кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу
белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы
Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым
салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы –
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе)
құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар
тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
155-бап. Заңсыз банктік қызмет
Азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрген не iрi мөлшерде кіріс
алумен ұштасқан, банктік қызметті (банк операцияларын) тiркеусіз немесе рұқсат
(лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда мұндай арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге
асыру, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
жеке тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – келтірілген залал сомасының,
заңсыз қызмет нәтижесінде алынған кіріс сомасының – отыз, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
156-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы
заңнамасының талаптарын бұзу
1. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын:
1) фильмге прокаттау куәлігінсіз Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді
прокаттау және көпшiлiкке демонстрациялау;
2) көрермендерді фильм көрерменінің жас шегі (индексі) туралы белгiленген
тәртіппен хабардар етпеу;
3) «Е 18» және «НА» индекстері бар фильмдерді кинозалдарда және осы мақсаттарға
арналған өзге де орындарда және телеарналарда (шетелдік телеарналарды қоспағанда)
прокаттау және көпшілікке демонстрациялау кезінде белгіленген уақытты сақтамау;
4) мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртібін және шарттарын сақтамау;
5) ұлттық кітапханаларға басылымның міндетті тегін данасын ұсынбау түрінде
жасалған бұзушылық –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсiпкерлiк
субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
157-бап. Көрiнеу жалған жарнама
Пайдакүнемдiк пиғылмен жасалған және iрi залал келтiрген, жарнама берушiнiң
жарнамада тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ оларды
өндiрушiлерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрiнеу жалған ақпаратты
пайдалануы –
жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз елу, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапта жеке тұлғаға айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын
сомаға келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бес жүз
есе асатын сомаға келтірілген залал – ірі залал деп танылады.
158-бап. Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін,
тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық
атауды заңсыз пайдалану
Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердiң
атауын немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, онымен
айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық
атауды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi
болмаса, –
тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауар шығарылған жер атауы немесе бiртектес
тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, онымен айырғысыз дәрежеге дейін
ұқсас белгілемелер заңсыз бейнеленген тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – отыз,
шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – елу, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
Ескертпе.
Осы бапқа сәйкес тәркіленген тауарлар, құқық иеленушінің өзі салған тауар белгісі
бар түпнұсқа тауарларды немесе қоғамдық мүдделер үшін оларды айналымға енгізу қажет
болатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 795-бабында көзделген тәртіппен жойылуға
жатады.
Ескерту. 158-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015
№ 365-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
159-бап. Монополистік қызмет
1. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым
салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын
іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде
алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – монополистiк қызметтi жүзеге асыру
нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) – үш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес пайызы
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым
салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiлген әрекеттерi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық
жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде
алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға монополистiк қызметтi жүзеге асыру
нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) – үш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес пайызы
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым
салынған өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын терiс пайдалануы, егер бұл
әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде
алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға монополистiк қызметтi жүзеге асыру
нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) – үш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес пайызы
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде
алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға монополистiк қызметтi жүзеге асыру
Достарыңызбен бөлісу: |