Электр аппараттары «Федералдық білім беруді дамыту институты»



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет74/116
Дата18.09.2023
өлшемі8,21 Mb.
#43447
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   116
8 Девочкин Электр аппараттары. Оқулық

9.3.
 
Айнымалы ток түйіспелері
Айнымалы ток түйіспелері 100 ден 630 А дейінгі токтарға шығары- 
лады. Негізгі түйіспелер саны бірден беске дейін өзгереді. Бұл жалпы 
барлық аппараттың құрылымында көрсетіледі. Үш полюсті түйіспелер 
кеңінен таралған. Түйіспелер санының көп болуы аппаратты қосу үшін 
қажетті мезеттің жəне күшеюдің ұлғаюына əкеледі.
9.3-суретте, а магнитті жүйе бойынша КТ-6000 сериялы түйіспе- 
лердің қимасы, ал 9.3-суретте, 
б 
— бір полюстің түйіспелі жəне доға 
сөндіргіш жүйелері бойынша орналасқан. Қозғалмалы түйіспе 

серіп- 
пемен 

түйістіргіш білігімен байланысты оқшаулаушы тұтқышта 

орналасқан. Айнымалы токты барынша жеңіл сөндіру салдарынан түй- 
іспелер ерітіндісі кішігірім болуы мүмкін.
Ерітіндіні азайту айналу осіне түйіспен жақындату мүмкіндігін бе- 
реді.
Айналу осіне дейін түйіспелердің жанасу нүктесінен қашықтықты 
азайту түйістіргішті қосу үшін қажет электрмагнит күшін төмендетуге 
мүмкіндік береді, ол өз кезегінде габариттік өлшемдерді жəне түйістір- 
гіш тұтынатын қуаттылықты азайту мүмкіндігін береді.
Қозғалмалы түйіспе 

жəне электрмагнит якорі 

түйістіргіш білігі 
арқылы өзара байланысты. Тұрақты ток түйіспелеріне қарағанда КТ- 
6000 сериялы түйістіргіштегі қозғалмалы түйіспе аунамайды. Аппарат 
серіппенің əсерімен жəне қозғалмалы бөліктердің ауырлық күшінен 
ағытылады.
Пайдалану қолайлылығы үшін қозғалмалы жəне қозғалмайтын түй- 
іспелер жеңіл өзгеретін болып жасалған. Түйіспелі серіппе 
5
, тұрақты


147
9.3-сурет. КТ-6000 сериялы айнымалы ток түйістіргіші:
а 
— магнитті жүйе бойынша қима; 
б 
— түйіспелі жəне доға сөндіргіш жүйелері 
бойынша қима: 

— якорь; 

— рейка; 

— доға сөндіргіш орам; 

— қозғалмалы 
түйіспе; 5-серіппе; 6 - тұтқыш 

— пружина; 

— рычаг
ток түйіспелеріндегідей алдын ала тартуға ие, оның күші соңғы тар- 
тылу күшінің жартысын құрайды.
КТ-6000 сериялы түйіспелердің магнитті жəне түйіспелі жүйелері 
оқшаулаушы рейкада 

бекітілген, рейка құрылымдарды басқарудың ке- 
шенді станцияларындағы түйістіргішті пайдалануға мүмкіндік береді.
Әр полюске екі ажырауы бар көпіршелі түйіспелі жүйе кеңінен 
таралды. Бұндай құрылым қосқыштарда таралды. Оның үлкен ар- 
тықшылығы икемді байланыстың, доғаның тез сөнуі болып табылады.
Айнымалы ток түйіспелерінде тік жүрісті түйіспелі жүйе, сондай-ақ 
якордың айналу жүйесі қолданылады. Бірінші жағдайда якорь ілгеріле- 
мелі қозғалады.
Қозғалмалы түйіспелер якорьмен байланысты жəне олар сияқты 
жолды жасайды. Якорьге түйіспелі серіппелерді беруде иінтіректі жүй- 
енің болмауына байланысты күшті еңсере алмайды. Электромагнит 
түйіспелі серіппелер жəне якордың ауырлық күшіне қарағанда (тік ор- 
нату түйіспелерінда) үлкен күшке ие болуы тиіс.
Тік жүрісті жүйеде орындалған түйіспелердің көпшілігінде түй- 
іспелі басу күшінің баяу ұлғаюы байқалады, осыған байланысты түй- 
іспелердің ұзақ дірілі орын алады. Нəтижесінде қосу кезінде түйіспе- 
лердің қатты тозуы болады. Сол себепті осындай құрылым тек кішігірім 
номиналды токтарда ғана қолданылады.
Түйіспелерден электрмагнит якоріне күш жіберу тұтқышы бар


148
көпіршелі жүйесі болатын түйістіргіш ең жетілдірілген түрі болып та- 
былады.
Егер түйістіргіш полюсте бір ажырауға ие болса жəне ешбір доға 
сөндіргіш құрылғымен жабдықталмаса, онда белсенді жүктеме жағдай- 
ында (cosφ = 1) доғаны сөндіру түйіспелер ерітіндісінде кез келген ток 
жəне 500 В дейінгі кернеуде шамамен 0,5 мм болады. Индуктивті жүк- 
теме жағдайында (cosφ = 0,2...0,5) түйіспелерді осындай ерітіндісімен 
сөндіру 220 В дейінгі кернеуде орын алады, себебі ол катод маңы ай- 
мағындағы электр беріктігін тез қалпына келтіру есебінен болады.
220 В аспайтын көз кернеуінде доғаны сөндіру үшін полюсте бар 
болғаны бір ажырау қажет. Ешқандай доға сөндіру құрылғылары талап 
етілмейді.
Егер аппарат полюсінің тізбегінде, мысалы, көпіршелі түйіспені 
қолдану жолымен екі ажырау жасалса, онда доға 380 В желісінің кер- 
неуіндегі кернеу айналасы электр беріктігі есебінен сенімді сөндіріледі. 
Сол себепті қазіргі уақытта бір полюстегі тізбектің екі есе ажырауы бар 
түйіспелер қолданылады. Индуктивті жүктемеде жəне 380 В көз керне- 
уінде қалпына келтірілген кернеу мəні катод маңындағы беріктіктен үл- 
кен болады. Доғаны сөндіру бұл жағдайда ток электродтарын қыздыру 
жəне доға бағанындағы процестерге байланысты.
Доғаны тиімді сөндіру үшін түйіспелердің тозуын азайту магнитті 
үрлеудің төмендегі жүйелері үшін пайдаланылуы мүмкін:

Бойлық немесе лабиринтті жігі бар ток орауышы жəне доға сөн- 
діргіш камера;

болат пластиналардан деионды торы бар икемді доға сөндіргіш ка- 
мера.
Доғаға əсер ететін күш ток орауышымен магнитті үрлеу жүйесін- 
де ток квадратына пропорционал. Сол себепті доғаға айнымалы токта 
бағыт бойынша өзгеріссіз күш əсер етеді. Ол екілік жиілікпен соғады 
(сымға əсер ететін электрдинамикалық күш сияқты). Егер тұрақты 
ток айнымалы токтың қолданыстағы мəніне тең болса, орташа күш 
тұрақты ток кезіндегідей күшке ие болады.Үрлеу орауышының магнит- 
ті жүйесінде шығындар болмағанда жəне ағын фаза бойынша токпен 
сəйкес келгенде, көрсетілген арақатынастар əділ. Аталмыш құрылғы- 
ның тиімділігіне қарамастан, қазіргі уақытта ол ауыр режимде жұмыс 
істейтін түйіспелерде ғана қолданылады (қосылулар саны сағатына 
600 артық). Осы сөндіру əдісінің кемшіліктері: доға сөндірудің магнит- 
ті жүйесінің болатта жойылуынан түйіспелердегі шығынның ұлғаюы, 
ол доға сөндіргіш құрылғылардың маңында орналасқан түйіспелердің 
температурасының артуына əкеледі, сондай-ақ токтың мəжбүрлі ажы- 
рауынан үлкен артық кернеулердің туындау мүмкіндігі (табиғи нөлге 
дейін) болып табылады.
Доғаға əсер ететін күштің өз белгісін өзгертуіне байланысты доғаны


149
п

U
сөндіру үшін айнымалы токтағы кернеу орамы қолданылмайды, өйткені 
доға сөндірудің магнитті жүйесінен жасалатын ағын ағытылатын токқа 
қатысты фаза бойынша жылжытылған. Егер ток жəне ағын əр түрлі бел- 
гілерге ие болса, онда күш теріс.
Болат пластиналы деионды торы бар доға сөндіргіш камера барынша 
кеңінен таралған. Доғаны сөндіруге арналған кернеудің электрод маңы 
түсуін пайдалану идеясы орыс ғалымы М. О. Долив-Добровольскиге 
тиесілі. Доға сөндіргіш құрылғының түбегейлі схемасы 9.4,

жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау