уақытша басқарушыны ауыстыру кезiнде борышкердiң
құрылтай құжаттарын, есепке алу
құжаттамасын, мөрлерiн, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын беру
мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Кредитордың және борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң жазбаша сұрау салуы
негiзiнде ақпарат беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру мiндетiн орындамау не
тиiсiнше орындамау –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелердi келiсу туралы
борышкердiң өтiнiшiн қарау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Банкроттың тез бұзылатын мүлкiн оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi
органның келiсiмiнсiз сатуды жүзеге асыру –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Осы баптың бiрiншi – он төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
178-бап. Жария сауда-саттықтар, аукциондар мен конкурстар
өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзу
Мүлiктің меншік иесiне, сауда-саттықтарды немесе аукциондарды ұйымдастырушыға,
сатып алушыға немесе өзге де шаруашылық жүргiзушi
субъектiге iрi залал келтiрген, жария
сауда-саттықтар, аукциондар немесе конкурстар өткiзудің белгіленген тәртiбiн бұзу –
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапта жеке тұлғаға айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын
сомаға келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бес жүз
есе асатын сомаға келтірілген залал – ірі залал деп танылады.
179-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық
туралы заңнамасын банкроттықты басқарушының
бұзуы
1. Түгендеу жүргiзу және (немесе) кредиторлар жиналысына түгендеу жөнiндегi есепті
ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банкроттың мүлкiн күзетудi және бақылауды қамтамасыз ету мiндетiн орындамау не
тиiсiнше орындамау –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында
белгiленген
жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегi бар тұлғалардан берешектi
сот тәртібімен өндiрiп алу туралы талаптар қою мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау
–
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға банкроттық рәсiмiнiң
жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты беру мiндетiн
орындамау не тиiсiнше
орындамау –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банкроттық рәсiмiнде кредиторлар жиналысы өтетін күнi, уақыты мен орны туралы
кредиторды хабардар етпеу не тиiсiнше хабардар етпеу –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Электрондық аукцион өткiзу туралы ақпараттық хабарламаны орналастырудың
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген
тәртiбiн бұзу –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Сату жоспарын жасау тәртiбiн бұзу не банкроттың мүлкiн (активтерiн) сату
жоспарын бұза отырып борышкердiң мүлкiн сату –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Кредиторлар жиналысы есеп айырысуға көшу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн
кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау, сол
сияқты кредиторлармен есеп айырысуды кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың
белгiленген тәртiбiн бұза отырып жүргiзу –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Әдейi және (немесе) жалған банкроттық белгiлерi анықталған жағдайларда құқық
қорғау органдарына ақпаратты хабарламау –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Борышкердiң немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғаның Қазақстан Республикасының
азаматтық заңнамасында және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмiлелерiн анықтау
мiндеттерiн орындамау не тиiсiнше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлiктi сот
тәртiбiмен банкроттың мүлiктiк массасына қайтару туралы талаптар қоймау –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Әкiмшiлiк шығыстар сметасында көзделген ақшаны асыра жұмсау не мақсатқа сай
пайдаланбау –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Банкроттықты басқарушы шеттетілген (босатылған) немесе борышкердi банкрот деп
тану туралы сот шешiмiнiң күшi жойылған кезде борышкердiң құрылтай құжаттарын, есепке
алу құжаттамасын, мөрлерiн, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын
жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге
беру мiндетiн орындамау
не тиiсiнше орындамау –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Сотқа қорытынды есептi ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының
оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн қорытынды есептi
ұсыну –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту және
банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негiзiнде банкроттық рәсiмдердiң жүзеге
асырылу барысы туралы оған хабарламау не уақтылы хабарламау –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
16. Кредиторлар комитетiнiң шешiмi негiзiнде кредиторға талаптарды есепке жатқызу
туралы уақтылы мәлiмдемеу –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
17. Мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот туралы, оған
тиесiлi (тиесiлi болған) мүлiк туралы ақпаратты және растайтын құжаттардың көшiрмелерiн
талап етіп алдыру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
18. Борышкердiң лауазымды адамдарының кiнәлары анықталған жағдайда залалды
(субсидиарлық жауаптылықты) өндiрiп алу (өтету) туралы сотқа талаптар қоймау –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.