А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Заң факультеті
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы
Байтасова М.Ж., Нұрманов Қ.А.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚ
Оқу – тәжірибелік құралы
Қостанай, 2011
ББК
67.93я73 Б-20
Құрастырушылар: Байтасова Мөлдір Жұмашқызы – Заң факультетінің «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, Нұрманов Қайыргелді Аманжолұлы – Заң факультетінің «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының аға оқытушысы.
ПІКІР ЖАЗҒАНДАР:
Бекмағамбетов Әлімжан Бауыржанұлы – «ЧелМУ» ҚФ құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к.
Укин Сымбат Кенжебекұлы – А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Заң факультетінің «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының доценті, з.ғ.к.
Хакимова Гульнара Еркеновна – А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Заң факультетінің «Қылмыстық құқық және іс жүргізу» кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к.
Байтасова М.Ж., Нұрманов Қ.А.
Халықаралық жеке құқық. Сырттай және күндізгі бөлім студенттеріне арналған оқу – тәжірибелік құралы. – Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2011 ж., 53 бет.
Аталған оқу-тәжірибелік құралдың кейбір есептері М.М.Богусловскийдің «Международное частное право» практикумынан алынып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкестендірілді.
Бұл оқу – оқу тәжірибелік құрал жоғары оқу орнындағы студенттерге арналған.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің заң факультетінің әдістемелік кеңесінде №14 хаттамамен 24 желтоқсан 2010 ж. мақұлданған.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Ғылыми-әдістемелік кеңесінде (№ хаттама 2011 ж) мақұлданған.
ББК 67.93я73 Б-20 © Байтасова М.Ж., Нұрманов Қ.А.
© А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Мазмұны
Кіріспе........................................................................................................
|
4
|
Халықаралық жеке құқықтың түсінігі және пәні. Халықаралық
жеке құқықтың қайнар көздері................................................................
|
5
|
Халықаралық жеке құқықтың субъектілері...........................................
|
9
|
Халықаралық жеке құқықтағы меншік құқығы.....................................
|
13
|
Сыртқы экономикалық мәмілелер. Халықаралық сатып алу - сату шарты. Жүкті және жолаушыларды халықаралық тасымалдау..........
|
17
|
Халықаралық несиелік және тапсырма айырысу қатынастары. Жеке құқықтағы шарттан тыс міндеттемелер.................................................
|
25
|
Халықаралық жеке құқықтағы интеллектуалдық (зияткерлік) меншік........................................................................................................
|
27
|
Халықаралық жеке құқықтағы мұрагерлік және неке-отбасылық
қатынастар.................................................................................................
|
30
|
Жұмыстарды орындауға шарттар сыртқы экономикалық мәміле ретінде. Сыртқы экономикалық шарттар бойынша дауларды қарауын құқықтық қамтамасыз етілуі ...................................................
|
33
|
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (7 бөлім).................
|
36
|
«Халықаралық жеке құқық» пәнінің бағдарламалық сұрақтары.........
|
46
|
Қолданылған дереккөздер тізімі............................................................
|
48
|
Кіріспе
Осы жинақта халықаралық жеке құқықтың Жалпы бөлімінің негізгі мәселелері қарастырылған. Халықаралық жеке құқық бірнеше мемлекеттердің құқықтарымен байланысты болғандықтан, ол құқықтық пәндердің ішіндегі ерекше саласы болып табылады. Оқу-тәжірибелік кұралының негізгі мақсаты - студенттерге курстың маңызды сұрақтарын меңгеруге көмектесу және өзіндік түрде өз білімін тексеру.
Пәннің мазмұны тақырыптарға бөлінген және пәннің ерекшелігіне карай авторлар әмбебаптылықты қарастыруға тырысты, сол үшін тапсырматерден басқа тестер де енгізді. Құралдың кейбір тапсырматері толығымен орысшадан қазақшаға аударылып, М.М.Богуславскийдің «Международное частное право» (М., 1998г.) практикумы пайдаланылған.
Оқу-тәжірибелік құралына кірген тапсырматер, тестілер студенттерге осы курстың маңызды сұрақтарын меңгеруге көмектеседі, сонымен қатар, нормативтік актілердің жинақтары және пайдаланған әдебиеттердің тізімі көмекші ақпарат ретінде беріледі. Студенттер меңгеріп жатқан тақырыптың нормативтік құжатына, өткен материалға байланысты басқа да тапсырматен тыс сұрақтар пайда болуы мүмкін, сонда студенттердің арасында пікірталас туындаған кездегі мәселені шешу жөнінде түрлі көзқарастарды талдау жасауға көмек беретін бірден-бір құрал болып табылады.
Есепті шешпес бұрын студент, ең алдымен тапсырматің мазмұнын, пайда
болған даудың мәнін және істің барлық жайттарын анықтап алуы қажет. Есептің шешімі тек қана ауызша емес, сонымен қатар, жазбаша түрде ұсынылады, тапсырматің шешімі бір ғана шешімнен тұрмайды, студентке бірнеше дәлелденген тапсырматің шешімдерін ұсынуға болады.
Бұл оқу-тәжірибелік құралды семинар сабақтарында, бақылау жұмысын жүргізгенде тек қана студенттер емес, сондай-ақ, оқытушылар да өз білімін осы салада тексеру үшін қолдана алды.
1,2 тақырыптар. Халықаралық жеке құқықтың түсінігі және пәні. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері.
ТЕСТ
Халықаралық жеке құқықтың халықаралық жария құқықтан айырмашылығы неде?
Реттеу қатынастарында;
Субъектілерінде;
Шарттарында;
Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.
Халықаралық жеке құқықтың дамуына негіз болған не?
Шаруашылыктың интернационализациялануы;
Миграциялау;
Ғылыми-техникалық прогресс;
Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.
3. Халықаралық жеке құқықтың кайнар көздерінің басты қанша түрі бар?
3;
5;
7;
4.
Халықаралық жеке құқықтың қайнар көзіне не жатады?
Халықаралық шарттар;
Халықаралық әдет-ғұрып;
Ішкі заңдар;
Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.
Халықаралық жеке құқық неге кешенді құқық саласы деп аталады?
Субъектілерінің бөлінуіне байланысты;
Әрбір құқық саласымен байланысты болуында;
Халықаралық салалармен байланысы болуында;
Объектілерінің салаларға бөлінуіне байланысты.
6. Коллизиялық норманың құрылымына төмендегілердің қайсысы жатады?
Негіз, байлам;
Бөлім, байлам;
Көлем, байлам;
Дұрысы жоқ.
7. Коллизия деген сөз нені білдіреді?
Қарсылық;
Қарақшылық;
Қатынас;
Қақтығыс.
«Пинг-понг» деп халықаралық жеке құқықта нені айтады?
Реторсия;
Жария тәртібі туралы ескертпе;
Кері сілтеме;
Заңды айналып өту.
9. Жеке тұлғаның орналасқан жер заңы байламын көрсетіңіз?
Lex domicilii;
Lex patriae;
Lex societatis;
Дұрысы жоқ.
10. «Мәмілені орындаған жер заңы» байламын көрсетіңіз?
Lex loci contractus;
Lex loci solutionis;
Proper law of the contract;
Lex loci delicti.
Коллизиялық байламдардың түрлері:
Lex personalis - жеке тұлғаның жеке заңы.
Lex domicilii - жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің заңы.
Lex societatis - заңды тұлғаның заңы.
Lex rei sitae - мүлік орналасқан жер заңы.
Lex loci contractus - контракт бекітілген жер заңы.
Lex loci solutionis - шарттың орындалған жер заңы.
Lex loci delicti comissi - зиян келтірілген жер заңы.
Lex voluntatis - тараптардың еркіндік заңы.
Lex venditoris - сатушының заңы.
Lex loci celebrationis - неке қиылған жер заңы.
Lex loci laboris - енбек ету жерінің заңы.
Lex fori - сот елінің заңы.
Lex causae - тығыз байланысты жер заңы.
Lex loci laboris - жұмыс орнының заңы.
Lex flagi - ту елінің заңы.
Lex patrie, lex nationalis - жұмыс берушінің азаматтығы.
Тақырыпқа қатысты тапсырмалар
1-тапсырма. Болгарлық азаматтан алимент өндіріп алу.
Қазақстандық азаматша М. Болгария азаматы Д-мен некеге отырады. Неке Болгарияда тіркеледі. Осы некеден екі бала өмірге келеді. Үлкені Қазақстанда, ал кішісі Болгарияда туылады. Ерлі-зайыптылардың соңғы бірге тұрған тұрғылықты жері Болгария болады. Содан кейін, азаматша М. Қазақстанға келіп, Алматы қалалық сотына Д. деген азаматтан балаларға алимент өндіріп алу туралы талап арыз береді.
Тапсырма сұрақтары:
Алматы қалалық соты, осы алимент өндіріп алу туралы іс бойынша қай елдің заңын қолдануы керек?
Ол қандай коллизиялык нормаға сүйенуі керек?
Мұндай нормалар қай жерде қарастырылған?
2- тапсырма. Теңіз паромындағы кассир.
Ұлы Британияда тіркелген және орналасқан кеме компаниясы осы елде тұратын ағылшындық азаматша Купермен еңбек шартына отырады. Шарт бойынша азаматша ағылшындық порт Шернес және голландық порт Фисонген арасындағы рейсте паромда кассир ретінде жұмыс істейді. Шарт Шернесте ағылшын тілінде жасалады және бұл жағдайда ағылшын валютасы фунт стерлингімен сыйақы төлеу қарастырылған. Кеме неміс құқығы заңды тұлғасы – қоғамымен алынады, неміс туының астында жүзеді және Гамбургте тіркеледі. Азаматша Купермен жасалған шарт уақытынан бұрын бұзылады. Шартта тоқтату, бұзу туралы ештеңе айтылмайды. Азаматша Купер герман сотына компанияға қарсы талап арыз береді.
Тапсырма сұрақтары:
Шapттa қолданылатын құқық туралы ережелер қарастырылған, сондықтан шартты тоқтатуға қатысты қай елдің құқығын қолданамыз?
Бұл жерде еңбек шартына қатысты «жұмыс орны елінің заңы» қолданылуы керек, ал теңіз кемесіне қатысты жұмыс орны елі ретінде не қарастырылуы керек?
Теңіз кемесін «мемлекет аумағының жүзуге болатын бөлігі» ретінде қарастыруға бола ма?
Паромның аумақтық суды кесіп өтетінін ескере отырып, Нидерланд немесе Англия құқығын жұмыс орнының құқығы ретінде қарастыруға бола ма?
5. Шешім қабылдар кезде паромның ашық теңізді де кесіп өтетінін ескеріңіз. Егер, тиісті мемлекет пен құқықтық қатынастардың тығыз байланысы қағидасына сүйенсек, бұл жағдайда қандай негізде және қай елдің құқығын қолдануға болады?
3-тапсырма. Калифорния штатының мұрагерлік құқығы.
Сан-Францискода (Калифорния штаты) туған АҚШ азаматының мұрасы туралы мәселе Италияда қарастырылып жатты. Италия жүйесінің реформасы туралы 1995 жылғы 31 мамырдағы заңында (46-бап) - «өзінің өлу кезінде мұра калдырушы қай елдің азаматы болса, сол мемлекеттің заңдылығы қолданылады» делінген. Алайда, 1995 жылғы 31 мамырда қабылданған заңның 18-бабы 1-бөлігіне сәйкес бір елде бірнеше құқық жүйесін қолдану әрекет ететін жағдайларда, осы елдің құқығы қолданылуы негізгі талап ретінде анықталды. АҚШ-та мұрагерлік құқық федералды заңмен емес, штаттардың заңдарымен реттеледі. АҚШ-та федералдық коллизиялық нормалар негізінде қолданылуын анықтайтын заңдылықтардың критерийлері белгіленбегендіктен, Италия соты аталған заңның 18-бабының 2-бөлігін негізге алып, қатынастар тығыз байланысқан құқық жүйесін қолдануы керек. Калифорнияда козғалатын мүлікке байланысты мұра қалған жағдайда Калифорнияның құқығы кері сілтеме колданбайды, ал қозғалмайтын мүлікке байланысты құқықты мүліктің орналасқан жеріне кері сілтейді.
Тапсырма сұрақтары:
Қазақстан Республикасы азаматы Италияда қайтыс болған жағдайда Италия соты бұл істі қарастыратын болса қай заңға сілтеме жасау керек?
4-тапсырма. Ағылшын дипломатының некесін бұзу.
Ағылшын дипломаты Дэвидсон мырза Қазақстан Республикасының Парасова деген азаматшасымен некеге тұрды. Неке Алматының АХАЖ-да тіркелді. Парасова жұбайының фамилиясын алды. Бірнеше уакыттан кейін, Дэвидсон мырзаның дипломатиялық қызметі Қазақстанда аяқталғаннан кейін ол Англияға қайтып оралады. Дэвидсон ханым қарт ата-анасын қалдыратын адам болмағаннан кейін, кете алмады. Біраз уақыт өткен соң, Д. мырза өзінен аяғы ауыр әйелге үйленбекші екендігі туралы Дэвидсон ханымға хабарлайды. Некені бұзуды тездету үшін Д. мырза оның жұбайы алдында міндетін орындамағаны туралы растайтын факті туралы құжатты Алматының нотариусында растауды әйелінен сұрайды. Ағылшын заңдылығында «жұбайының көзіне шөп салу» некені бұзудың бірден бір негізі болып табылатындығын айтып түсіндірді.
Нотариус құжатты растаудан бас тартты және Алматы қаласы сотында некені бұзу ісін жүргізу үшін (Д. мырза Алматыға келгісі келмейтіндігі, АХАЖ-ға сүйенуге немесе Алматы сотына талап бергісі келмейтіндігіне сілтеме жасады, ал онсыз, некені бұзуға болмайды) заң кеңесіне (шетел заң коллегиясына) жүгінуді ұсынды. Шетел заң коллегиясы талап арызды қарастырды. Сот Д. мырзаны істі қарау жөнінде занда көрсетілген ретте хабардар етті, ол сотқа келмеді және Д. мырза жоқ кезінде неке бұзылды.
Сот шешімінін негізінде П. ханым АХАЖ-да неке бұзылуы туралы куәлік алды және оған өзінің фамилиясы қайтарылды.
Тапсырма сұрақтары:
Алматы қалалық сотының шешімі Англияда қабылдана ма? Егер қарастырылмаса, Д. мырза одан аяғы ауыр әйелмен некеге тұру үшін не істеу керек? Бір елде қабылданатын, екінші елде қабылданбайтын құқықтық қатынастар халықаралық жеке құқықта қалай аталады?
Халықаралық шарт болмаған кезде бір елдің сотының шешімі екінші елде қабылданган кездер халықаралық тәжірибеде бұрын-соңды болды ма?
5-тапсырма. О.Палей ханзаданың талабы.
Патша ауылындағы жиһаздар жинағы және аса құнды заттар орналасқан О.Палей ханзаданың сарайы Қазан төңкерісінен кейін ұлттандырылған. Осыдан кейін, заттардың бір бөлігі 1920 жылдардың аяғында Кеңес үкіметінің шешімі бойынша сатылып кеткен болатын.
1928 жылы О.Палей оны жауапкерлерден аса құнды заттарды сатып алушылардан танып (Вайса мырза және басқалары), оның ойы бойынша оған тиесілі заттарды қайтару туралы талап қойды. Бірінші инстанциялы сот шешімге сәйкес, талаптан бас тартты. Шешімде Ресей үкіметі жауапкерлерге беруге құқығы бар екендігі көрсетілген. 1929 жылы апелляциялық шағымнан апелляциялық сот бас тартты. Бірақ, ағылшын соттары қарау шарасы ретіндегі ұлттандыру туралы актілерді, олар қабылданған мемлекеттен тыс жерлерде күші жоқ деп саралады. Осыдан ұлттандыру актілері, егер деректі кабылдау кезінде, мүлік Ресейде болса, кешірек ол Англияға алынып келіп және іс қайта қаралғанда ол жақта болғанына қарамастан мойындауға жатады. Ағылшын заңгері Дж. Чешир 1935 жылы айтқанындай, мұндай тәркілеу «қаралау заңдылығы шығарылу кезінде орыс аумағынан тыс орналасқан мүлікке байланысты ғана әсер етеді».
Тапсырмаға қатысты сұрақтар:
Жоғарыда қөрсетілген заңдарды саралаумен келісуге бола ма? Ұлттандыру мүлікті тәркілеуден немен ерекшеленді?
6-тапсырма. Теннеси штатында қойылған вексель.
Теннеси АҚШ штатының құқығын қолданған, вексель қойған тұлғаға ФРГ-да талап қойылған. Бұл кезде Герман құқығы бекіткен 3 жылдық ескіру мерзімі өтіп кеткен, ал Теннеси штаты бекіткен 6 жылдық мерзім әлі өтпеген. Талапты қарау кезінде қиындық туындайды, себебі ескеру АҚШ-та, яғни Теннесиде іс жүргізілген құқықтық институт ретінде қарастырылды, ал басқа елдің іс жүргізілген құқығы қолдануға жатпайды және де Герман құқығымен қарастырылатын ескіру мерзімі қолданылмайды, себебі, бұл құқық бойынша мерзім өтіп кеткен.
Тапсырмаға қатысты сұрақ:
Бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамалары қалай шешеді? Ескіру мерзімі туралы мәселе ағылшынның жаңа заңнамаларында қалай шешіледі?
3 тақырып. Халықаралық жеке құқықтың субъектілері
ТЕСТ
1. Халықаралық жеке құқық субьектілері кім болып табылады?
Жеке тұлға;
Заңды тұлға;
Мемлекет;
Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.
2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі қандай екі түрге бөлінеді?
Қосымша, негізгі;
Жағымды, жағымсыз;
Бастапқы, соңғы;
Жалпы, арнайы.
3. Халықаралық жеке құқықтың жеке тұлғалары қатарына
қайсысы жатады?
Азаматтар, шетел азаматтары;
Босқындар;
Азаматтығы жоқ азаматтар;
Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.
Консорциумының кандай түрі бар?
Ашық, толық;
Жабық, толық емес;
Толық;
Ашық, жабық.
Босқындар қандай түрге бөлінеді?
Заңды, заңсыз;
Тұрақты, тұрақсыз;
Заңды, тұрақсыз;
Дұрыс жауабы жоқ.
Тақырыпқа қатысты тапсырмалар
1-тапсырма. Болгария азаматының Түмен қаласындағы жер үйге меншік құқығы.
1. Болгарияда тұрып жатқан болгар азаматы Алматыдағы Медеу аудандық сотына жер үйдің бір бөлігіне меншік құқығын тану туралы талап қойды. Сот 1996 жылы талапты қанағаттандырды.
Тапсырмаға қатысты сұрақ:
1. Болгариямен жасаған халықаралық шарттың қандай ережесіне сүйене отырып, сот мұндай шешім қабылдады? Қазақстан Республикасының қай заңнамасының ережесіне сүйене отырып, сот не себептен мұндай шешімге келді? Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын шетелдік тұлғаның мүлкіне меншік құқығын шектейтін Қазақстан Республикасының құқығында ережелер бар ма ?
Достарыңызбен бөлісу: |