Қостанай облысында аңызға айналған жерлер - Тілдік даярлау орталығы
- Г.Қ. Журсиналина
- А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ
Республикалық маңызы бар ескерткіштер Екідің рәсімдік құрылысы. VII-IX ғғ - Қостанай облысы Амангелді ауданында Екідің ауылына (Сарыторғай) жақын алқапта ертедегі екі рәсімдік құрылыс жабайы тастан кигіз үй тәріздес салынған. Шамамен ерте темір ғасыр уақыты. Жергілікті аңыз бойынша XVII-XVIII ғғ. Екідің тұрған төбелер арасындағы алқапта қантөгіс соғыс болған. Бір-бірімен жауласқан рулар әскери басшыларының ордасы осы жерде орналасқан. XX ғасырдың 80-жылдарында жергілікті халықтан жиналған қаражатқа бұзылған діңдерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
I-Екідің - Арқалық қаласы әкімдігіне бағынысты аумақта, Қараторғай өзенінің оң жағалауында, өзеннен 0, 73 шақырым және Бейсен қыстауынан солтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде орналасқан.
- Қорған үйіндісі жер мен тастан салынған. № 1 қорған үйіндісінің диаметрі 15 м тең, биіктігі – 0,7 м. Қорған айналасының ені – 5 м, тереңдігі – 0,3 м орлар бар.
II -Екідің - Қырлы жерде орналасқан, алыстан көрінеді. Кигіз үй тәріздес құрылыс тастан салынған, диаметрі – 6 м., жалпы биіктігі – 3,8 м. Кіру бағыты – шығыс.
Ыбырай Алтынсаринның ескерткіші Мүсінші: Н.А.Щербаков, сәулетшілер: И.А.Покровский, В.Д.Горчинский, 1970 жыл Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 118 «А» Мүсінді ескерткіш граниттен жасалған. Ескерткіш Ы. Алтынсарин ашқан бұрынғы қазақ мектебінің орнына орнатылған. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Әлжан селосында туған. 1857 жылы ол Орынбор қаласындағы қазақ мектебін ойдағыдай бітірді. 1869 жылдан бастап Ы.Алтынсарин Торғай уезі мектептерінің инспекторы болып жұмыс істейді. Өзінің күш-жігерінің арқасында қазақ балалары үшін 7 болыстық бастауыш мектеп және төрт екі жылдық училищелер, оның ішінде қыздарға арналған бірінші мектептер ашылды. Ы.Алтынсаринның шығармашылық жұмыстары жақсы жетістіктерге жетті. Ол Орыс географиялық қоғамының басылымдары мен жергілікті газеттерде жарияланған мақалаларынан басқа, 1879 жылы екі кітап: «Қырғыз хрестоматиясы», «Қырғыз балаларын орысша оқытудың бастауыш құралы», ал кейінірек «Мақтұбат» кітаптарын шығарды. Ы.Алтынсарин қазақтың талантты жазушыларының бірі. Ол И.Крыловтың мысалдарын, Л.Толстойдың әңгімелерін аударумен қатар, қазақтардың өмірі туралы шағын әңгімелер жазды. Ы.Алтынсарин қазақ көркем прозасының бастаушысы. Аманкелді Иманов 1916 жылғы көтерлістің қолбасшысы болып жарияланған тұрғын үй Шебер-Аймағамбет ұста, XX ғасырдың басы Амангелді селосы, Майлин көшесі, 16, Арқалық қаласына бағынысты аумақ. Бір қабатты күйдірілген қызыл кірпіштен салынған, көлемі 14,2 х 12,2 м. Кіреберіс жағында терезе жоқ. Кіру арка түрінде жасалған. Кіреберістегі кірпіштер ой-өрнектермен әшекейленген. Екі жақ бүйірінде 4 терезеден орналасқан. Мемориалдық тақтада қазақ жне орыс тілдерінде мынадай жазба жазылған: «Бұл үйде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы халық батыры Аманкелді Иманов Сардар болып тағайындалған». Бұл тұрғын үй Мұхаметжан Бүркітовтікі болған. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде жиналыстар өткен. Мұражайлар «Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық мұражай» ММ - Ы. Алтынсаринның мемориалдық мұражайдың қызметі көп қырлы: мұражай қорларын жинақтау, көрмеліктерді зерттеу және сақтау, есепке алу, экспозициялық-көрме және ғылыми–ағарту қызметі. Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық мұрасының тарихын, оның ізбасарлары мен оның жалпы пайда болуын қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Мұражайдағы «Шашу» әдебиет қонақ бөлмесінде жас және атақты ақындармен кездесулер ұйымдастырылады, оқушылардың сәнді қолтаңбалы, көркем жұмыстарының көрмесі, тақырыптық кештер, ғылыми педагогикалық конференциялар өткізіледі. Жыл сайын 30 мыңға жуық.
«Қостанай облыстық тарихи -өлке тану мұражайы» ММ - Мұражай облыста барлық мемлекеттік және қоғамдық мұражай үшін әдістемелік орталық, мәдени және ғылыми-зерттеу мекемесі болып табылады. Қазіргі мұражай қорының жинағында 107 мыңнан астам мұражай заттары бар, оның ішінде шамамен 65 мың негізгі қордың заттары. Жыл сайын 100 мыңға жуық адам (2008 жылы – 141277 адам) Меңдіқара ауданы Боровской кентіндегі және Жітіқара қаласындағы филиалдарға, Жітіқара ауданы Тоқтарово кентіндегі секторға барады.
Облыстық сурет галереясы - Тақырыптық және жеке суретшілер- бейнелеу өнерінің шеберлері мен жас авторлардың көрмелері өткізіледі, онда қала тұрғындары мен қонақтары ұсынған жұмыстармен таныса алады. Шығармашылық салонда сыйлыққа тарту, үй мен офистің интерьерін рәсімдеу үшін авторлық жұмыстарды сатып алуға болады. Ол суреттер ұзақ жылдар бойы көңіл-күйіңізді көтереді.Жертөледе Вадим Быков, Юрий Новоселов, Светлана Шалунова сияқты суретшілердің шығармашылық суреттері орналасқан. Онда суреттерге, кісінің суреті, әсем көрініс бейнеленген суреттер, қызықты композицияларға тапсырыс беруге болады. Күн сайын сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін экскурсиялар өткізіледі. 50-20-32 телефоны арқылы көп адамдар келу үшін өтінімдер қабылданады. Сурет галериясының залдарында тұсаукесерлер, көрмелер, мәжілістер, конференциялар, сондай-ақ шығармашылық кездесулерді өткізуге болады.
Туристік аймақтар «СОСНОВЫЙ БОР» - Қостанай қаласынан 45 шақырым жердегі курорт жерінде орналасқан санаторий. Санаторийдің табиғи және емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері толық бағалы демалу және сауығу үшін негіз болып табылады.
- Санаторийде:
- қазіргі заманға сай медициналық және диагностикалық аппаратурасы бар емдеу-диагностикалық корпус;
- люкс, жартылай люкс және қалыпты класстары 400 орынға 7 мен 5 қабатты тұрғын корпустары, сондай-ақ жабдықталған корпустармен 40, 90 және 25 нөмірлер орналасқан. Санаториялық курорттық емдеу қызметтерін ұсыну кезінде физио-балшықпен және сумен емдеу пайдалынады. Арасан су негізгі емдеу факторы болып табылады. Санаторийдің «Сосновый бор» минералды судың құрамы атақты «Пятигорск» курортының минералды бұлағына жақын, сондай-ақ «Моршин», «Карловы Вары» мен «Ессентуки №17» суларына ұқсас болып табылады. Асхана мен мейрамханада жайлы интерьер, баланс жасалған диеталы тамақтану. Демалуға келген адамдарға келесі қызметтер ұсынылады: теннистік корт, тау велосипеді, катамарандар, шаңғылар, аэрошаналар, бильярд, боулинг, тир, мейрамханалар, шатхана-бар, DVD –кинозал.
Қорықтар Наурызым мемлекеттік табиғи қоры - Мәртебесі: республикалық мағынасы бар табиғатын қорғау және ғылыми мекеме мәртебелі ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
- Жалпы сипаттамасы: Наурызым қоры үш учаскеден тұрады. Орталық учаскесін (1 39714 га) жайылмалық шалғындар, сондай – ақ Наурызым қарағайлы орманы, Аққансай дала өзені, даланың әр түрлі түрлері (әр түрлі шөпті-құмды, бұталы – селеулі, бетеге – селеулі), қайыңды орманды жыра өзектер мен көк теректер қоршаған тұщы және ащы көлдер.
- Сыпсың (38720) Наурызым – қарасу өзенінің жайылмасындағы ұсақ жапырақты тікенді ормандарды, құрғақ шалғындарды, әр түрлі шөпті-құмды, бұталы – селеулі, бетеге – селеулі далаларды, азғантай батпақтанған көлді елестетеді.
- Терсек (12947) Дала-Бике өзенінің аңғарындағы тікенді қарағайлы орман, бетеге – селеулі далалардың аймақтық беткейлері, әр түрлі шөпті -бұталы – селеулі, бетеге-селеулі далалар жатады.
- Учаскелер бір бірінен 9 км –ден 14 км-ге дейінгі қашықтықта орналасқан.
- Экотуризм. Қорықта 6 экскурсия маршруттары әзірленген, табиғат мұражайы бар.
Спорт объектілері Спорт мұз сарайы - Онда мынадай секциялар жұмыс істейді:
- шайбалы хоккей;
- шорт-трек;
- мәнерлеп сырғанау;
- Аптасына үш рет, сондай-ақ мереке күндері балалар мен ересектер мұз айдынында рақаттана сырғанақ тебеді.
- Шайбамен хоккей турнирлері, бетін пайдаланып әртүрлі спорттық іс-шаралар: волейбол, гандбол, баскетбол, балды билер чемпионаттары өткізіледі.
- Жыл сайын мұз айдыны балеті, цирк, ресей эстрада жұлдыздары өздерінің тамаша қойылымдарымен келеді
«Орталық» стадионы - Сыйымдылығы – 8 320 орын.
- Екі мінбе бар – Шығыс және Батыс.
- 2002 жылы футбол алаңының үсті неміс технологиясы бойынша ауыстырылды және автоматты түрде суару жүйесі орнатылды. Стадионның бас аренасын электр жабдықтауы төрт арнайы деңгік арқылы жүзеге асырылады.
- 2008 жылы стадион УЕФА нормаларына сай келетін арнайы көмескі жарықпен жабдықталған. 1200 люкс жабдығымен үш режимді фонарлар 200 люкс ескі шамдарды ауыстырды.
Аквапарк - ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
- Спорттық бассейн:
- Ұзындығы- 25 м,3 жол, трамплин, тереңдігі- 1,2 - 3,4 м, t-27°C
- Горки:
- Black how (биіктігі -7 м, ұзындығы - 67 м)
- Bodi slait (биіктігі - 7 м, ұзындығы- 53 м)
- Raut slait (биіктігі - 3 м, ұзындығы- 8 м)
- Толқындау
- Тез өзен
- Гидромассаж жатулар
- Гидромассаж қуыстар
- Әуе гейзері
- Су каскады
- Су саңырау құлағы
- Әуе асылмалы көпір
Театрлар Қостанай облыстық қазақ драма театры - Театр бірнеше рет республикалық фестивальдарға қатысып, онда актерлер мынадай номинацияда: Қ. Бегайдаров екі рет ең үздік еркек рөлі, З. Балтабаева, А. Қасымова – ең үздік әйел рөлі, бас көркемдеуші М. Нұрмұханов – ең үздік сахна шебері үшін лауреат атанды. Жыл сайын театр тобы Қостанай облысы мен республика қалалары бойынша гастрольдік сапарға барады. Әртістер Ресей Федерациясы, Челябі облысы, Ноғайбай ауданында гастрольдік сапарда болды. Театрда жас кадрларды оқыту үшін театр студиясы жұмыс істейді. Актерлік шеберлікке үйренгісі келгендер студияға оқуға түсе алады. Бүгінде театр репертуарында 47 қойлым, оның ішінде 10 балалар спектаклі бар.
Орыс драма және қуыршақ театры - 1999 жылы И. Горький атындағы облыстық драма театры мен облыстық қуыршақ театры біріктірілді. Осы екі топтың шығармашылық одағы Қазақстанда жалғыз, теңсіз болып табылады, сондықтан көрерменді кішкене кезінен бастап жетелейді және өсіреді. Театр жылына шамамен 45 000 үлкен және кішкентай көрерменге қызмет етеді. Спектакльдардың жоғары кәсіби деңгейі бірнеше рет халықаралық және республикалық фестивальдарда жеңіске жетумен расталады.
- Қазіргі күні театр әр түрлі жастағы көрермендерді, яғни мектепке дейінгі балалардан бастап зейнеткерлерге дейін қамтиды.
Арқалық жас көрермен облыстық қазақ театры - Штат саны 55 адамды құрайды. Шығармашылық қызметкерлер – 24, әкімшілік персонал – 5, шығармашылық персонал – 5, техникалық персонал – 21. Отыратын орындар – 320. Жалпы алаңы - 6390 шаршы метр
Мәдени «Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармония» ММ - Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармония 60 жылдан астам жыл бойы тыңдаушы аудиторияны халық әуен қазынасына, отандастық және әлемдік музыка классикасының жоғары үлгісіне белсенді бейімдейді.
- Оның жұмысының арқасында Қостанай облыстың музыкалық мәдени орталығына айналды.
- Қазіргі күні онда мыналар жұмыс істейді:
- Қазақ халық аспаптарының оркестрі
- Орыс халық аспаптарының оркестрі
- Камералық оркестр
- Концерттік «Big-Band»
- «Ақжелен» фольклор музыка ансамблі
- «Костанайские зори» би ансамблі
- «Славянская песня» ансамблі
- «Былина» ансамблі
- «Нью-бойс» поп-тобы
- «Жаңа Ару»тобы
- «Талисман» тобы
- «Әуен» тобы
- «Кристалл» тобы
- Шекті квартет
- Халық аспаптарының секстеті
- «Тамаша» сықақ театры Ұжым жұмыс нәтижесінде тек кәсіби өсіп қоймай, сондай-ақ республикада үздік ұжым болып табылады.
«Қостанай облыстық Мәдениет сарайы» МКҚК - Облыстың бастаушы мәдениет орталығы. Онда қала мен облыстың ұлы және кіші оқиғасы мерекеленеді, облыстың мәдени өмірінің ажырамас бөлігі болып табылатын, дәстүрлі шығармашылық жұмыстардың жүйесі қалыптастырылды. Облыстың клуб мекемелері жұмысын практикаға енгізу және іске асыру, жаңа жобалар, саралаудан өткізу үшін идеялар әзірленеді.
«Облыстық шығармашылық үйі» МКҚК - Қызметінің бағыттары:
- - шығармашылық одақтар мен бірлестіктерді ұйымдастыру;
- - халықтың әр түрлі жастағы категориясының әлеуметтік – мәдени сұранысын жан-жақты қанағаттандыру;
- - өсіп келе жатқан ұрпақты қазақ халқының үздік әдет – ғұрпына тәрбиелеу, қазақстан жастарының құндылық жүйесін қалыптастыру.
Тұлғалар Ыбырай Алтынсарин - Ыбырай Алтынсарин – саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогиялық, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған. Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды.
Шоқан Уәлиханов - Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты- Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болған.
Ахмет Байтұрсынов - Қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы.
- 1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.
- Әділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады.
- 1886-1891 жылдары Торғай қаласындагы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды.
- 1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.
- 1905 жылы жер меселесі, казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.
- Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, "Қырық мысал" жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою-ернек әкелген "Маса" жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді.
- 1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге "Қазақ" газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.
- Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық "Алаш" партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады.
Міржақып Дулатов - Міржақып Дулатов – көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. (1885 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы – 1935 жылы туған). Карель АКСР-ы (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы), Беломорск ауданы, Сосновец темір жолы стансасында жерленген. 1996 жылы еліне әкелініп, қайта жерленді 1920-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өкілі.
- Торғайда 2 сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген (1902 жылы). 1902-1911 жылдары Торғайдағы Қызылжарда мұғалім болып жұмыс істеген. 1911-1918 жылдары «Айқап» журналында жұмыс істеген. « Қазақ » газетінде қызметкер, 1917-1918 жылдары «Алаш» партиясын, Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі болып, Қазақ мемлекетін құру ісіне белсене атсалысты. 1920-1928 жылдары « Ақжол » газетінде ( Ташкент қаласында ) редактор, Семейде сот қызметкері, Орынбор қазақ ағарту институтында оқытушы, Қазақ мемлекет баспасында саяси редактор, «Еңбекші қазақ» газетінде жауапты хатшының көмекшісі. 1928 жылы желтоқсанда репрессияға ұшырап, 1935 жылы айдауда жүріп қайтыс болды. 1988 жылы 4 қарашада ақталды.
Амангелді Иманов - Амангелді Үдербайұлы Иманов (3.4.1873, бұрынғы Торғай уезі, Қайдауыл болысы – 18.5.1919. Торғай қ.) - халық батыры, қазақ халқының батыры, қазақ халқының1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болған. Шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. А. Иманов әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түскен. Әкесінің 7 жасында жетім, жоқшылық тауқыметін ерте тартқан. Ел ішіндегі дау-шығар ерте араласқан, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1986-1911 ж. арасында бірнеше рет түрмеге отырғызылды.
- А. Иманов батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтерілісі барысында айқын көрінеді. 2 -3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбділғапар Жанбосыновты хан, А. Имановты көтеріліс қолбасшысы (сандар) етіп сайлады. Әбдіғапар мен А. Имановтың ұйымдастырушылық іскерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды, әскери-ұйымдық жағынан нығайып, оған қатысушы сарбаздар қатары 50 мың адамға жетті. ( Торғай қ. көтерілісі). А. Иманов Торғай қаласын 27 күн бойы қоршауға алды. Ол көтерілісшілердің Шошқалы, Күйік қопаларындағы шайқастарына, подполковник Тургеневтің жарақты үлкен жасағына қарсы 1917 жылғы 21-23 ақпандағы Құмкешу - Доғал – Үрпектегі соңғы айқасына тікелей басшылық жасаған. Жазалаушылар Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісін тұншықтыра алмады. Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жалғасады.
Рахымжан Қошқарбаев - Ұлы Отан соғысына қатысушы, Рейхстагқа Жеңіс Туын таққандардың бірі.
- Қазіргі Ақмола облысының бұрынғы Целиноград ауданыңда дүниеге келді. Қызыл әскер қатырында қызмет етуге шақырылды. Фрунзе жаяу әскерлер училищесін бітірді. Бірінші Белорусия майданының Идриц атқыштар девизиясы құрамындағы 150-взвод командирі болды. Польша мен Германияны азат етуге қатысты.
- 1945 ж. Рейхстагқа штурм жасушылардың алғы шебінде болды. 30 сәуірде, Г.Булатовпен бірге, жаңбырдай жауған оқ астында Рейхстаг төбісіне Жеңіс Туын желбіретті. Фашистік Германия талқындалғаннан кейін, Эльбадағы Кеңестік билік бөлемінде қызмет етті.
- 1947-1967 жж. Ақмола облатком нұсқаушысы, Қазақ КСР Министерлер Кеңесі жанындағы қоңыс аудару бөлімі басқармасының бас нұсқаушысы болып істеді.
- Қызыл Ту, Отан соғысының Бірінші дәрежелі ордендерімен марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |