Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығЫ



жүктеу 0,59 Mb.
Pdf просмотр
бет6/22
Дата14.05.2018
өлшемі0,59 Mb.
#12454
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

19

тету  үшiн  негiз  болған  себептер  анықталғанға  және  жойылғанға 

дейiнгi мерзiмге жұмыс берушiнiң бұйрығымен жүзеге асырылады.

Жұмыс берушi қызметкердi жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдай-

да оның жалақысы сақталады.

ЕҢБЕК ШАРТЫН ТОҚТАТУ 

ЕҢБЕК ШАРТЫН ТОҚТАТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

тараптар келісімі

еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталуы

қызметкердің бастамасы бойынша

жұмыс берушінің бастамасы бойынша

шарт  жасасу талаптарының бұзылуы

тараптардың еркiнен тыс мән-жайлар

қызметкердiң еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы

қызметкердің сайланбалы лауазымға ауысуы

жұмыс берушiнiң атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартын-

да көзделген негiздер



20

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Бұдан әрі еңбек шартын тоқтатудың кейбір негіздерін қарасты-

рамыз.


Еңбек  шартын  тоқтатудың  кең  тараған  негіздерінің  бірі 

тарап-

тардың келісімі болып табылады (ЕК-нің 52-бабы). Еңбек шар-

тын бұзуды қалаған тарап еңбек шартының екінші тарабына өтініш 

жібереді. Хабарлама алған Тарап 3 жұмыс күнi iшiнде екiншi тарап-

қа қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабарлауға мiн-

деттi. Еңбек шартының бұзылу күнi тараптардың келiсiмi бойынша 

айқындалады. 

Еңбек  шартында  қызметкермен  келiсiм  бойынша,  жұмыс  бе-

рушiнiң  қызметкерге  бiр  жылғы  орташа  жалақысынан  кем  емес 

мөлшерде өтемақы төлей отырып, алдын ала хабарламастан ең-

бек шартын бұзу құқығы көзделедi. 

Шартты тоқтатудың келесі негізі

 – бұл оны қолдану мерзiмiнiң 

аяқталуы  (ЕК-нің  53-бабы).  Шартта  келiсiлген  мерзiмге  сәйкес, 

қыз меткердiң соңғы жұмыс күнi белгiлi бiр мерзiмге жасалған ең-

бек шарты мерзiмiнiң аяқталатын күнi болып табылады. Жұмыстың 

аяқталған күнi белгiлi бiр жұмыстың орындалу уақытына жасалған 

еңбек  шарты  мерзiмiнiң  аяқталар  күнi  болып  табылады.  Жұмыс 

орны сақталған қызметкердiң жұмысқа шыққан күнiнiң алдындағы 

жұмыс күнi уақытша болмаған қызметкердiң орнын ауыстыру уақы-

тына жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталар күнi болып табы-

лады. Мейлінше жиі кездесетін мысал босану мен сәбиін күтіп-бағу-

мен байланысты демалыста болған әйелдің орнына қабылданған 

қызметкер үшін жұмыс мерзімінің аяқталуы болып табылады.

ЕК-нің  54-бабы 



жұмыс  берушiнiң  бастамасы  бойынша  ең-

бек шартын бұзуды көздейді. Төменде 54-баптың тармақтарының 

нөмірленуі Кодекс нормаларына дәл сәйкестікпен берілген. Өйткені 

бұдан әрі қарай олар әкімшіліктің бастамасы бойынша жұмыстан 

шығару туралы мәселенің мәнін түсіну үшін маңызды мәнге ие.

Қызметкермен  еңбек  шарты  жұмыс  берушiнiң  бастамасы  бо-

йынша: 

1) жұмыс берушi – заңды тұлға таратылған не жұмыс берушi – 



жеке тұлғаның қызметi тоқтатылған; 


21

2) қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған; 

3) бiлiктiлiгiнiң жетiспеуi салдарынан қызметкер атқарып жүрген 

лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; 

4) өзiнiң  жұмысын  жалғастыруына  денсаулық  жағдайының  ке-

дергi  келтiруi  салдарынан  қызметкер  атқаратын  лауазымына  не-

месе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; 

5) сынақ мерзiмi кезеңiнде жұмыс нәтижесi дұрыс болмаған; 

6) қызметкер  бiр  жұмыс күнi (жұмыс ауысымы) iшiнде  дәлелдi 

себепсiз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған; 

7) қызметкер жұмыста масаңдық күйде болған, соның ішінде со-

ларға ұқсас күйді туғызатын заттарды пайдаланған жағдайларда;

7–1) масаңдық  күйге  түсiретiн  заттарды  пайдалану  фактiсiн 

анықтау үшiн медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;

8) қызметкер жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр 

зардаптарға әкеп соққан немесе соғуы мүмкiн, еңбектi қорғау не-

месе өрт қауiпсiздiгi не көлiктегi жүру қауiпсiздiгi ережелерiн бұзған; 

9) қызметкердiң  жұмыс орнында  басқаның мүлкiн ұрлау (оның 

iшiнде ұсақ ұрлық), оны қасақана жою немесе бүлдiру әрекетi заң-

ды күшiне енген сот үкiмiмен немесе қаулысымен анықталған; 

10) ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететiн 

қызметкердiң  кiнәлi  әрекеттер  жасауы  немесе  әрекетсiздiгi,  егер 

бұл  әрекеттер  немесе  әрекетсiздiк  жұмыс  берушiнiң  тарапынан 

оған деген сенiмнiң жоғалуына негiз болса; 

11) тәрбиелiк  функциялар  атқаратын  қызметкер  осы  жұмысын 

жалғастырумен  сыйыспайтын,  адамгершiлiкке  жат  қылықтар  жа-

саған; 

12) қызметкер  еңбек  мiндеттерiн  атқаруға  байланысты  өзiне 



мәлiм  болған  мемлекеттiк  құпияларды  және  заңмен  қорғалатын 

өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткен; 

13) егер  тәртiптiк  жазасы  бар  қызметкер  еңбек  мiндеттерiн 

дәлелдi себепсiз қайталап орындамаған немесе қайталап тиiсiнше 

орындамаған; 

14) қызметкердiң  мемлекеттiк  құпияларға  жiберiлу  рұқсаты 

тоқтатылған; 

15) еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезiнде 

түпнұсқа  құжаттар  немесе  мәлiметтер  еңбек  шартын  жасасудан 



22

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негiз болатын жағдай-

да,  қызметкер  жұмыс  берушiге  көрiнеу  жалған  құжаттар  немесе 

мәлiметтер ұсынған; 

16) жұмыс  берушiнiң  атқарушы  органы  басшысының,  оның 

орынбасарының  не  жұмыс  берушi  бөлiмшесi  басшысының  еңбек 

мiндеттерiн  бұзуы  жұмыс  берушiге  материалдық  залал  келтiруге 

әкеп соққан; 

17) қызметкер  жүктiлiгi  және  босануы  бойынша  демалыста 

болған,  сондай-ақ  егер  ауру  бекітілген  еңбекке  қабiлетсiздiктiң 

анағұрлым  ұзақ  мерзiмi  белгiленген  аурулар  тiзбесiне  енгiзiлген 

жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша қабiлетсiздi-

гi салдарынан қатарынан екi айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған 

жағдайларда  бұзылуы  мүмкiн.  Өндiрiстiк  жарақат  алуына  немесе 

кәсiптiк  ауруға  шалдығуына  байланысты  еңбекке  қабiлеттiлiгiнен 

айрылған қызметкердiң жұмыс орны еңбекке қабiлеттiлiгi қалпына 

келгенге дейiн немесе мүгедектiк белгiленгенге дейiн сақталады; 

18) қызметкер сот актiсiне сәйкес одан әрi жұмыс iстеу мүмкiндi-

гiн жоятын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

19) соттың ереуiлдi заңсыз деп тану туралы не ереуiлдi тоқтата 

тұру туралы шешiмiн қызметкердiң назарына жеткiзгеннен кейiн ол 

ереуiлге қатысуды жалғастырған жағдайларда бұзылуы мүмкiн.

Еңбек  кодексінде  қызметкерлердiң  жекелеген  санаттары  үшiн 

жұмыс  берушiнiң  бастамасы  бойынша  еңбек  шарттарын  бұзудың 

қосымша негiздерi көзделген.



Қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіздігі және жыл 

сайынғы еңбек демалысында жүрген кезеңінде:

1) жұмыс берушi – заңды тұлға таратылған не жұмыс берушi 

- жеке тұлғаның қызметi тоқтатылған;

2) қызметкер  жүктiлiгi  және  босануы  бойынша  демалыста 

болған,  сондай-ақ  егер  ауру  бекітілген  еңбекке  қабiлетсiздiктiң 

анағұрлым  ұзақ  мерзiмi  белгiленген  аурулар  тiзбесiне  кіретін 

жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша қабiлет-

сiздiгi  салдарынан  қатарынан  екi  айдан  астам  уақыт  жұмысқа 

шықпаған  жағдайларды  қоспағанда, 

еңбек  шартын  жұмыс  бе-

рушiнiң бастамасы бойынша бұзуға жол берiлмейдi.


жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау