Экономикалық шолу экономическое обозрение құрылтайшы – Қазақстан Ұлттық Банкі «Экономикалық шолу»



жүктеу 1,51 Mb.
Pdf просмотр
бет15/49
Дата21.12.2017
өлшемі1,51 Mb.
#5100
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49

19

ЭКОНОМИЧЕСКОЕ ОБОЗРЕНИЕ       1 /2013

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР

Оңтүстік Қазақстан облысы республиканың шеткі 

оңтүстігінде орналасқан – республика халқының 2,7 

млн.  адамнан  немесе  15%  санынан  астам  халқы 

бар  Қазақстанның  ең  халқы  көп  орналасқан  облы-

сы – барит, көмір, темір және полиметталл кендері, 

бетонит  саздары,  вермикулит,  тальк,  әк  тас,  гра-

нит, мәрмәр, гипс, кварцты құмдар секілді пайдалы 

қазбалардың  кен  орнына  бай  елдің  ең  ірі  аймағы. 

Облыс,  уранның  қоры  бойынша,  Қазақстанда 

бірінші орынға, фосфориттер мен темір кені бойын-

ша – үшінші орынға ие. Облыс, ауылшаруашылығы 

өнімдерін өндіруге және өңдеуге, мұнай мен мұнай 

өнімдерін, тоқыма өнімдерін, құрылыс материалда-

рын өндіруге, уранды өндіруге және өңдеуге маман-

дандырылады.  Республиканың  жалпы  көлемінде 

Оңтүстік  Қазақстан  облысына:  мақтаталшықтарын 

өндіру  бойынша  –  100%,  трансформаторларды 

–  99,2%,  фармацевтикалық  дәрі-дәрмектерді  – 

48,0%,  бензинді  –  46,1%,  мазут  оттығын  –  22,9%, 

цементті  –  16,8%,  үнды  өндіру  бойынша  –  15% 

келеді.


Қаралып отырған кезең – 2010 жыл мен 2012 жыл 

аралығы – аймақтың экономикалық және әлеуметтік 

дамуына  жағдай  жасай  отырып,  сыртқы  сауда 

үшін  қолайлы  болды.  Осылайша,  аталған  кезеңде, 

облыстың сыртқы сауда айналымы 2010 жылғы 2,9 

млрд. АҚШ долларынан 2012 жылы 4,5 млрд. АҚШ 

долларына  дейін  немесе  1,6  есе  ұлғайды.  Соңғы 

үш  жылға  облыстың  сыртқы  сауды  айналымының 

өзгеру серпіні төмендегі кестеде келтірілген. 

Осы  жылдардағы  сыртқы  сауда  сальдосы  оң 

болып  қалыптасты,  және  де  оның  ілгерлемелі  өсуі 

көп жағдайда, 2012 жылы 2,1 млрд. АҚШ долларын 

құраған  және  2010  жылға  қарсы  73,2%-ға  ұлғайған 

ТМД  елдерімен  тауар  айналымының  ұлғаюымен 

қамтамасыз  етілді.  Алыс  шетел  елдерімен  тауар 

айналымы дәл осы кезеңге, 2,4 млрд. АҚШ долларын 

құрай отырып 45%-ға ғана өсті. 

Жалпы 2012 жылы экспорт 2010 жылға қатысты 

1,7 есе, импорт – 1,4 есе өсті. Мұндай өсу себептерін 

анықтау  мақсатында  тауар  номенклатурасында  ең 

көп  үлес  салмағына  ие  атаулар  бойынша  экспорт 

мен импорт көлемдерінің өсу серпінін зерттеп отыру 

жүргізілді. Экспорт үшін бұл – шикі мұнай мен газды 

конденсат  (экспорттың  жалпы  көлеміндегі  үлесі 

–  37,1%),  шикілерін  есептемегенде  таушайырлы 

минералдардан  алынған  мұнай  өнімдері  (31,2%). 

Импорт  үшін  –  бұл  жеңіл  автокөліктер  (КО  елдерін 

есепке  алмағанда  импорттың  жалпы  көлеміндегі 

үлесі  –  9,6%),  терапевтикалық  және  алдын  алу 

мақсаты үшін арналған дәрі-дәрмектер (3,9%).

Зерттеулер көрсеткендей, 2011 жылы экспорттың 

өсуі  көп  дәрежеде  шикізатқа  арналған  бағалардың 

оң серпінінің арқасында, ал 2012 жылы – сауданың 

іс  жүзіндегі  көлемдерін  ұлғайту  есебінен  болды. 

Жеке  алғанда,  2011  жылы  шикі  мұнай  мен  газды 

конденсатты экспорттау 2010 жылға қарсы іс жүзіндегі 

көлемдердің  бар  болғаны  20%-ға  ұлғаюы  кезінде 

құндық  білдіруде  45%-ға  ұлғайды.  Мұнай  өнімдері 

бойынша  да  осыған  ұқсас  болды,  онда  экспорттық 

жеткізулер құнының өсуі, олардың көлемдерінің бар 

болғаны  9%-ға  өсуі  кезінде  55,8%-ды  құрады.  2011 

жылмен  салыстырғанда  2012  жылы  құндық  және 

нақты  білдіруде  экспорт  көлімінің  өсуі,  сәйкесінше, 

шикі  мұнай  мен  газды  конденсат  бойынша  2,8% 

және  4,5%,  таушайырлы  минералдардан  алынған 

мұнай өнімдері бойынша 25,3% және 34,7% құрады.

Импорттың өсу себептерінің ішінен – бір жағынан 

–  әкелінетін  өнімге  арналған  бағаның,  екінші 

жағынан  –  ішкі  сұранысты  кеңейту  есебінен  нақты 

көлемдердің жоғарылауы, бұл жерде екі фактор да 

бірдей  дерлік  ықпал  еткен.  Осылайша,  2012  жылы 

автомобильдер импорты, нақты жеткізу көлемінің 2,1 

есеге  ұлғаюы  кезінде  құндық  білдіруде  2011  жылға 

қарсы 2,2 есе ұлғайды (2010 жылға 2011 жылы бұл 

байланыс сәйкесінше 83% және 86% болды). Дәрі-

дәрмектерге  келер  болсақ,  онда  2011  жылға  қарсы 

2012 жылы импорттық өнімдер құнының өсуі өнімге 

арналған  бағаны  –  42,9%-ға,  олардың  көлемдерін 

38,0%-ға ұлғайту кезінде, ұлғайту есебінен жүргізілді. 

Бұл  зерттеулер  бағалар  статистикасының 

деректерімен  расталады.  Осылайша,  2011  жылы 

экспорттық  жеткізулер  бағасының  индексі  алдыңғы 

жылға  қарсы  46,7%-ға,  соның  ішінде  шикізат 

бойынша – 57,9%-ға өскен болса, онда 2011 жылмен 

салыстырғанда  2012  жылы  бар  болғаны  5,0%-ға 

1-сурет



ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУ       1 /2013

20

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР



ғана, соның ішінде шикізат бойынша – 9,1%-ға өсті. 

Импорт  бойынша  бағалар  индексіне  келер  болсақ, 

онда 2011 жылы аталған көрсеткіш 2010 жылға қарсы 

12,4%-ға,  ал  дайын  тауарлар  бойынша  –  9,6%-ға 

өсті, ал 2012 жылы – 4,0%-ға, соның ішінде дайын 

тауарлар бойынша – 4,6% төмендеуді көрсетті. 

Біздің 

облысымыздың 



негізгі 

тауарлық 

серіктестері  болып  Ресей,  Өзбекстан,  Украина, 

Қытай,  Италия,  Нидерланды,  АҚШ,  Қырғыстан, 

Беларусь  табылады.  Сыртқы  сауданың  елдер 

бойынша  кескіндегі  құрылымы  мына  төмендегі 

кестеде келтірілген.

1-кесте

Негізгі серіктес-елдер кескінінде сыртқы сауда құрылымы 

 

2010



2011

2012

Экспорт, 

млн.АҚШ 

доллары

Импорт 

млн.АҚШ 

доллары

Экспорт, 

млн.АҚШ 

доллары

Импорт 

млн.АҚШ 

доллары

Экспорт, 

млн.АҚШ 

доллары

Импорт 

млн.АҚШ 

доллары

ОҚО сыртқысауда 

айналымы, барлығы:

- соның ішінде

1826,8

1064,5

2533,6

1403,4

3011,5

1528,3

ТМД елдерімен

- соның ішінде:

827,7

408,6

1009,2

841,1

1197,1

944,4

Өзбекстан

570,26


149,79

630,14


460,19

564,99


475,59

Ресей

71,19


154,1

116,59


264,18

330,8


327,7

Украина

104,63


57,1

126,77


64,68

61,66


75,87

Беларусь

0,27


6,56

0,89


18,84

1,7


27

Қырғызстан

48,84


7,51

54,89


7,5

65,27


8,24

басқа елдермен, 

- соның ішінде:

998,9

655,9

1524,4

562,3

1814,6

583,9

Қытай

259,44


320,76

569,39


232,25

510,18


199,88

АҚШ

217,5


40,41

116,37


44,94

67,73


39,27

Италия

39,89


70,74

141,36


19,97

150,97


21,8

Нидерланды

78,16


6,44

143,86


5,18

109,19


5,06

Сыртқы сауданың аталған статистикалары, 2010 

жылмен  салыстырғанда  2012  жылы,  импорттың 

көлемін  2,3  есеге  ұлғайту  тек  ТМД  елдерімен 

ғана  байқалатын  кезде,  экспорттың  өсуі  ТМД 

елдерімен  сауданы  44,6%-ға,  басқа  елдермен  – 

81,6%-ға кеңейтуге байланысты болды, 2012 жылы 

алыс  шетелден  елге  тауар  әкелу  2010  жылмен 

салыстырғанда 10,9%-ға төмендеді.

Мұның  себебі,  біздің  ойымызша,  Қазақстанның 

Кедендік  одаққа  кіруі.  ҚР  Статистика  жөніндегі 

агенттігінің деректеріне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан 

облысы  бойынша  Кедендік  одақ  мүшелері-

елдерімен  тауар  айналымы  2012  жылы  687,2 

млн.  АҚШ  долларын  құрады  және  2010  жылмен 

салыстырғанда 3 есе өсті, соның ішінде экспорт – 

332,5  млн.  АҚШ  доллары  (4,7  есе  өсу),  импорт  – 

354,7 млн. АҚШ доллары (2,2 есе өсу). 

Бұл жерде ескеретін жағдай, бірінші кезекте Ре-

сей, оның үлесі 2012 жылы облыстың жиынтық экс-

портында  10,9%-ды,  импортта  –  21,4%-ды  құрады 

(2010 жылы – 3,9% және сәйкесінше 14,5%). Бела-

русьпен  сауда  қатынастарына  келер  болсақ,  онда 

бұл елмен сыртқы сауда сальдосы даму сатысында 

теріс және ақшалай білдіруде азын-аулақ. 

Аймақтың  ТМД  елдері  ішіндегі  тағы  бір 

стратегиялық  серіктесі  –  бұл  Өзбекстан.  Шекараға 

жақындығы,  тарихи  пайда  болған  байланыстар  мен 

тығыз  ұзақ  мерзімді  серіктестік,  қарым-қатынастың 

негізі  болып  табылады.  Соңғы  3  жылға  бұл  елге 

шығарылатын  экспорттың  жиынтық  көлемі  1  765,39 

млн. АҚШ долларын немесе осы кезеңдегі экспорттың 

жалпы көлемінен 24%-ды, соның ішінде 2012 жылы 

–  564,99  млн.  АҚШ  долларын  құрады  (2012  жылғы 

жалпы  көлемнен  18,7%).  2010-2012  жылдарға 

Өзбекстаннан  әкелінетін  импорт  көлемі  1  085,57 

млн.  АҚШ  долларын  немесе  импорттық  жиынтық 

көлемінде  27,16%-ды  құрады  (2012  жылы  –  475,59 

АҚШ доллары немесе 31,1%). Өзбекстанға экспорт-

талатын  негізгі  тауарлар  –  бұл  бидай  және  бидай 

ұны,  өсімдік  майлары  мен  майлар,  мұнай  өнімдері. 

Жеңіл автокөліктер, тоқыма, тыңайтқыштар, құрылыс 

материалдары импортталады.

Алыс  шетелдер  ішінен  Қытайды  ерекшелеуге 

болады.  2010-2012  жылдарға  Қытайға  экспорт-

тау  көлемі  1  339,01  млн.  АҚШ  долларын  құрады 

(дәл  осы  кезеңдерге  экспорттың  жалпы  көлемінен 

18,1%),  соның  ішінде  2012  жылы  –  510,18  млн. 

АҚШ  доллары  немесе  16,9%.  2010-2012  жылдарға 

Қытайдан  импорттау  көлемі  752,89  млн.АҚШ  дол-

ларын (19,1%), 2012 жылы 199,88 млн. АҚШ долла-

рын  (13,1%)  құрады.  Бұл  ел  мұнайды  және  мұнай 

өнімдерін,  темір  кенін,  қара  металлды  және  жүнді 

тұтынушы  болып  табылады.  Ал  облысқа  жағатын 

майлар, дәрі-дәрмектер, резеңке шиналар, қағаздан 

және  қатырма  қағаздан  жасалған  бұйымдар,  ме-

таллдан жасалған бұйымдар әкелінеді. Экспорттың 

және импорттың тауарлық құрылымы толығырақ 2-3 

кестелерде ұсынылған.

Жалпы  экспорттың  тауарлық  құрылымында 

минералды  өнімдер,  импортта  –  машиналар, 

жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппарат-

тар артықшылыққа ие.



жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау