Сүзгілер өткізетін жиіліктік спектрлерлеріне байланысты 4 түрге бөлінеді



жүктеу 1,03 Mb.
Дата13.12.2023
өлшемі1,03 Mb.
#44680
сүзгілер

Сүзгілер

Электрлік сүзгілер деп - конденсатор мен индуктивтілік орамадан тұратын, қоректендіргіштің белгілі бір жиіліктік спектріндегі немесе бірнеше жиіліктік диапазондағы сигналдарын қабылдағышқа қарай өткізетін төртұштықты айтады.

Электрлік сүзгілер байланыста, радиотехникада телевидениеде және үлкен токтар техникасында кеңінен қолданады. Олардың жұмыс істеу принципі, біріншіден, индуктивті кедергінің ХL жиілікке тура пропорционал, сыйымдылық кедергінің ХC жиілікке кері пропорционал болатындығына, екіншіден, индуктивті элементтегі ток кернеуден 900 кеш қалатындығына, ал сыйымдылық элементтегі ток кернеуден 900озатындығына негізделген.

Сүзгілер өткізетін жиіліктік спектрлерлеріне байланысты 4 түрге бөлінеді:

Сүзгілер өткізетін жиіліктік спектрлерлеріне байланысты 4 түрге бөлінеді:

Төменгі жиіліктік

Жоғары жиіліктік

Көп алаңдық

Бөгеттік

Олар К-типті және М-типті сүзгілер, көпірлік сүзгілер, индукциясыз RC-сүзгілер, кварцтік сүзгілерге бөлінеді.

Төменгі жиіліктік сүзгілер (ТЖС) жиілігі 0-ден ωо дейінгі сигналдарды өткізеді.

Жоғары жиіліктік сүзгілер (ЖЖС) жиілігі ωо-ден ∞ (шексіздік) дейінгі сигналдарды өткізеді.

Алаңдық сүзгілер (АЖС) жиілігі ω1-ден ω2 дейінгі сигналдарды өткізеді.

Көп алаңдық сүзгілер бір мезгілде әр түрлі жиіліктік диапазондағы сигналдарды өткізеді.

Бөгеттік сүзгілер жиілігі 0-ден ω1 және жиілігі ω2-ден ∞ дейінгі сигналдарды өткізеді.

Төменгі жиіліктік сүзгілер.

Төменгі жиіліктік сүзгі деп жүктемеге тек ден -ге дейінгі төменгі жиіліктегі сигналдарды өткізетін сүзгілерді айтады. Олардың өшу жолағы - ден - ке дейінгі аралықта жатады.

Төменгі жиіліктік сүзгіні симметриялы төртұштық деп қарастырамыз

Жоғары жиіліктік сүзгілер.

Жоғары жиіліктік сүзгі деп жүктемеге тек жоғары жиіліктегі сигналдарды өткізетін сүзгілерді айтады. Олардың өшу облысы 0 дің аралығында жатады. Сүзгінің Т- және П- тәрізді екі сұлбасы болады.

Өткізу облысында Т және П-тәрізді жоғары жиіліктік сүзгінің сипаттамалық кедергілері активті сипатта, ал өшу облысында реактивті сипатта болатындығы көрінеді. Жоғары жиіліктік сүзгіні есептеу үшін ωо және толқындық кедергі беріледі. Сүзгідегі индуктивтілік пен сыйымдылықты табамыз.

Алаңдық сүзгілер.

Төменгі жиіліктік сүзгілер (ТЖС) мен жоғары жиіліктік сүзгілерді (ЖЖС) каскадты қосу арқылы жиіліктегі сигналды өткізетін сүзгі жүйесін алуға болады. Сүзгінің Т- және П-тәрізді сұлбалары болады. Одан параллель контурдың сұлбаның көлденең тармағына орналасатындығын көруге болады.

Бөгеттік сүзгілер.

Олар жиіліктегі сигналдарды өткізеді.

Бөгеттік сүзгілердің П- және Т- тәрізді сұлбалары болады. Параллель контур өнбойлық тармаққа орналасады. Шекаралық жиіліктерді төменде көрсетілген формулалар арқылы табуға болады

M-типті сүзгілер.

M-типті сүзгілер.

Өшу сызығының тіктігін ұлғайту үшін, белгілі бір жиіліктегі өшудің берілген мәнін жету үшін және өткізу облысында сипаттамалық кедергінің жиілікке тәуелділігін аз болу үшін k-сүзгілерге каскадты түрде қосылатын M-типті сүзгілер қолданылады.

Жоғарыда қарастырылған сүзгілер k-типті сүзгілерге жатады, өткені өнбойлық тармақтың кедергісінің көлденең тармақтың өткізгіштігіне қатынасы жиілікке тәуелді емес тұрқты сан болады. Ал М-типті сүзгілер үшін бұл қатынас жиілікке тәуелді болады.

Егер К-типті сүзгі берілсе, онда оның сұлбасына тізбектелген буын қосу арқылы немесе параллель буын қосу арқылы М-типті сүзгі алуға болады.

K және М – типті сүзгілердің өзіндік резонанстық жиіліктері бірдей.Сондықтан олардың өткізу облысындағы жиіліктік сипаттамалары бірдей. Ал өшу облысында М-типті сүзгінің өшу сипаты өзгеше болады.

K және М – типті сүзгілердің өзіндік резонанстық жиіліктері бірдей.Сондықтан олардың өткізу облысындағы жиіліктік сипаттамалары бірдей. Ал өшу облысында М-типті сүзгінің өшу сипаты өзгеше болады.

Егер М=1 болса, онда М-типті сүзгі К-типті сүзгіге айналады. М мәні азайған сайын өшу коэффициентінің мәні тезірек өседі, ал өшу қисығы тігірек болды және шың байқалады(30-сурет) .

М-типті төменгі жиіліктік сүзгінің сипаттамалық кедергсінің жиілікке тәуелділігі мынадай сипатта болады.

Тізбектелген буыны бар сүзгінің Zст М мәніне тәуелді емес, ал Zсп тәуелді. Параллель буыны бар сүзгінің Zст М мәніне тәуелді, ал Zсп тәуелді емес.

Индукциясыз сүзгілер (R,C сүзгілер).

Индукциясыз сүзгілер (R,C сүзгілер).

Егер сүзгі қосылған жүктеменің кедергісі өте үлкен болса, яғни шексіздікке ұмтылса, онда көбіне жіңішке өткізу облысы бар RC- сүзгілер қолданады.

Олар конденсаторлар мен резистор дан тұрады.

Төменгі жиілікте мәні өте үлкен,токтың және ондағы кернеудің түсуінің мәндері аз, сондықтан,өшу коэффициентінің мәні аз. Жиілікті көбейткен кезде азаяды да, жүретін ток көбейеді.

Жөғарғы жиілікті RC- сүзгілер.

Жоғарғы жиіліктік RC- сүзгінің Г-типті, Т-типті, П- типті сұлбалары болады.

Жоғарғы жиілікті қарастырсақ, онда өшу коэффициенті өткізу облысының шекаралық жиілігі (қию жиілігі ) ретінде ωк=1/4Cr алынады. Бұл жиілікке сәйкес келетін өшу коэффициенті 2,2 немесе a=13,4 дБ. 34-суретте өшу коэффициентінің жиілікке тәуелді өзгерісі көрсетілген.


жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау