70
- күрделі жағдайларда менеджер функциясын өзіне
алу тілегінің болуы;
- басқарушылық құзыреттілігін жеке жетілдіруі.
2. Когнитивтік өлшем – Педагог-менеджер, басқарушылық бойынша
танымдық білімінің тереңдігі.
Көрсеткіштері:
- басқарушылық құзыреттілік саласынан теориялық-әдіснамалық, арнайы
кәісби білімінің болуы; басшы, лидер ұғымдарының ұқсастықтары мен
айырмашылығын білуі;
- басқарушылық құзыреттілігінің құрылымы
мен мазмұнын меңгеруі;
- педагог-менеджердің атқаратын қызметін, рөлін игеруі;
- басқарушылық құндылықтарды (эмпатия, рефлексия, толеранттылық,
шеберлік және т.б.) мән-мағынасын жете түсінуі және т.б.
3.
Іс-әрекеттік өлшем – Басқарушылық құзыреттілігін таныта алуы.
Көрсеткіштері:
- топқа
ықпал ете алуы, топты
соңынан ерте алуы;
- топтық іс-шараларда басқарушылық құзыреттілігін таныта алуы;
- сыни жағдаяттарда
өздігінен шешім қабылдай алуы;
- өзіне
жауапкершілік алып, проблемаларды өздігінен шеше алуы;
- жаңа идеяларды ойлап табуы.
4.Бағалаушылық-нәтижелік өлшем–өзінің басқару іс-әрекеттерін жете
түсінуі мен өздігінен бағалауы, субъектілермен өзара әреккеттестіккке түсе
алуы.
Көрсеткіштері:
- рефлекцияға, сынға, өзін-өзі сынауға (сыни ойлауы, сыни тұжырымдар
жасай білуі)
қабілеттілігі;
- өзінің басқару іс-әрекеттерін өздігінен талдауы;
- сыни жағдаяттарды талдай білуі, бағалай алуы;
- білім беру субъектілерімен өзара әрекеттестікке түсе алуы;
- өзінің стратегиялық қырағылығын көрсете білуі.
Осы проблеманы зерттеудің теориялық және практикалық нәтижелерін
қорытындылау болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін
қалыптастырудың үш деңгейін (жоғары, орта және төмен) көрсетуге мүмкіндік
берді:
1. Төмен деңгей
Басқарушылыққа, құндылықтарға қызығушылығы жоқ. Педагог-менеджер
болуға ұмтылысы байқалмайды. Оны қажет етпейді. Басқарушылық
құзыреттілігі саласынан білімі төмен. Оның құрылымын, мазмұнын білмейді.
Педагог-менеджердің құндылықтарын (эмпатия, рефлексия, толеранттылық,
шеберлікжәне т.б.) білмейді. Топтық іс-шараларда, сыни жағдаяттарда
басқарушылық таныта алмайды. Өздігінен шешім қабылдай алмайды. Өзінің
басқарушылық іс-әрекеттерін, амал-тәсілдерін талдауға ұмтылмайды, өздігінен
бағалай алмайды. Басқару іс-әрекетінде білім беру субъектілерімен
өзараәрекеттестікке түсе алмайды.
2. Орта деңгей
71
Басқарушылыққа қызығушылығы бар болғанымен, құндылықтарға мән
бермейді. Педагог-менеджер болуға талпынады, бірақ оның маңызын,
әлеуметтік мәнін түсінуі жеткіліксіз. Басқарушылық құзыреттілік түрлерін,
құрылымын, мазмұнын біледі. Педагог-менеджердің атқаратын қызметінен
хабары бар. Педагог-менеджердің құндылықтарын (эмпатия, рефлексия,
толеранттылық, шеберлік және т.б.) біледі. Бар түсініктерін күнделікті іс-
әрекетте көрсете алмайды. Осы саладан практикалық іскерліктерді айтарлықтай
біледі, бірақ тұрақты көрсете алмайды. Өзіне сенімділігі аз, сол себепті сыныпқа,
оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жақсартуға ықпал ете алмайды. Өздігінен шешім
қабылдауға талпынады. Топта басқарушылық танытады. Топтық іс-әрекеттерде
ішінара жекелік таныта алады. Өзінің басқарушылық іс-әрекеттерін, амал-
тәсілдерін ішінара түсінеді. Бірақ оларды талдау, бағалау барысында өзгелердің
көмегіне сүйенеді.
3. Жоғары деңгей
Басқарушылыққа, құндылықтарға қызығушылығы айқын байқалады. Оның
қоғам сұранысынан, әлеуметтік
тапсырыстан туындап отырғанын, мұғалім үшін
мәнділігін толық түсінеді. Осы салада тұрақты қызығушылығын, білімдерін
таныта алады. Басқарушылық құзыреттілігі саласынан білімі жеткілікті.
Басқарушылық құрылымын, мазмұнын, құндылықтарын жақсы меңгерген.
Педагог-менеджердің атқаратын рөлін, қызметін толық біледі. Оларды
практикалық, өмірлік іс-әрекеттерінде көрсетуге ұмтылады. Топтық іс-
шараларда басқарушылығы анық көрінеді. Өзіне сенімді. Проблемаларды
өздігінен шеше алады. Топқа ықпал ете алады, оларды соңынан ерте алады. Сыни
жағдаяттарда басқарушылығын батыл, ерік-жігерімен танытады. Жаңа идеялар
ойлап таба алады. Өзінің басқарушылық іс-әрекеттерін жете түсінеді. Сыни
жағдаяттарда басқарушылық амал-тәсілдерді қолданады. Оларды өздігінен
талдайды
және
бағалайды.
Басқару
іс-әрекетінде
субъектілермен
өзараәрекеттестікті анық көрсетеді. Өзінің ізгілікті бағытын, стратегиялық
қырағылығын көрсете біледі.
Ал енді, модельдің төртінші бөлігі ол –
ұйымдастырушылық. Мұнда
педагогикалық
іс-әрекеттегі
студенттердің
басқару
құзыреттілігін
қалыптастыруда оны жүзеге асырудың
педагогикалық шарттарының маңызды
екендігі көрсетіледі. Бұдан басқа, аталған қалыптастыруды ұйымдастыру
кезеңдерін, мазмұндық блокты даярлау жұмыстарын, эксперимент субъектілерін
анықтауды қамтиды.
Педагогикалық университеттегі студенттердің басқару құзыреттілігін
қалыптастыру үдерісі белгілі бір
педагогикалық шарттарды ұстанғанда
ғанатиімді болуы мүмкін.
Философиялық энциклопедиялық сөздікте анықталғандай, «шарт - бұл
басқа нәрсе (шартты түрде) маңызды, объектілер кешенінің маңызды
компоненті, оның қатысуымен бұл құбылыстың орындалуы міндетті» [161, с.
67].
Бұл шарттарды түсіндіру зерттеу объектісінің себеп-салдарлық
жағдайларынан талап етіледі.