жабдығын ашу және орнату кезінде, сондай-ақ оның жұмыс істеуін тексеру кезінде қатысу
құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру –
отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларының, Қазақстан
Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес
ұйымдары байқаушыларының дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді
ұйымдастыру үшін сайлау комиссиясының мүшелеріне ілесіп жүру не дауыс беруге арналған
үй-жайдан тыс жерде сайлаушылардың дауыс беруін өткізу кезінде қатысу не фото-, аудио-
және бейнежазбаны жүзеге асыру не дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары
тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқау не дауыс беруге, оның ішінде үй-жайдан
тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпаратты алудан бас тарту не
тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағым жасау құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі
келтіру –
отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларына дауыстарды
қайта санаудан бас тарту, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда –
отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік бұқаралық
ақпарат құралдары өкілдерінің сайлау процесінің барлық кезеңіне қатысу не сайлау
комиссияларынан сайлау науқанының барысы туралы ақпарат алу не дауыс беруді өткізу және
дауыстарды санау кезінде сайлау учаскелеріне кіру не сайлау процесіне қатысушылармен
кездесу, не жария мәлімдемелер жасау не дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары
тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімдерін байқау құқығына, мұндай құқық заңда
көзделген жағдайларда кедергі келтіру –
отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
127-бап. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң
балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi
орындамауы
1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды
тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы –
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін
әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
128-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық
бұзушылық жасауға тарту
Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту –
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
129-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды
адамдарының және (немесе) баланың заңды
өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
есепке қою жөніндегі міндеттерді орындамауы
1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың
заңды өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды есепке қою жөніндегі міндеттерді орындамауы, сол сияқты белгіленген мерзімді
бұза отырып есепке қою –
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
130-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды
адамдарының және (немесе) баланың заңды
өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын жайын
сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы
1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың
заңды өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын
жайын сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы –
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
131-бап. Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн
жеткiзу
Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі
мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
132-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта
ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру
1. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды
өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – алпыс,
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – тоқсан, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
133-бап. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және
темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы
1. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және
олардың сатуы –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – қырық,
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
134-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы
заттар мен материалдарды сату
1. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы баспа басылымдарын, кино- немесе
бейнематериалдарды, бейнелердi немесе өзге де заттарды не материалдарды сату –
Достарыңызбен бөлісу: |