155
10-ТАРАУ
ЭЛЕКТРОНДЫ АППАРАТТАР
ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢ ПРИНЦИПІ
10.1. Жалпы мәліметтер
ХХ ғасырдың ең маңызды өнер табысы жартылай өткізгіш аспаптар
болып табылады, ол аппарат құрылысына революция жасап, адамзатқа
өрлеу жолында үлкен қадам жасауға тамаша мүмкіндік болды. Жар-
тылай өткізгіш құралдарды пайдалану аппараттардың мүмкіндіктерін
кеңейтті:
олардың беріктілігін арттырды, басқаруға энергия шығы-
нын азайтты, пайдалану уақыты бойынша шектеуді жойды,
жиіліктік
қасиеттерін арттырды жəне т.б. Жартылай өткізгіш құралдары көме-
гімен берілген алгоритмде жəне пайдалану мерзімін шектеусіз етіп,
кез-келген электронды аппаратты жасауға болады. Электрондық аппа-
раттардың іске қосылу мезетін жəне қадамын дəл бекіту механикалық,
электрлік, гидро- немесе пневможетегі бар электрлік аппараттармен са-
лыстырғанда əлдеқайда жоғары. Егер электрлік аппараттарда уақыт өте
келе физикалық қасиеттерінің өзгеруі жəне
құрылым элементтерінің
тозуы салдарынан жүктемелерінің өзгеруі байқалатын болса, электрон-
дық аппараттарды барлық қызмет ету уақытында жүктемелер өзгеріссіз
сақталады. Электрлік аппараттар құжаттарында өндіруші зауыт ауы-
стырып қосудың кепілдік санын көрсетеді,
одан асып кетсе, аппарат
істен шығады. Электрондық аппараттарда мұндай параметр жоқ. Элек-
трондық аппараттарда байланыс жұбының (түйіспелі жұптар) болмауы-
ның, электрлік құрылғылардың қызмет ету мерзімі мен сенімділігін ай-
тарлықтай қысқартатын ұшқын шашырауының жəне электрлік доғаның
пайда болуының алдын алады.
Электрондық аппараттар қолданылмайтын ғылым мен техниканың
саласы жоқ. Олар тұрмыста да өте кең қолданысқа ие. Электронды
аппараттар бөлек дискреттік жартылай өткізгіш
элементтер негізінде
орындалады, сонымен қатар оларды жасауда аналогты жəне цифрлық
интегралдық микросхемалар пайдаланылады. Электронды аппарат-
тардың салыстырмалы түрде жоғары құны оларды пайдалануға жəне
оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың едəуір азаюымен
өтеледі. Оның үстіне технологиялық процесстердің дамуы жəне шыға-
рылу көлемінің артуы нəтижесінде электронды
құрылғылардың бағасы
үнемі төмендеп отырады.
Электронды аппараттардың кемшілігіне олардың қымбат бағасынан
156
n
10.1-сурет. Электрондық аппараттың құрылымдық схемасы
бөлек коммутацияланатын қуатының шектеулілігін жатқызуға болады,
қосымша ток көзінің қажеттілігі жəне радиациялық сəулелену ықпалы-
ның кезінде істен шығуы қажет болады.
Электронды аппараттың құрылымдық схемасы 10.1-суретте кел-
тірілген. Электрондық аппараттың арналуына байланысты оның
құрылымдық схемасында қандай да бір блок болмауы мүмкін. Мысалы,
тұрақты ток тізбегіне арналған кернеу электрондық реледе түрлендір-
гіш мен қуат блогы болмайды.
Электронды аппараттардың элементтік базасы ретінде резисторлар,
конденсаторлар, индуктивтілік орауышы, трансформа¬торлар,
жарты-
лай өткізгіш диодтар, əртүрлі типтегі биполярлық жəне өрістік тран-
зисто¬рлар, тиристорлар, симисторлар жəне т.б. қолданылады. Көп
жағдайда тізілген элементтер электронды
аппараттарда кең диапазон-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: