: кәсіби-білім беру, кәсіптік-
белсенділік және кәсіби-тұлғалық компоненттер» [136, с. 47].
Ал, В.А.Адольф мұғалімнің құзыреттілігін функционалдық құзыреттілікті
қалыптастыратын пәндік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік
ретінде бөледі [137].
Т.Е.Исаевада оқытушының кәсіби-тұлғалық құзыреттілігінің мазмұны
толық және дәлелді түрде ашылады:
1) бейімдеу және
өркениеттік құзыреттілік;
2) әлеуметтік-ұйымдастырушылық
құзыреттілік;
3) кәсіби (пәндік/әдістемелік) құзыреттілік – оқытушы ұстанған
педагогикалық жүйеге сәйкес оқытылатын және таңдап алынған пәннің
ерекшеліктеріне байланысты білім, дағды, оқыту әдісі, кәсіби және
корпоративтік
тәжірибені тарату жолдары;
4)
коммуникативтік;
5) құндылық-мағыналық – кез келген жағдайда адамға «өзін» сақтауды
қамтамасыз етеді [138, 139].
Бұл құзыреттіліктер тізімін Н.В.Кузьмина кеңейте түседі, жоғарыдағы ол
келесі құзыреттіліктерді қосады:
1)
оқытылатын пәндер саласындағы арнайы құзыреттілік;
2)
студенттердің білімдерін, қабілеттерін және дағдыларын қалыптастыру
саласындағы әдістемелік құзыреттілік;
3)
білім беру саласындағы психологиялық-педагогикалық құзыреттілік;
4)
мотивтер,
шеберліктер,
оқушыларды
бағдарлау
саласындағы
дифференциалды-психологиялық құзыреттілік;
5)
педагогикалық қызметті рефлексиялау немесе аутопсихологиялық
құзыреттілік [140].
Сондай-ақ, біз болашақ мұғалімдердің лидерлік сапаларын зерттеген
Б.Баймұханбетовтың мұғалім-лидер тұлғасы құрылымындағы сапаларды негізге
аламыз. Ол мұғалімнің лидерлік сапасы құрылымындағы тұлғалық ізгілікті
тобына адами қасиеттер, мінез-құлықтар жатқызады, кәсіби-дидактикалық
тобына интеллектуалдық білім, дидактикалық біліктер, коммуникативтік
іскерліктерді топтастырса, лидерлік тобында көшбасшылық қабілеттерді,
харизматикалық қасиеттерді, ұйымдастырушылық дағдыларды жинақтап
көрсетеді [141].