Ескерту. 145-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2015
№ 368-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
146-бап. Егістіктердің немесе екпелердің үстімен жүру
Механикалық көлік құралымен, жегін көлікпен егістіктердің немесе екпелердің
үстімен жүру –
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
147-бап. Егістіктерді, маяларды таптау, ауыл шаруашылығы
дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру
немесе жою, екпелерді зақымдау
1. Ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, ауыл шаруашылығы ұйымдарының, шаруа
немесе
фермер қожалықтарының, жеке қосалқы шаруашылықтардың егістіктерін, маяларын
малдың немесе құстың таптауы, ауыл шаруашылығы дақылдарының
алқапта жиналған астығын
бүлдіру немесе жою не екпелерін зақымдау –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер –
жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
148-бап. Мемлекеттiк заттай гранттарды қайтару
мерзiмдерiн бұзу
Мемлекеттiк заттай гранттардың Қазақстан Республикасының инвестициялар
саласындағы заңнамасында белгiленген қайтару мерзiмдерiн бұзу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
148-бапқа өзгеріс енгізілді -
ҚР 29.10.2015
№ 376-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
149-бап. Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге
қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және
қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi
мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше
орындамау
1. Террористiк тұрғыдан осал объектінің меншік иесінің не иеленушісінің не
басшысының өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету
және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi
мiндеттердi орындамауы және
(немесе) тиiсiнше орындамауы –
жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
150-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметiн
жарнамалау
Қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметiнiң жарнамасын шығару, тарату және
орналастыру –
үш айға дейiнгi мерзiмге бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын)
тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бiр жүз елу, лауазымды адамдарға – бiр жүз жетпіс,
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14-тарау. КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР
151-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге
әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу
1. Шикiзатты, азық-түлiк, өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен
тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
шикізат немесе тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он, шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
152-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жөнелту
үшiн қабылдау қағидаларын бұзу
Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерге жөнелту үшiн қабылдау қағидаларын темiржол, автомобиль, өзен, теңiз, әуе
көлiгiнің және пошта операторының жұмыскерлері жасаған бұзушылық –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 152-бап жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016
№ 499-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
153-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк
Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған түрлерiмен айналысу, егер бұл іс-әрекет
азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе не iрi мөлшерде кіріс алумен
немесе акцизделетiн тауарларды едәуiр
мөлшерде өндiрумен, сақтаумен, тасымалдаумен не
өткiзумен ұштасқан болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын
іс-әрекет белгiлерi
болмаса, –
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – келтiрiлген залал сомасының,
алынған кіріс сомасының және заңсыз кәсiпкерлiк нәтижесiнде алынған акцизделетiн
тауарлар құнының – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Осы Кодекстiң 153 және 155-баптарында азаматқа бiр мың айлық есептiк
көрсеткiштен аспайтын сомада
келтiрiлген залал, не ұйымға немесе мемлекетке он мың айлық
есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада келтiрiлген залал – iрi залал деп танылады.
2. Осы Кодекстiң 153 және 155-баптарында сомасы он мың айлық есептiк көрсеткiштен
аспайтын кіріс – iрi мөлшердегi кіріс деп танылады.
3. Осы бапта құны бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын тауарлар саны –
едәуiр мөлшер деп танылады.
154-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында