жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
139-бап. Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
1. Жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына
мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасау –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір
жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлік, әкімшілік құқық
бұзушылықты жасау құралдары мен заттары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз,
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
140-бап. Кен орны учаскелерiн таңдап өңдеу
1. Кен орны учаскелерiн пайдалы қазбалардың қалған қорлары сапасының нашарлауына,
олардың жобадан тыс және нормативтен тыс негiзсiз ысырабына әкеп соғатын таңдап өңдеу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне –
екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан, кен орны учаскелерiн өңдеу
жөнiндегi жобалық шешiмдердi сақтамау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір
жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
141-бап. Суға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
1. Су объектiлерiн заңсыз басып алу, оның ішінде сарқынды және басқа да суды
ағызу, суды заңсыз пайдалану, су пайдалану құқығын басқаға беру, сондай-ақ суға
мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер
жасау –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
2. Лимиттердi бұзып су алу, рұқсат берілген көлемнен асыру, гидротехникалық
жұмыстарды заңсыз жүргiзу, су объектiлерiнен шығарылған немесе бұрылған жерасты және
жерүстi суларын ұтымды, нысаналы пайдаланбау –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе
коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
142-бап. Орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге беру, заңсыз иелену
және айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзатын орман пайдалануды
жүзеге асыру құқығын заңсыз басқаға беру –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
143-бап. Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк
меншiк құқығын бұзу
1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын заңсыз басқаға беру, сондай-ақ
жануарлар дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын
басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардағы пайдаланылуына рұқсат алу талап етiлетiн жануарлар дүниесi объектiлерiн
заңсыз пайдалану –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын заңсыз басқаға беру, сондай-
ақ өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда
бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты пайдаланылуына рұқсат алу талап етiлетiн
өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн заңсыз пайдалану –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне
– бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
144-бап. Энергияны немесе суды заңсыз қосу, пайдалану
1. Электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз қосу, пайдалану -
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Су құбырлары желiлерiнен суды заңсыз қосу, пайдалану, сол сияқты кәрiздiк
желiлерге заңсыз қосылу –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
145-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы
заңнамасын бұзу
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану
саласындағы заңнамасын:
1) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидаларын
бұзушылықтар;
2) тарих және мәдениет ескерткіштерін күтіп-ұстаудың қорғау міндеттемелерінде
жазылған шарттарын бұзушылықтар;
3) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бұзушылықтар;
4) тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын заңсыз ауыстыру және оларды өзгерту;
5) аумақтарды игеру кезiнде жер учаскелерi бөлiп берiлгенге дейiн тарихи, ғылыми,
көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар объектiлердi анықтау жөнiнде зерттеу
жұмыстарын жүргiзбеу;
6) тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін
жұмыстарды жүргізу түрінде жасалған бұзу –
жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, лауазымды
адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір
жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |