эротикалық мазмұндағы заттар мен материалдар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға –
жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
эротикалық мазмұндағы заттар мен материалдар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға –
қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
РҚАО-ның ескертпесі!
135-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016
№ 501-V
Заңымен
(01.01.2017 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
135-бап. Бала асырап алуға, қорғаншылыққа
(қамқоршылыққа), жеке тұлғалардың отбасына
тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке
толмағандар туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбi
мен мерзiмдерiн бұзу
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016
№ 501-V
Заңымен (01.01.2017
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
1. Қарауында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар ұйымдар басшыларының,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдары лауазымды адамдарының:
1) бала асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), жеке тұлғалардың отбасына
тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi ұсыну
мерзiмдерiн сақтамау;
2) бала туралы анық емес мәлiметтер ұсыну, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалардың өңірлік және орталықтандырылған есебіне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
баланы қою үшін оны отбасыға орналастыру мүмкіндігін көрсетуге жататын деректерді
жасыру;
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өңірлік, орталықтандырылған
есебінде балалардың бар-жоғы туралы мәліметтерді және олар туралы деректерді жекелеген
азаматтарға, мекемелер мен қоғамдық ұйымдарға заңсыз жария ету;
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бастапқы,
өңірлік, орталықтандырылған есепке алуды жүргізу тәртібін бұзу түрінде жасаған
бұзушылығы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13-тарау. МЕНШIККЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
136-бап. Жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге
мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер
жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау –
жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
137-бап. Жер учаскесіне құқық беру кезінде және жер
учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде
Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу
1. Жер учаскесіне құқық беру кезінде және жер учаскесінің нысаналы мақсатын
өзгерту кезінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасын:
1) жер учаскесіне немесе жер учаскесін жалдау құқығына жер учаскелерін аукциондық
және конкурстық тәсілмен беру қолданылмайтын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік
меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау
құқығын сауда-саттық (аукциондар мен конкурстар) өткізбей беру;
2) жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы
өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерін бұзу;
3) жергілікті атқарушы органның жер комиссиясының оң қорытындысынсыз және (немесе)
бекітілген жерге орналастыру жобасынсыз жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім
қабылдауы;
4) жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы
шешім қабылдау мерзімін бұзуы;
5) жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау
мерзімін бұзуы;
6) жергілікті атқарушы органның жеке меншікте болуы мүмкін емес жер учаскелеріне
жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы;
7) жергілікті атқарушы органның заңнамалық актілерде көзделмеген жағдайларда жер
учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдауы;
8) жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін жер заңнамасында көзделген
нормадан артық көлемде жеке меншікке тегін беру туралы шешім қабылдауы, сондай-ақ
қайталап тегін беруі;
9) жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын жер
заңнамасында көзделмеген мақсаттарда немесе мерзімде беру туралы шешім қабылдауы;
10) жергілікті атқарушы органның шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы;
11) жергілікті атқарушы органның өзінің құзыретіне кірмейтін, жер учаскелеріне
құқықтар беру туралы шешім қабылдауы;
12) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімін бұзу;
13) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру мерзімдерін бұзу;
14) жерге орналастыру жобасын қарау және бекіту мерзімдерін бұзу;
15) сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу
мерзімдерін бұзу түрінде жасалған бұзушылықтар, егер бұл әрекеттерде қылмыстық
жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
138-бап. Арнаулы белгiлердi жою
1. Жер учаскелерi шекараларының межелiк белгiлерiн жою –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Жерасты суларын байқайтын және режимдiк ұңғымаларды, су объектiлерiндегi
режимдiк байқау тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылығы белгiлерiн, орман
қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгiлерiн, маркшейдерлiк,
геодезиялық және нивелирлiк пункттер мен белгiлердi жою немесе бүлдiру –
Достарыңызбен бөлісу: |