Әож 378. 091. 3: 37 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,32 Mb.
Pdf просмотр
бет20/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,32 Mb.
#25657
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66

45
 
 
Авторитарлық  стиль  –іскерлік,  қысқа  бұйрықтар.  Топтағы істералдын-ала 
жоспарланады. Кешірімсіз, қауіппен айтылатын тыйымдар орын алады.Тікелей 
мақсаттар  ғана  анықталады,  алыс  мақсаттар  белгісіз  болады.  Айқын  тіл,жылы 
шырайсыз  үн.  Басқарушының  дауысы  –  шешуші,  маңызды.  Мақтаулар  мен 
жазалаулар  субъективті.  Эмоциялар  есепке  алынбайды.  Лидердің  топтан  тыс 
өзіндік ұстанымдық бағыты бар.  
Демократиялық  стильдеұсыныстар  сөйлемдер  ретінде  болады.  Шаралар 
алдын  ала  жоспарланбайды.  Достық  үн,  көңілді  тіл.  Белгілі  бір  ұсыныстарды 
жүзеге  асыруға  барлығы  жауапты.  Мақтау  мен  бетке  айту  –  кеңес  беру. 
Жұмыстың барлық бөлімдері алдын ала талқыланады. Лидер топтың  бағытын 
ұстанады. 
Немқұрайлық стиль -  конвенционалды. Топтағы істер өз бетінше жүреді. 
Мақтау  мен  бетке  айту  орын  алмайды.  Басшы  нұсқаулар  бермейді.  Ешқандай 
ынтымақтастық  жоқ.  Жұмыстың  бөлімдері  жекеленген  қызығушылықтардан 
құралады.  Басшының  ұстанымдық  бағыты  көрінбейді.  Бір  стильді  екіншісінен 
ажыратып  тұратын  негізгі  белгі  басшының  шешім  қабылдау  тәсілі  болып 
табылады. 
Басқару  стилін  талдау  және  басшы  мен  лидер  арасындағы  ұқсастық,  
айырмашылықты  зерттеу  нәтижесі  бізге,  педагогтың  басқару  стилі 
демократиялық болуы тиістігін көрсетті.   
Сондай-ақ,    біз    зерттеу  барысында  болашақ  педагогтың    басқарушылық 
бағытын  айқындауда  басқарудың  ізгілікті  бағыт  теориясына  сүйенеміз. 
Ғылымда аталған теорияның бастауы, яғни гуманистік, ізгілікті басқару туралы 
ойлар ежелгі философтардың (Сократ, Аристотель, Платон және т.б.) мен түркі 
ғұлама ойшылдарының (Әл-Фараби,  Ж.Баласағұни, А.Иассауи, А.Иүгінеки және 
т.б.) 
еңбектерінде 
көрініс 
тапқанын 
1.1 
параграфта 
айтып 
өткендей,олареңбектерінде  мемлекет  басқарудағы  тұлғаның  адамгершілік 
рөліне  терең  мән  беріп,  ізгілікті  басқару  қағидалары  мен  ережелерін 
жасағандығы 
туралы 
С.А.Ұзақбаева, 
Ә.Көбесов, 
Қ.Б.Жарықбаев, 
Ә.Н.Көшербаева,  Ұ.М.Әбдіғапбарова    және  т.б.  ғалымдар  зерттеулерінде  жан-
жақты талданып берілген [101-105].  
ХІХ ғасырдың бас кезеңінде мектепті басқарудағы ізгілікті бағыт теориясы 
классик  педагогтар  В.Сухомлинский,  М.Макаренко,  К.Ушинский,  Н.Крупская  
және  т.б.  еңбектерінде  тереңдетіліп,  күні  бүгінге  дейін  психолог,  педагог 
ғалымдар  зерттеулерінен  түспей  келеді.  Отандық  ғалымдар  А.А.Бейсенбаева, 
С.Қ.Қалиев,  Л.К.Керімов,  Н.Д.Хмель  және  т.б.  еңбектерінде  білім  беру 
саласындағы  гуманизм,  адамгершілік  тәрбие  беру  мәселелері  жетілдірілген 
болса,  А.Жайтапова,  Ә.Көшербаева,  Ұ.Әбдіғапбарова,  З.Садуақасова  және  т.б. 
ғалымдар  зерттеулерінде  білім  беру  саласындағы  гуманды  басқару,  лидерлік 
харизма,  басқарудағы  адамгершілік  қарым-қатынас  мәселесі  терең  талданған 
[106-117].  
Басқарудағы  ізгілікті  бағыт біздің  зерттеуіміз  үшін  аса  маңызды.  Өйткені 
болашақ педагогтың  басқару іс-әрекетінде адами тұлғалық сапаларының болуы 
міндетті. Сонда ғана ол жас ұрпақты қоғамның дамуына қызмет етуге, қоғамды 


46
 
 
ізгілендіруге  жетелей  алады.  Сол  себепті  де  біз  ұсынатын  педагогтың  
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруда  басқарудағы ізгілікті бағытты 
ұстанамыз.  Осыған  сәйкес  басқарушылық  құзыреттіліктің  негізгі  құрамын 
ізгілікті  тұлғалық  сапалар  құрайды  (бұл  туралы  осы  параграфта  болашақ 
педагогтың  басқарушылық құзыреттілігін құрайтын негізгі сапаларды анықтау 
барысында толығырақ баяндалады). 
Сонымен  қатар,  болашақ  мұғалімнің  басқарушылық  құзыреттілігінің 
құрамын  анықтау  барысында  басқару  функцияларына  да  талдау  жасалды.  Ол 
үшін  мұғалім  қызметінің  барлық  құрамдарын  (мақсаттарын,  қағидаттарын, 
мазмұнын,  технологияларын  және  т.б.)  қамтитын  ғылыми-теориялық, 
операциялық-технологиялық және әлеуметтік-психологиялық  сипаттамаларын 
қарастырдық. 
Басқару қызметінің операциялық-технологиялық сипаттамалары оқу үрдісін 
мақсатты белгілеу, оқыту мақсаттарына жету үшін нақты тапсырмалар қою, осы 
тапсырмаларды  басымдыққа  көшіру  және  үйлестіруге  барабар  бағдарлауды 
көздейді.  Басқару  функциялары  белгілі  бір  ережелерге  және  белгілі  бір 
рәсімдердің негізінде жүйелі түрде жүзеге асырылады. Оқытушының ұжымдық 
қызметтегі  мақсаттарының  дербестігі,  олардың  сипаттамалары,  жетістіктерін 
бақылау,  мақсаттардың  мүмкіндіктері  мен  дағдыларын  салыстыру,  білім 
алушылардың  мүмкіндіктері  «кәсібилік  дәрежесін  сипаттайтын  кіріктірушілік 
қабілет»  болып  табылатын  «жедел  және  технологиялық  құзыреттілік» 
тұжырымдамасына енгізілген [118, с. 11; 119, с. 24].  
Мұғалімдердің  алдына  қойылған  мақсаттарда  әрекет  ету  және  жаңа 
мақсаттарды  қою  қабілеті  олардың  кәсіби  дамуының  жоғары  деңгейін, 
практикалық  дайындығын  білдіреді,  ол  кәсіби  дағдылар  мен  басқару 
дағдыларының қажетті деңгейде болуын талап етеді. 
Мектеп  мұғалімінің  басқару  қызметінің  ғылыми-теориялық  сипаттамасы 
оның  ғылыми-теориялық  дайындығын,  оның  ішінде  психологиялық, 
педагогикалық  және  арнайы  білімдерді  меңгеруін,  когнитивтік  қабілеттерін 
дамытуды ұйымдастыруды қамтиды [120].  
М.И.Марьин  басқару  қызметінің  теориялық  мазмұнын  білім  беру  ұйымы 
жұмыстарының талаптарына сәйкес іске асырылуы мүмкін білімдерді тұрақты 
қалыптастыруды,  сондай-ақ  педагог-менеджердің  практикалық  міндетін  шешу 
үшін білім қорын жүйелі пайдалану дағдысын меңгеруі екенін түсіндіреді [118, 
с. 8].  
Тиімді  басқару  әрекеті  интеллект  арқылы  қалыптасқан  рефлексиялық 
деңгейдің  болуымен,  оның  барлық  ойлау  үдерістеріне  және  басқарушылық 
әрекеттерге қатысуымен байланысты болады. Басқаша айтқанда, мұғалім өзінің 
танымдық ресурстарын басқаруы керек. Ғылыми-теориялық компонент басқару 
қызметінің  функцияларын  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  білім  шеңберін 
сипаттайды. 
Мұғалімнің  басқару  қызметінің  әлеуметтік-психологиялық  аспектісі 
«тұлғааралық  қарым-қатынас  пен  өзара  іс-қимыл  саласындағы  жеткілікті, 
жанжалды жағдайларды болдырмау қабілетін, көшбасшылық стилінің икемділігі 


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау