Әож 378. 091. 3: 37 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,32 Mb.
Pdf просмотр
бет19/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,32 Mb.
#25657
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66

43
 
 
Лидерлер  –  адамның  және  оның  әрекеттерінің  үнемі  жоғары  сатыға 
көтерілуі  үшін  жағдай  жасайды  және  олар  өз  қызметкерлерінің  жетістікке 
жеткен жұмысын мойындап марапаттайды. 
Лидерлер – өзіне пікірлес, сыбайластар іздейді. Басшылардың, лидерлердің 
жеке қасиеттеріне байланысты  тұжырымдар қалыптасқан: 
1.  Харизматикалық  (харизма  -  грек  тілінен  charisma-  қабілет,  талап  деген 
мағына береді) – өзіне баурап алатындай қасиеттерінің болуы. 
2.  Айрықшалық  -  жоғары  зияттылық;  жан-жақты  білімділік;  өз-өзіне 
сенімділік; бастамашылық сияқты қасиеттердің жинақталуы. 
Е.Кричевскийдің  құндылықтар  алмасу  теориясы  бойынша,  топтың 
құндылықтарын толық іске асыра алатын адамдар ғана лидер бола алатындығын 
айтады [92]. 
Б.Д.Парыгин 
«лидер» 
және 
«басшы» 
ұғымдары 
мазмұнының 
айырмашылықтарын  айқын  көрсеткен.  Лидер  жеке  адамдар  арасындағы 
қатынастарды  реттесе,  ал  басшы  әлеуметтік  ұйымдардағы  топтардың  ресми 
қатынастарын  реттейді.  Лидерлік  –  микроортаның,  ал  жетекші  макроортаның 
элементі. Лидерлік құбылыстың тұрақтылығы төмен, себебі оның тұрақтылығы 
топтың  көңіл-күйіне  байланысты,  ал  жетекшілік  –  едәуір  тұрақты  құбылыс. 
Қоластындағыларды  басқаруда  жетекшіде  лидерге  қарағанда  әртүрлі 
мүмкіндіктер  жүйесі  бар,  ал  лидерде  ондай  мүмкіндік  жоқ.  Басшының  шешім 
қабылдауы  анағұрлым  күрделі  және  топқа  қатысты болуы  міндетті  емес  түрлі 
жағдайлардан  талап  етілуі  мүмкін,  ал  лидер  барынша  топқа  тікелей  қатысты 
шешімдерді қабылдайды [93]. 
Осылайша,лидер 
мен 
басшы 
арасындағы 
ұқсастықтар 
мен 
айырмашылықтарды  саралау  негізінде  біз  мұғалімнің  басқару  іс-әрекетінде 
оның лидерлік сапалары болуы тиіс деп санаймыз.  
Сол  себепті  зерттеу  барысында  лидерліктің  негізгі  теорияларына  да 
тоқталып кеткенді жөн көрдік:  
1)Тұлғалық  сипаттамалар  теориясы.  Бұл  теория  ағылшын  психологі  және 
антропологі  Ф.Гальтонның  әсерінен  өріс  алды.  Ол  лидерлік  табиғатындағы 
тұқымқуалаушылықидеясын  ұсынды,  яғни  лидер  болудың  адамның  негізгі 
генотипінебайланыстылығына мән берді [94]. 
2) Жағдайлық-тұлғалық теориялар. Мұнда тұлғаның жағдайға байланысты  
лидер болып шығуы негізделеді.  Нақты жағдайларға тиімді қасиеттері бар адам 
ғана    сол  жағдайда  лидер  бола  алады  (мәселен,  өнер,  спорт  жағдайында  және 
т.б.). Бұл лидерлік теориялар нұсқасын 1952 жылы Г.Герт және С.Милз ұсынған 
[95].  
Олар  лидерлік  феноменін  қарастырғанда  төмендегі  5  факторды  ескеру 
қажеттігін көрсетеді: лидердің адам ретіндегі сипаттамалары; оның мотивтері; 
лидердің  әлеуметтік  рөл  ретіндегі  тұлғалық  сипаттамалары;  интуициялық 
контекст; лидер және мотивтер бейнелері. 
3)  Күтілетін  өзара  әсер  теориясы.  Бұл  теорияны  көптеген  американдық 
зерттеушілер  қарастырды  (Дж.  Хоманс,  Р.Стогдим,  Фидлер,  Эванс).  Фидлер 
лидерліктің мүмкін болатын екі стилін қарастырды: міндетке бағытталушылық 


44
 
 
(құралдық  лидерлік);  тұлғааралық  қатынастарға  бағыттылық  (эмоцияналдық 
лидерлік)  [96]. 
4) Гуманистік бағыт теориясы. Бұл тұжырымдама бойынша тұлға ізгілікті 
негізде барлық ұйымды басқара алады. 
5)  Мотивациялық  теория.  С.Митчел,  С.Эванс  зерттеулері  бойынша, 
лидердің  тиімділігі  оның  артынан  ерушілердің  мотивациясына  әсер  етуіне 
байланысты.  Олар  лидерлік  мінез-құлықтың  типтерін  ұсынады:  қолдаушы 
лидерлік; директивті лидерлік; табысқа бағытталған лидерлік және т.б. [97]. 
6)  Лидерліктің  синтездік  теориялары.  Лидерлік  –  топтағы  тұлғааралық 
қатынас орнату үдерісі. Лидер  – осы үдерісті басқаратын субъект. Лидерлікті 
зерттеу үшін топ мақсаты мен міндеттерін және лидердің жеке ерекшеліктерін 
білу,  топтың  өмір  сүру  ұзақтығын  да  ескеру  керек.  Лидердің  топтың  басқа 
мүшелерінен  айырмашылығы  –  оның  белгілі  ерекшеліктерінің  бар  болуында 
емес, оның күшті әсер ете алу қабілетінде. 
7) Лидерліктің функционалды теориясыбойынша, лидер болу үшін адамның 
бойында белгілі жағдайларға қажет қасиеттің басым болуы керек, бірақ нақты 
жағдайда  лидердің  рөлін  жақсы  орындаған  адам  басқа  жағдаяттарда  лидерлік 
позиция  алуға  мүмкіндігі  болады.  Сөйтіп,  жан-жақты  лидерлік  қасиеттер  де 
болады. Сол арқылы лидерлік харизма қалыптасады. Харизматикалық лидерге 
үнемі болатын жеңістер тән және жеңілістің өзі жетістік ретінде талқыланады. 
Лидерлік – бұл жеке адамдар немесе бір топтағы адамдарға әсер ету және оларды 
белгілі бір мақсатқа жету үшін жұмыс үдерісін басқара алу қабілеті[98]. 
Көрсетілген  лидерлік  теорияларды  талдау  бізге  болашақ  мұғалімнің 
басқарушылық  құзыреттілігінің  құрамында  лидерліктің  болу  қажеттілігін 
негіздей  түседі.  Осы  ойлар  отандық  педагогика  ғылымы  саласындағы 
зерттеулерде  де  көрініс  тапқан.  Соның  ішінде  ғалым  Ұ.М.Әбдіғапбарова, 
Б.Б.Баймұханбетов, Б.А.Байкуловалардың еңбектерінде лидерлік пен басшылық 
арасындағы  ұқсастықтар  мен  айырмашылықтар  салыстырылып  көрсетілген. 
Олар  басшының  билік  тұрғысынан,  әкімшілік  тарапынан  тағайындалғанымен, 
оның  бойында лидерлік сапалардың болуы қажеттігін көрсетеді [99]. 
Сондай-ақ,  оқушы  лидер  мен  мұғалім  лидердің  қалыптасу  үдерісін 
теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздей отырып, мұғалім лидерді оқушыларға 
үлгі-өнеге болатын,  оларға  мәнді ықпал  ететін,  мектептің  ғана  емес  қоғамның 
дамуында  ізгі  жаңа  өзгерістер  жасай  алатын  адами  қасиеттері,  игі  мінез 
құлықтары,  интеллектуалдық  біліктері,  дидактикалық,  коммуникативтік, 
ұйымдастырушылық дағдылары, көшбасшылық қабілеттері жан-жақты дамыған 
маман тұрғысынан  сипаттайды [100]. 
Болашақ  педагогтың    басқарушылық  стилін  анықтауда  біз  ғылымда 
дәлелденген  басқару  стилі  теориясына  жүгінеміз.  Белгілі  неміс-американ 
психологі  К.Левин  тұлғаның  дамуы  теориясын  жасауда  басқару  стилі 
тұжырымдамасының  негізінқалады.  Ол  эксперименттік  зерттеу  нәтижесінде 
басқарудың 3 негізгі стилін анықтады: авторитарлық (өктемдік); демократиялық; 
либералдық, немқұрайлық(бетімен жіберушілік) [100, с. 205].  


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау