5
ЭКОНОМИЧЕСКОЕ ОБОЗРЕНИЕ 1 /2013
ҚАРЖЫ СЕКТОРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Мерзімді
депозиттер
бойынша
сыйақы
мөлшерлемесі жалпы алғанда 2012 жылы жыл
соңына өсудің шекті мәнімен төмендеу трендін
көрсетті, ол теңге және валюта сегментіндегі
сыйақы деңгейінің көтерілуімен байланысты (3,
4-суреттер).
3-сурет
4-сурет
Ұлттық валютада тартылған депозиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемесі жыл ішінде 3,7% дейін (2011
жылы – 3,9%) төмендеді, еркін айырбасталатын шетел
валютасындағы депозиттер (ЕАВ) бойынша шамалы
3,3%-ға дейін (2011 жылы – 3,2%) көтерілді.
Депозит нарығының негізгі үрдістері депозиттердің
жалғасып келе жатқан өсіміне, жинақ ақшаны
долларландыру деңгейінің төмендеуіне және банк
секторын қорландыру құнының арзандау тұрғысынан
оң фактор болып табылатын депозиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемелерінің азаюына байланысты
болып отыр.
Кредиттер. Іс жүзінде үш жыл бойы елеулі
тежелуден кейін кредиттеу нарығы 2011 жылы
өсудің жоғары қарқынын көрсете отырып белсенді
қалпына келе бастады, 2012 жылы біршама
баяулады. Кредиттеудің өсу қарқынына белгілі бір
деңгейде салыстыру базасының өзгеруі әсер етті,
өйткені 2010 жылы 0,7%-ға төмендегеннен кейін өсу
қарқыны 2011 жылы тиісінше жоғары болды, соның
әсерінен 2012 жылы 16,1%-ға өсті.
Банктердің экономикаға кредит беруінің жалпы
көлемі 2012 жылы 13,0%-ға өсіп (2011 жылы
16,1%-ға өсті), 9 958,0 млрд. теңге құрады. Ұлттық
валютада кредит беру 23,9% өсіп (2011 жылы –
29,6%-ға өсті), 7 041,3 млрд. теңге болды, шетел
валютасында – 2 916,7 млрд. теңгеге дейін 6,8%-
ға азайып, төмендеуін жалғастырды (2011 жылы –
2,5% төмендеді) (5-сурет).
Нәтижесінде кредит нарығының долларлану
деңгейі төмендеді және теңгедегі кредиттердің үлес
салмағы 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда
2012 жылғы желтоқсанда 64,5%-дан 70,7%-ға дейін
артты (6-сурет).
5-сурет
6-сурет
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУ 1 /2013
6
ҚАРЖЫ СЕКТОРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Валюталық кредиттеу сегментінің жалғасып
келе жатқан құлдырауы дағдарыс кезеңінде және
дағдарыстан кейінгі кезеңде және 2009 жылдың
ортасынан бастап қадағалау органының валюталық
түсімі жоқ не оффшорлық аймақтар аумағында
тіркелген қарыз алушыларға валюталық кредиттер
берген банктерге қойылатын талаптарды күшейтуге
бағытталған шараларды қабылдауынан бастап
қарыздардың осы түріне деген қызығушылықтың
төмендеуіне себеп болды.
2012 жылы кредиттер құрылымында мерзімдер
бойынша аздаған өзгерістер болды. Ұзақ мерзімді
кредиттер беру 8 002,3 млрд. теңгеге дейін 12,4%-ға
өсті, қысқа мерзімді кредит беру – 15,4%-ға 1 955,7
млрд. теңгеге дейін өсті. Қысқа мерзімді кредит берудің
өсу қарқынының жоғарырақ болуына байланысты ұзақ
мерзімді кредит берудің үлес салмағы 2011 жылғы
желтоқсанмен салыстырғанда 2012 жылғы желтоқсанда
80,8%-дан 80,4%-ға дейін төмендеді.
Қысқа мерзімді кредит берудің өсуіне халыққа
тұтынушылық кредит беру сегментінің жандануы да
айтарлықтай ролін атқарды, 2011 жылдағы 21,2%-
ға өсуден кейін, оның 2012 жылдағы өсу қарқыны
39,6%-ға дейін жеделдетілді және 1 503,6 млрд.
теңге құрады. Тұтынушылық кредиттеудің өсуіне
халықтың дағдарыс кезеңінде кейінге ысырылған
сұранысының іске асырылуы, сондай-ақ банктердің
клиенттерге барынша ұзақ өтеу мерзімімен (3
жылға дейін) кредиттік өнімдерді және тауарларды
бөліп төлеу арқылы сатуды ұсынатын нарықтың
осы сегментіне деген қызығушылығының белең
алуы себеп болды.
2012 жылы заңды тұлғаларға кредит берудің
өсуі 9,9%-ға дейін баяулап (2011 жылы – 18,1%-ға
өсті), 7 102,7 млрд. теңге құрады, жеке тұлғаларға
кредит беру 21,7%-ға дейін жеделдетіліп (2011
жылы – 10,9% өсті), 2 855,3 млрд. теңге болды. Жеке
тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы 2011
жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2012 жылғы
желтоқсанда 26,6%-дан 28,7%-ға дейін артты.
Шағын бизнесті кредиттеу қалпына келтірілді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2011 жылы
3,1%-ға төмендегеннен кейін 2012 жылы 1 412,0 млрд.
теңгеге дейін 5,2%-ға көтерілді, бұл экономикадағы
кредиттердің жалпы көлемінің 14,2% құрайды (2011
жылғы желтоқсан – 15,2%).
Шағын бизнес өзінің көлеміне қарай дағдарыс
кезеңінде едәуір зардап шекті және біртіндеп
қалпына келуде. Осы процесте кредиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы
шағын және орта бизнеске қаржылық қолдау
көрсетуге және кепілдік қамтамасыз ету жетіспеген
кезде кепілдіктер беруге бағытталған «Бизнестің
жол картасы 2020» бағдарламасын мемлекеттің
іске асыруы үлкен рөл атқарады.
Экономиканың салалары бойынша талдауда
кредиттердің барынша айтарлықтай сомасы
саудаға – 20,1% (2011 жылғы желтоқсанда –
20,8%), құрылысқа – 14,0% (15,1%), өнеркәсіпке
– 12,0% (12,0%), ауыл шаруашылығына – 3,2%
(3,9%) тиесілі.
Тұтастай алғанда бір жыл үшін берілген
кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2011
жылғы 12,7%-дан 2012 жылғы 12,8%-ға дейін аздап
көтерілді. Сыйақының арту мөлшерлемесінің үрдісі
негізінен халық үшін теңгелік қарыз алу құнының
өсуіне себепші болды (7, 8-суреттер). Яғни,
халықтың тұтынушылық кредиттеу нарығындағы
дәстүрлі түрде барынша тәуекелге негізделген
және тиісінше қымбат тұратын белсенділігі, жалпы
алғанда, 2012 жылы қарыз алудың қымбаттауына
әсер етті.
7-сурет
8-сурет
Осылайша, 2012 жылы өсу қарқынының баяула-
уына қарамастан, кредит нарығының өсуі жалғасын
тапты, долларлау деңгейі едәуір төмендеп, теңгедегі
кредиттердің үлесі 70,7%-ға жетті, бұл тәуелсіздік
жылдары ең жақсы көрсеткіш болды, сондай-ақ
теңге сегментіндегі сыйақы мөлшерлемесі аздап
көтерілді.
2012 жылы депозиттік-кредиттік нарықтың
даму қорытындылары банктердің ресурстық
базасының және экономиканың кредиттеу көлемінің
жалғаспалы түрде өсуімен, долларландыру деңгейінің
төмендеуімен, депозиттер бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуімен және кредиттер
бойынша олардың аздап өсуімен сипатталады.