нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) – бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне он пайызы
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың нарық субъектiлерiнiң экономикалық
қызметiн нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым
салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерiнiң кез келген нысанына әкеп соқтыра алатындай,
әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған үйлестiруi -
жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – үш жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, ірі кәсiпкерлiк
субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – үш жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – үш жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті жүз, ірі кәсiпкерлiк
субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
Ескертпелер.
Бәсекелестікке қарсы келiсiм немесе бәсекелестiкке қарсы келiсiлген әрекеттер
түрiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған нарық субъектісі мынадай шарттарды жиынтықты
сақтаған:
1) нарық субъектiсi монополияға қарсы органға бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер
немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген әрекеттер туралы мәлiмдеген кезде монополияға
қарсы орган басқа көздерден осы бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке
қарсы келiсiлген әрекеттер туралы ақпарат алмаған;
2) нарық субъектiсi бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерге немесе бәсекелестікке қарсы
келiсiлген әрекеттерге өзiнiң қатысуын тоқтату жөнiнде шұғыл шаралар қолданған;
3) нарық субъектiсi мәлiмдеген кезден бастап бүкiл тергеу бойында бәсекелестiкке
қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген әрекеттер фактiлерi туралы толық
ақпаратты хабарлаған;
4) нарық субъектiсiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы
келiсiлген әрекеттердi жасау салдарынан тұтынушыларға келтiрiлген залалды ерiктi түрде
өтейтін кезде әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 159-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2015
№ 312-V
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
29.10.2015
№ 376-V
(01.01.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі)
Заңдарымен.
160-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия
туралы заңнамасын бұзу
1. Мемлекеттiк монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
монополия туралы заңнамасында белгiленген шектеулердi сақтамауы –
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған қызметті уәкілеттік берілмеген
тұлғаның жүзеге асыруы –
әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары тәркілене отырып
немесе онсыз, жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу,
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
161-бап. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлану
кезiндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттерi
1. Егер монополияға қарсы орган келісімінің болуы қажет болған жағдайда, нарық
субъектiлерiнің мұндай келісімді алмастан экономикалық шоғырлануы, экономикалық
шоғырлануға қатысушы нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы
шешiмге негiз болған талаптар мен мiндеттемелердi орындамауы –
жеке тұлғаларға – сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, ірі
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
2. Егер жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаның болуы қажет болған
жағдайда, монополияға қарсы органға мұндай хабарламаны ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау –
жеке тұлғаларға – сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, ірі
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
162-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамау.
Ақпарат беру жөнiндегi мiндеттемелердi бұзу және
үй-жайлар мен аумаққа кiруге кедергi жасау
Нұсқаманы орындамау немесе оны толық көлемде орындамау, монополияға қарсы органға
белгiленген мерзiмдерде ақпарат бермеу не ақпаратты толық көлемде бермеу, монополияға
қарсы органға анық емес және (немесе) жалған ақпарат беру, монополияға қарсы органның
тергеп-тексеру жүргiзетiн лауазымды адамдарының үй-жайлар мен аумаққа кiруiне кедергi
жасау –
жеке тұлғаларға – сексен, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш
жүз алпыс, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
163-бап. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың
бәсекелестікке қарсы әрекеттерi, жосықсыз
бәсекелестік
1. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерi –
лауазымды адамдарға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Жосықсыз бәсекелестік –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш
жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт
жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
164-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар
және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу
1. Табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар салаларындағы және
реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға белгіленген
нысандардағы ақпаратты, есепті, хабарламаны бермеуі, сол сияқты белгіленген нысандардағы
ақпаратты, есепті, хабарламаны белгіленген мерзімдерін бұза отырып беруі –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі
жүз қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер (әрекетсіздік) –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне
– екі жүз сексен, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың екі жүз айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |