17
ЭКОНОМИЧЕСКОЕ ОБОЗРЕНИЕ 1 /2013
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР
құрады.
Сонымен бірге абсолюттік көрсеткішпен қатар
заңды тұлғалардың тауарлар, қызмет көрсетулер
мен жұмыстар үшін төлемдерінің ЕДБ кассала-
рынан берілген ақша беру құрылымындағы үлес
салмағы өсімінің үрдісі жалғасуда. Бұл көрсеткіш
2011 жылы 3,32%-ды құраса, 2012 жылы – 3,40%
құрады. Осыған байланысты «Ақша төлемi мен
аударымы туралы» Қазақстан Республикасының
Заңының 21 бабында анықталатын төлемдер мен
ақша аударымдар жүргізудің барлық тәсілінің ішінен
шаруашылық субъектілері қолма-қол ақшамен есеп
айрысуды жөн көреді, ал жоғарыда көрсетілген
Заңның 21 бабында заңды тұлғалар арасында
төлем жүргізу көлемі қолданылатын 1 000 еселен-
ген АЕМ (айлық есептiк мөлшері) асатын мәмiле
бойынша қолма-қол ақшасыз төлеу тәртібімен ғана
жүзеге асыруын қарастыратын шектеу қойылған бо-
латын.
ЕДБ филиалдары кассаларынан қолма-қол
ақшаны берудің ұлғаюы облыс шегінен ақшаның
көптеп әкетілуіне әкеліп отыр. Атырау облысы банк
филиалдарының 2012 жылдың қорытындысы бой-
ынша қолма-қол ақшаның кассалық шығысы 2011
жылдың шығыс көлемінен 132,7 млрд. теңгеге, не-
месе 23,6% артық болды. Облыс бойынша қолма-
қол ақша қайтарылым коэффиценті 85,0% құрады.
Осы аталған көрсеткіштер қолма-қол ақша ай-
налымын азайту мақсатында қолма-қол ақшасыз
төлемдерді дамыту бойынша жұмыстар нысан-
дарын алға қарай жетілдірудің өзектілігін тағыда
растайды. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді, соның
ішінде пластикалық карточкаларды пайдалана
отырып жүргізілетін төлемдерді дамыту Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық
Банк) аймақтық филиалдарының міндеттерінің бірі
болып табылады. Пластикалық карталар негізінде
облыста қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізуді
дамытуға облыс әкімінің «Қазақстан Республика-
сы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы №1328
қаулысын жүзеге асыру туралы» 2008 жылғы 6
қазандағы №251 қаулысының қабылдануы және осы
мәселе бойынша 2010-2012 жылдарға арналған іс-
шаралар жоспарының бекітілуі мүмкіндік туғызды.
Осы аталған жоспар шеңберінде Ұлттық Банк Атырау
филиалымен әр түрлі жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген
жұмыстар ішінен ЕДБ филиалдарымен бірлесіп
ай сайын сауда (қызмет көрсету) ұйымдарында
электрондық терминалдардың болуын және пайда-
ланылуын зерттеу және мониторинг жүргізу шарасы
тиімді нәтиже берді. 2012 жылы мониторинг өткізу ба-
рысында 142 шаруашылық субъектісі қамтылды. Мо-
ниторинг жүргізу кезінде Ұлттық Банк филиалы және
ЕДБ филиалдарының жауапты тұлғалары халыққа
қызмет көрсету сферасының қызметкерлеріне POS-
терминалдарды пайдалану арқылы ақшасыз есеп ай-
рысулар бойынша операциялар жүргізудегі олардың
міндеттері мен жауапкершілігі түсіндірді.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сөз
сөйлеулер, сауда ұйымдарының арасында қоғамдық
кәсіпкерлер
бірлестігінің
қатыстыру
арқылы
жүргізілген ұйымдастыру-түсіндіру жұмыстары,
сонымен қатар екінші деңгейдегі банк филиалда-
ры, салық органы, қаржы полициясы және «Даму»
кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ филиалының
қатысумен облыстық әкімдікте өткізілген семинар-
кеңестер, дөңгелек үстелдер де оң нәтиже көрсетті.
2013 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша об-
лыс тұрғындарында 488,5 мың. дана пластикалық
карточка бар, бұл 2012 жылдың сәйкес кезең
деңгейімен салыстырғанда 15,5% артық. Карточ-
каларды ұстаушылардың саны 449,3 мың адамды
құрады (өсімі 15,2%). 2013 жылғы 1 наурыздағы
жағдай бойынша облыста 1 724 POS-терминал, 497
банкомат жұмыс жасайды. 2012 жылы қосымша 315
POS-терминал, 27 банкомат қондырылған. 100 мың
адамға шаққандағы есеппен POS-терминалдармен
қамтамасыз етілуі Атырау облысы Алматы және
Астан қалаларынан кейін республика бойынша 3
орын алады. Алматы қаласында 100 мың тұрғынға
735, Астанада – 592, Атырау облысында 281 POS-
терминалдан келеді. Осыған сәйкес пластикалық
карточкаларды пайдалану арқылы төлемдер
көлемі ұлғаюда. 2012 жылы жүргізілген төлемдер
сомасы 3,7 млрд. теңгеден астам құрады. Оң ди-
намика бола тұра, аймақта банк карточкалары-
мен қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды да-
мытуда белгілі бір қиындықтар кездесіп отыр.
Олар – тұрғындардың пластикалық карточкаларға
сенімсіздігі, пластикалық карточкаларды пайдала-
на отырып қолма-қол ақша жүргізу мүмкіндіктерін
білмеуі, сауда ұйымдарында төлем карточкала-
рын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға
арналған жабдықтың (қондырғы) жетіспеушілігі,
төлем карточкаларын шығару мен қызмет көрсетуге
байланысты банк тарифтерінің (кәсіпкерлердің ой-
ынша) жоғары болуы.
Қазіргі таңда Ұлттық Банкі филиалы облыс
әкімдігімен бірлесіп «Қазақстан Республикасының
аумағында жүзеге асыру кезінде дара кәсіпкерлер
немесе заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асы-
ратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана
отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық
(қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-
ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып,
төлемдерді қабылдауға міндетті жекелеген қызмет
түрлері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы №1743 қаулысын
жүзеге асыру шаралары жасақтау жұмыстары
жүргізілуде.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді
заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға
айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012
жылы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңын және жоғарыда аталған Қазақстан Республи-
касы Үкіметінің №1743 қаулысын жүзеге асыру төлем
карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз
есеп айырысуды дамытуға ықпалын тигізеді. Заңда
төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді
қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнату
және оны орындамағаны үшін салынатын айыппұл
нормасы көрсетілгендіктен сауда және сервистік
қызмет көрсететін шаруашылық субъектілері РОS-
терминалды қондыруды қамтамасыз етеді. Ал, төлем
карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін тран-
закция көлемін ұлғайтуға РОS-терминалдарды
орнатқан екінші деңгейдегі банктерден басқа