Экономикалық шолу экономическое обозрение құрылтайшы – Қазақстан Ұлттық Банкі «Экономикалық шолу»



жүктеу 1,51 Mb.
Pdf просмотр
бет4/49
Дата21.12.2017
өлшемі1,51 Mb.
#5100
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49

7

ЭКОНОМИЧЕСКОЕ ОБОЗРЕНИЕ       1 /2013

ҚАРЖЫ СЕКТОРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

МОБИЛЬДІК ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ: 

БОЛМЫСЫ МЕН БОЛАШАҒЫ

Ашықбеков Е.Т. – Қазақстан Республикасы 

Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті 

басқармасының бастығы 

Бұл мақалада ақша төлемдері мен аударымдарын 

мобильдік байланыс құралдарын пайдалана отырып 

жүзеге  асырумен  байланысты  қызметтер  тура-

лы  айтылады.  Соңғы  жылдардағы  технологиялық 

жетістіктер  банк  шотын  қашықтықтан  басқару, 

ақша төлемдері мен аударымдарын жүргізу, сондай-

ақ өзге де күнделікті қаржылық операцияларды жа-

сау  үшін  мобильдік  қондырғыларды  пайдалануға 

мүмкіндік  жасады.  Мұндай  қызметтер  әлемнің 

көптеген елдерінде кеңінен тараған және қаржылық 

(төлем)  қызметтердің  даму  эволюциясындағы 

маңызды  бағыт  ретінде  қарастырылады.  Бүгінгі 

күні  мобильдік  төлемдерді  ендіруде  және  дамы-

туда  Азия  аймағының  елдері  алдыңғы  қатарда, 

олардың ішінде Жапония, Корея және Сингапур бар. 

Соңғы жылдары бұл процеске Африканың, Оңтүстік 

Шығыс  Азияның  және  Латын  Америкасының 

кейбір  дамушы  елдері  ерекше  белсенді  араласуда. 

Мобильдік  технологиялар  негізінде  жаңа  төлем 

қызметтерін дамытудың өзектілігі еліміздің көлемі 

мен  географиялық  ерекшелігін  ескерсек,  айрықша 

арта түсуде. Нарықтың бұл сегменті Қазақстанда 

өзінің  қалыптасу  кезеңінде  және  белсенді  даму 

қарсаңында. Осыған байланысты, мақалада әлемнің 

түрлі елдерінде енгізілген жобаларға қысқаша шолу, 

ағымдағы жағдайға, қолданылатын технологияларға 

және  Қазақстанда  мобильдік  төлем  қызметтері 

нарығын  дамытудың  перспективті  бағыттарына 

талдау жасалған. 

1. Мобильдік төлем қызметтерін ендірудің және 

дамытудың әлемдік тәжірибесі 

Бүгінгі күні әлемде мобильдік төлем қызметтерінің 

екі бағыты (үлгісі) дамуда, олар: 

1. Мобильдік банкинг – мобильді телефон басқару 

және банк шоттарына қол жеткізу құралы ретінде пай-

даланылатын  қызмет.  Бұл  ретте  барлық  төлемдер 

мен  аударымдар  мобильді  телефон  иесінің  банк 

шотындағы  ақша  пайдаланыла  және  сол  ақшаның 

есебінен  жүзеге  асырылады.  Қызмет  SMS-банкинг 

қызметінің көмегімен немесе мобильді телефонға са-

лынатын  арнайы  мобильдік  қосымшалар  көмегімен 

іске асырылады. 

2.  Мобильдік  операторлар  жүйелерінің  негізіндегі 

мобильдік  төлемдік  сервис  –  мобильдік  байланыс 

операторларында  орналастырылған  абоненттер 

ақшасының  көмегімен  мобильді  телефонды  пайда-

лана  отырып  ақша  төлемдері  мен  аударымдарын 

жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қызмет. Бұл модель-

де  ақша  операциялары  абоненттің  банк  шоттарын 

пайдаланбай-ақ  абоненттің  мобильдік  оператордағы 

абоненттік  шотында  есепке  алынатын  қаражатының 

жұмсалмаған бөлігі есебінен жүзеге асырылады.

Егер бірінші бағыт негізінен Батыс Еуропа елдерінің 

көпшілігіне  тән  болса,  мобильдік  төлемдердің  екінші 

бағыты не үлгісі Азия, Африка және Латын Америка-

сы, сондай-ақ ТМД кейбір елдерінде кеңінен тараған. 

Мобильдік банкингте қызмет банктердің клиенттері 

болып табылатын тұлғаларға (негізінен бұл төлем кар-

точкаларын ұстаушылар) арналған және қолданылып 

жүрген  Интернет-банкинг,  банкоматтар  желісі  және 

өзге де автоматтандырылған өзіне-өзі қызмет көрсету 

қондырғылары арқылы қашықтықтан қызмет көрсетуге 

қосымша  төлем  операцияларын  жасаудың  қолайлы 

тәсілі  деп  қарастырылады.  Мобильдік  операторлар 

негізіндегі мобильдік төлемдер үлгісі барлық мобильдік 

байланыс  абоненттері,  оның  ішінде  банктік  қызмет 

көрсетумен  қамтылмаған  әрі  банктермен  және  өзге 

реттелетін  қаржы  ұйымымен  шарттық  қатынастары 

жоқ  тұлғалар  үшін  мобильдік  операторлардың 

жүйелері, тәуелсіз сервис-провайдерлер не мобильдік 

операторлар  арқылы  төлемдік  сервистер  көрсету 

мүмкіндігін болжайды.

Gartner  компаниясының  болжамы  бойынша  2016 

жылға қарай жарты миллиардқа жуық адам мобильдік 

төлемдерді  пайдаланатын  болады  және  нарықтың 

көлемі  $600  млрд.  жетеді.  Бұл  ретте  мобильдік 

төлемдер  көбіне  Азия-Тынық  мұхиты  аумағында 

және  Африкада  таралатын  болады.  Бұл  көрсетілген 

аумақтардағы халқының көп бөлігінде банк шоты жоқ 

және  банктердің  қызметтерін  пайдаланбайтын  да-

мушы  елдерде  соңғы  жылдары  мобильдік  байланыс 

операторларының  қатысуымен  мобильдік  төлемдер 

жүйесінің белсенді дамуымен байланысты. 

Қазіргі кезде мобильдік төлемдер жүйесінде мына 

технологиялардың көбірек таралғанын жалпы әлемдік 

практикаға жасалған талдау көрсетіп отыр:

1. SMS – технология. Төлем мобильдік байланыс 

операторының  сервистік  нөмірін  пайдалану  негізінде 

SMS  хабарлар  алмасу  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Бүгінгі күні SMS сервис дамушы елдерде ақша ауда-

рымдарын  жүзеге  асыру  және  шоттарды  төлеу  үшін 

көбіне  оны  пайдаланудағы  қарапайымдылығымен 

кеңінен  таралуда.  Алайда,  бұл  технология  төлемнің 

өлшемдерін  қолмен  теру  қажеттігіне  байланысты 

біршама  қолайсыз,  ол  өз  кезегінде,  бұл  технология-

ны барлық төлем түрлері үшін пайдалануға мүмкіндік 

бермейді,  сондай-ақ  жүргізілетін  транзакциялар 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  тұрғысынан  бірқатар 

кемшіліктері бар. 

2.  Мобильді  телефонға  немесе  SIM  –  картаға 

(Applet  не  Midlet)  салынатын  және  орнатылатын 

арнайы  бағдарламалық  қосымшаны  пайдалану 

негізіндегі  технологиялар.  Мұндай  қосымшалармен 

жұмыс істеу үшін абонент (клиент) олардың WAP неме-

се GPRS көмегімен оларды мобильді қондырғыға ал-

дын ала салуы не тиісті қосымша «салынған» арнайы 

SIM-картаны  сатып  алуы  тиіс.  Мобильдік  төлемдер 

технологиялары  әлеміндегі  қазіргі  кезде  қолданылып 

жүргендердің  ішінде  осы  технология  толыққанды 

банкингті қамтамасыз етеді және берілетін ақпараттың 

қосымша  қорғанышын,  оның  ішінде  электрондық 

цифрлық  қолтаңбалар  тетігін  пайдалануға  кепілдік 

бере  отырып,  клиентке  кез  келген  төлем  операция-

ларын жасауды қамтамасыз етеді. Алайда мобильдік 

төлемдердің  бұл  технологиясының  таралуына 

мобильдік  байланыс  абоненттерінің  жеткілікті  түрде 

хабардар  болмауымен  және  мұндай  технологияны 

қолдануға қажетті дағдыларының болмауымен кедергі 

келтіруде.

3.  Контактісіз  технологиялар,  олардың  ішіндегі 

ең  көп  тарағандары  NFC  (Near  Field  Communication) 



жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау