Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығЫ



жүктеу 0,59 Mb.
Pdf просмотр
бет22/22
Дата14.05.2018
өлшемі0,59 Mb.
#12454
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

70

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

жөнiндегi ережелер талаптарына сәйкес болуға тиiс. Өзiнiң неме-

се  айналасындағы  адамдардың  өмiрi  мен  денсаулығына  тiкелей 

қауiп  туындаған  жағдайда,  қызметкердiң  жұмысты  орындаудан 

бас  тартуы  оны  тәртiптiк  немесе  материалдық  жауапкершiлiкке 

тартуға  әкеп  соқпайды.  Жұмыс  берушi  қызметкердi  жеке  немесе 

ұжымдық  қорғану  құралдарымен,  арнаулы  киiммен  қамтамасыз 

етпеген жағдайда қызметкер еңбек мiндеттерiн орындауды тоқта-

туға құқылы, ал жұмыс берушi осы себеп бойынша туындаған iр-

кiлiс кезiнде қызметкердiң орташа жалақысы мөлшерiнде еңбекақы 

төлеуге мiндеттi.



Еңбек  мiндеттерiн  орындау  кезiнде  қызметкердiң  өмiрi  мен 

денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда, оған келтiрiлген зиянды 

өтеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 917–946, 

951, 952-баптарының ережелері бойынша жүргiзiледi.

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселе-

лерi  бойынша  оқытуды,  нұсқама  берудi,  бiлiмдерiн  тексерудi  жұ-

мыс берушi өз қаражаты есебiнен жүргiзедi. Жұмысқа қабылданған 

адамдар кейiннен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша 

бiлiмi мiндеттi түрде тексерiле отырып алдын ала оқытудан және 

тексеруден  мiндеттi  түрде  өтедi,  ал  бұлай  етпеген  жағдайда  жұ-

мысқа жiберiлмейдi.



Қызметкердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықта-

ры ЕК-нің 314-бабында бекітілген. Қызметкердiң: 

1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сай жаб-

дықталған жұмыс орнына; 

2)  санитарлық-тұрмыстық  үй-жайлармен,  жеке  және  ұжымдық 

қорғану құралдарымен, арнаулы киiммен қамтамасыз етiлуге; 

3) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және оның ау-

мақтық  бөлiмшелерiне  өз  жұмыс  орнындағы  еңбек  жағдайлары 

мен еңбектi қорғауға тексеру жүргiзу туралы өтiнiш бiлдiруге; 

4)  өзi  немесе  өз  өкiлi  арқылы  еңбек  жағдайларын,  еңбек  қа-

уiпсiздiгi  және  еңбектi  қорғауды  жақсартуға  байланысты  мәселе-

лердi тексеруге және қарауға қатысуға;

5) денсаулығына немесе өмiрiне қауiп төндiретiн жағдай туын-

даған кезде жұмысты орындаудан бас тартуға; 

6)  еңбек  мiндеттерiн  қауiпсiз  атқару  үшiн  қажеттi  бiлiм  алуға 

және кәсiптiк даярлыққа; 



71

7) жұмыс берушiден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның ау-

мағы,  еңбек  жағдайларының  жай-күйi,  еңбек  қауiпсiздiгi  және  ең-

бектi қорғау туралы, өмiрi мен денсаулығына төнген қатер туралы, 

сондай-ақ оны зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi-

нен қорғау жөнiндегi шаралар туралы дәйектi ақпарат алуға; 

8) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сай бол-

мауына байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта 

орташа жалақысының сақталуына; 

9) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау сала-

сындағы заңсыз әрекеттерiне шағымдануға құқығы бар. 

Қызметкердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау са-

ласындағы мiндеттерi (ЕК-нің 315-бабы):

1)  өндiрiсте  болған  әрбiр  жазатайым  оқиға,  кәсiптiк  аурудың 

(уланудың)  белгiлерi,  сондай-ақ  адамдардың  өмiрi  мен  денсау-

лығына қауiп төндiретiн жағдай туралы өзiнiң тiкелей басшысына 

дереу хабарлау;

2) мiндеттi мерзiмдi медициналық тексеруден және ауысым ал-

дындағы медициналық куәландырудан, сондай-ақ өндiрiстiк қажет-

тiлiкке байланысты басқа жұмысқа ауысу үшiн не кәсiптiк аурудың 

белгiлерi пайда болған кезде медициналық куәландырудан өту; 

3) жұмыс берушi беретiн жеке және ұжымдық қорғану құралда-

рын қолдануға және мақсатқа сай пайдалану;

4)  медициналық  мекемелер  ұсынған  емдiк  және  сауықтыру 

iс-шараларын жұмыс берушi қаржыландырған жағдайда соларды 

орындау; 

5) еңбек қауiпсiздiгi және  еңбектi қорғау жөнiндегi нормалардың, 

ережелердiң және нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс 

берушiнiң өндiрiстегi жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi талап-

тарын сақтау. 



Жұмыс берушi қызметкерлердi жұмыс орындарында қолайлы 

еңбек жағдайларын жасағаны, қауiпсiз еңбек жағдайларын жасау 

жөнiндегi өнертапқыштық ұсыныстары үшiн ынталандыруға; еңбек 

қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды бұзатын қыз-

меткерлердi  жұмыстан  шеттетуге  және  тәртiптiк  жауапкершiлiкке 

тартуға 


құқығы бар. 


72

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

1)  жұмыс  орындарында  және  технологиялық  процестерде  кез 

келген тәуекелдердi болғызбау жөнiндегi шараларды қабылдау; 

2) қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойын-

ша оқыту мен даярлаудан өткiзу;

3) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi  ұйымдасты-

ру-техникалық iс-шараларын жүргiзу; 

4) нұсқаулар беру, өндiрiстiк процесс пен жұмыстарды қауiпсiз 

жүргiзу жөнiндегi құжаттармен қамтамасыз ету;

5)  еңбек  қауiпсiздiгi  және  еңбектi  қорғау  мәселелерi  бойынша 

бiлiмiн  тексеруден  өту  және  басшылар  мен  мамандардың  бiлiм-

дерiн тексерудi ұйымдастыру; 

6)  қызметкерлерге  қажеттi  санитарлық-гигиеналық  жағдайлар 

жасау, қызметкерлердiң арнаулы киiмi мен аяқ киiмiн берудi және 

жөндеудi,  қызметкерлердi  профилактикалық  өңдеу,  жуу  және  за-

рарсыздандыру  құралдарымен,  медициналық  қобдишамен,  сүт-

пен,  емдеу-профилактикалық  тағамдармен,  жеке  және  ұжымдық 

қорғану құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз ету;

7)  мемлекеттiк  еңбек  инспекторларының  нұсқамаларын  орын-

дау; 

8) өндiрiстегi жазатайым оқиғалар мен кәсiптiк ауруларды тiркеу-



дi, олардың есебiн жүргiзудi және талдауды жүзеге асыру;

9)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген 

тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеуді қамтамасыз 

ету;


10) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым 

оқиғалардан сақтандыру;

11) қатты улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпи-

демиологиялық ахуалы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган-

ның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне хабарлау; 

12) қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету; 

13) еңбек жағдайларының өзгеруiне байланысты басқа жұмысқа 

ауыстыру  кезiнде  не  кәсiптiк  аурудың  белгiлерi  пайда  болғанда, 

өз  қаражаты  есебiнен  қызметкерлердi  мiндеттi,  мерзiмдiк  меди-

циналық  тексерулерден  және  ауысым  алдындағы    медициналық 

куәландырудан өткiзу; 

Жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 

саласындағы мiндеттерi (ЕК 317-бабы):



73

14) авариялық жағдайдың өршуiн және жарақаттайтын фактор-

лардың басқа адамдарға әсер етуiн болғызбау жөнiндегi шұғыл ша-

раларды қабылдау.

Өндiрiстiк  объектілер  еңбек  жағдайлары  бойынша  міндетті 

мерзімді аттестаттауға жатады. 

ЕК-нің  321-бабы

  жұмыс  орындарының  қауiпсiздiк  талапта-

рын  белгілейді,  оған  сәйкес  жұмыс  орындары  орналасқан  ғима-

раттар (құрылыстар) өзiнiң құрылысы бойынша олардың функци-

оналдық  мақсатына  және  еңбек  қауiпсiздiгi  және  еңбектi  қорғау 

талаптарына  сай  болуға  тиiс.  Жұмыс  жабдығы  осы  жабдық  түрi 

үшiн  белгiленген  қауiпсiздiк  нормаларына  сәйкес  келуге,  онда 

тиiстi техникалық паспорт, сақтандыру белгiлерi болуға және қыз-

меткерлердiң жұмыс орындарындағы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету 

үшiн  қоршаулармен  немесе  қорғау  құрылғыларымен  қамтамасыз 

етiлуге тиiс. Егер жұмыс орындары жұмыстың сипатына қарай қыз-

меткерге қауiп-қатер төндiретiн немесе құлайтын заттар бар қауiптi 

аймақтарда  болса,  онда  мұндай  орындар  бұл  аймақтарға  бөгде 

адамдардың кiруiн шектейтiн құрылғыларымен жабдықталуға тиiс. 

Жаяу  жүргiншiлер  мен  технологиялық  көлiк  құралдары  ұйымның 

аумағында қауiпсiз жағдайларда жүрiп-тұруға тиiс. 

Қызметкерлер  еңбек  жағдайлары  зиянды  жұмысқа  жұмыс  бе-

рушi  қауiпсiз  еңбек  жағдайларын  қамтамасыз  еткеннен  кейiн  жi-

берiледi.

Еңбек  қызметіне  байланысты  жазатайым  оқиғаларды 

және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тер-

геп-тексеру мен есепке алу ЕК-нің 37-тарауында регламенттелген 

(322–327-баптар).




74

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Өндiрiстiк  жарақаттар  мен  қызметкердiң  денсаулығына  еңбек 

мiндеттерiн атқарумен байланысты келтiрiлген өзге де зақымдану-

лар  не  жұмыс  берушiнiң  мүдделерi  үшiн  өз  бастамасы  бойынша 

еңбекке қабiлетсiздiгiне не өлiмге әкеп соққан басқа да әрекеттер, 

егер олар: 

1) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейiн 

жұмыс орнын, өндiрiс құрал-жабдықтарын, жеке қорғану құралда-

рын және басқаларын дайындау және ретке келтiру кезiнде;

2) жұмыс  орнындағы  жұмыс  уақыты  iшiнде  немесе  iссапар 

кезiнде не жұмыс берушiнiң немесе ұйымның лауазымды адамы-

ның тапсырмасы бойынша еңбек немесе өзге де мiндеттемелердi 

орындауға байланысты басқа жерде болғанда;

3) қауiптi  және  немесе  зиянды  өндiрiстiк  факторлар  әсерiнiң 

нәтижесiнде;

4) қызметкер  жұмыс  уақытында  жұмыс  берушiнiң  тапсырмасы 

бойынша жұмыс орнына бара жатқан жолда; 

5) қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындауы кезiнде жұмыс бе-

рушiнiң көлiгiнде; жеке көлiгiн қызмет бабында пайдалану құқығы-



Денсаулығы зақымдану жағдайларын тергеу және есепке алуға 

жататын адамдар 

сот үкiмi 

бойынша 

еңбекке 


тар-

тылған 


адамдар

әскерилен-

дiрiлген авари-

ялық-құтқару 

бөлiмдерi, әскери-

лендiрiлген күзет 

жеке құрамының, 

авариялардың, 

дүлей зiлзаланың 

салдарларын жою 

жөнiндегi, адам 

өмiрiн және мүлiктi 

құтқару жөнiндегi 

ерiктi командалар 

мүшелерi

оқу 


орында-

рында 


оқитын, 

кәсiптiк 

практика-

дан өтiп 

жүрген 

адамдар


әскери қыз-

мет, арнаулы 

мемлекеттiк 

органдарда 

қызмет өтке-

румен байла-

нысты емес 

жұмыстарды 

орындауға 

тартылған 

әскери қызмет-

шiлердiң, ар-

наулы мемле-

кеттiк органдар 

қызметкерлерi

еңбек 


қызметiне 

байла-


нысты 

және 


еңбекке 

қабiлет-


сiздiгiне 

не өлiмi-

не әкеп 

соққан 


қызмет-

керлер



75

на жұмыс берушiнiң жазбаша келiсiмi болғанда өзiнiң жеке көлi-

гiнде;

6) жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша өз ұйымының немесе басқа 



ұйымның  аумағында  болған  кезеңде,  сондай-ақ  жұмыс  берушiнiң 

мүлкiн қорғау не жұмыс берушiнiң мүддесi үшiн өз бастамасы бо-

йынша өзге де iс-әрекеттер жасау кезiнде болса;

7) вахталық  әдiспен  жұмыс  iстейтiн  қызметкерлердiң  вахта 

кезiндегi  жұмыс  уақытының  алдында  немесе  одан  кейiн  жиналу 

орнынан жұмыс берушi берген көлiкпен жұмысқа бару немесе керi 

қайту жолында болса, 

өндiрiстегi жазатайым оқиғалар ретiнде 

қарастырылады.

Тергеп-тексеру барысында жарақаттар мен зақымданулардың: 

1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды 

немесе өзге де iс-әрекеттердi функционалдық мiндеттерiне кiрмей-

тiн және жұмыс берушiнiң мүддесiмен байланысты емес, сондай-ақ 

алкогольдiк мас болу, уытты және есiрткi заттарды пайдалану күйi-

не байланысты себеппен орындаған кезде;

2) өз денсаулығына қасақана зиян келтiру нәтижесiнде немесе 

зардап шеккен адам қылмыс жасаған кезде; 

3) зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытын-

дымен расталған, қауiптi және (немесе) зиянды өндiрiстiк фактор-

лардың әсерiмен байланысты емес кенеттен нашарлауынан болға-

ны нақты анықталса, олар өндiрiстiк жарақаттар және қызметкер-

лер денсаулығының 

өндiрiстегi өзге де зақымданулары ретiнде 

ресiмделмейдi.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Әрбiр жазатайым оқиға туралы зардап шеккен адам немесе 

куәгер жұмыс берушiге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға 

дереу хабарлауға мiндеттi.

Жұмыс берушiнiң өндiрiстегi жазатайым оқиға кезiндегi мiн-

деттерi (ЕК-нің 323-бабы):

1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетудi 

және қажет болған кезде оны денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi 

ұйымдастыру;




76

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

2)  авариялық  жағдайдың  өршуiнiң  және  жазатайым  оқиғаның 

орын алуына себеп болған факторлардың басқа адамдарға әсер 

етуiн болғызбау жөнiндегi шұғыл шараларды қабылдау;

3)  жазатайым  оқиға  болған  жердегi  ахуалды  егер  бұл  басқа 

адамдардың  өмiрi  мен  денсаулығына  қатер  төндiрмесе,  ал  өн-

дiрiстiк процестiң үзiлiссiз жұмысын бұзу аварияға әкеп соқпайтын 

болса, оқиға болған кездегi күйде сақтауға, сондай-ақ жазатайым 

оқиға болған жердi фотосуретке түсiру; 

4) өндiрiстегi жазатайым оқиға жөнiнде зардап шеккен адамның 

жақын туыстарын дереу хабардар етуге және мемлекеттiк орган-

дар мен ұйымдарға хабарлама жiберу; 

5) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке 

алуды қамтамасыз ету;

6) арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия мүшелерiн өндiрiс-

тегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшiн оқиға болған жерге кiр-

гiзу; 


7)  өндiрiстегi  жазатайым  оқиғаларды  және  кәсiптiк  ауруларды 

тiркеудi, есепке алу мен талдауды жүзеге асыру.



Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезiнде жұ-

мыс берушi өз қаражаты есебiнен:

1)  техникалық  есептеулердiң  орындалуын,  зертханалық  зерт-

теулердiң, сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүр-

гiзiлуiн және осы мақсаттарда сарапшы мамандардың тартылуын; 

2) оқиға орнын және зақым келтiрiлген объектiлердi фотосурет-

ке түсiрудi, жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды; 

3) көлiк, қызметтiк үй-жай, байланыс құралдарын, арнаулы киiм, 

арнаулы аяқ киiм және тексеру жүргiзу үшiн қажеттi басқа да жеке 

қорғау құралдарын берудi; 

4) мыналарды:

жоспарларды,  эскиздердi,  схемаларды  және  оқиға  орнында 

түсiрiлген фото- және бейнематериалдарды және т. с. с; 

нұсқау  берулердi  тiркеу  журналдарынан  және  зардап  шеккен 

адамдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi бiлiмiн 

тексеру  хаттамаларынан,  жазатайым  оқиға  куәгерлерi  мен  лауа-

зымды адамдардан жауап алынған хаттамалардан, зардап шеккен 

адамдардың  түсiнiктемелерiнен,  мамандардың  сараптама  қоры-

тындыларынан үзiндi көшiрмелердi; 

зертханалық  зерттеулер  мен  эксперименттердiң  нәтижелерiн; 

зардап шеккен адамның денсаулығына келтiрiлген зақымданудың 




77

сипаты мен ауырлық дәрежесi немесе оның өлiмiнiң себебi тура-

лы, алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уыттық мас болу белгiсiнiң бары 

(жоғы) туралы медициналық қорытындыны;

зардап  шеккен  адамға  арнаулы  киiм,  арнаулы  аяқ  киiм  және 

басқа да жеке қорғану құралдары берiлгенiн растайтын құжаттар-

дың көшiрмелерiн; 

комиссияның қалауына қарай iстiң қаралуына қатысы бар басқа 

да құжаттарды беруді қамтамасыз етеді.

Арнайы  тергеп-тексерiлуге  тиiс  жағдайларды  қоспағанда, 



өн-

дiрiстегi  жазатайым  оқиғаларды  тергеп-тексерудi  жазатайым 

оқиға  болған  кезден  бастап  жұмыс  берушiнiң  актiсiмен  24  сағат 

iшiнде құрылатын комиссия жүргiзедi (ЕК-нің 324-бабы).

Арнайы тергеп-тексеруге ауыр немесе кiсi өлiмiмен аяқталған 

жазатайым оқиғалар; бiр мезгiлде екi және одан да көп қызметкер-

лер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар; қатерлi уланудың топ-

тық оқиғалары жатады.

Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзiмi комиссия құрылған 

күннен бастап 10 жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

Өндiрiстегi  жазатайым  оқиғаны  әрбiр  тергеп-тексеру  кезiнде 

комиссия оқиға куәгерлерiн, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 

жөнiндегi талаптардың бұзылуына жол берген адамдарды анықтай-

ды және олардан жауап алады, жұмыс берушiден қажеттi ақпарат 

және мүмкiн болса, зардап шеккен адамнан түсiнiктеме алады. 

Жұмыс  берушiге  уақтылы  хабарланбаған  не  нәтижесiнде  ең-

бекке  қабiлетсiздiгi  бiрден  туындамаған  (талап  ету  мерзiмiне  қа-

рамастан)  жазатайым  оқиғалар  зардап  шеккен  адамның  (оның 

өкiлiнiң)  өтiнiшi  бойынша  немесе  мемлекеттiк  еңбек  инспекторы-

ның нұсқамасы бойынша өтiнiш тiркелген, нұсқама алынған күннен 

бастап 10 күн iшiнде тергеп-тексерiледi.

Жиналған  құжаттар  мен  материалдар  негiзiнде  комиссия  жа-

затайым  оқиғаның  мән-жайлары  мен  себептерiн  анықтайды,  жа-

затайым  оқиғаның  жұмыс  берушiнiң  өндiрiстiк  қызметiмен  байла-

нысын және тиiсiнше, зардап шеккен адамға оқиға орнында өзiнiң 

еңбек мiндеттерiн орындауына байланысты болуы түсiндiрiлгенiн 

анықтайды; 



жазатайым  оқиғаны  өндiрiстегi  жазатайым  оқиға 

ретiнде немесе өндiрiспен байланысты емес жазатайым оқиға 


78

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ



ретiнде саралайды; еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талап-

тарының  бұзылуына  жол  берген  адамдарды  анықтап,  өндiрiстегi 

жазатайым оқиғалардың себептерiн жою және алдын алу жөнiндегi 

шараларды белгiлейдi.



Қызметкердiң  еңбекке  қабiлеттiлiгiн  жоғалтуына  әкеп 

соққан өндiрiспен байланысты әрбiр жазатайым оқиға медицина-

лық қорытындыға сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік 

орган белгiлеген Н-1 нысаны бойынша жазатайым оқиға туралы 

актiмен ресiмделедi.

Жазатайым  оқиғаны  арнайы  тергеп-тексерудi  мемлекеттiк 

еңбек инспекциясы органының аумақтық бөлiмшесi құрған комис-

сия  жүргiзеді.  Екi  адам  қайтыс  болған  топтық  жазатайым  оқиға-

ларды  тергеп-тексерудi  облыстың,  республикалық  маңызы  бар 

қаланың бас мемлекеттiк еңбек инспекторы басқаратын комиссия 

жүргiзедi.  Қайтыс  болған  адамдар  саны  үш  адамнан  бес  адамға 

дейiн  болса,  топтық  жазатайым  оқиғаларды  тергеп-тексерудi  ең-

бек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган, ал бес және одан да көп 

адам қайтыс болғанда – Қазақстан Республикасының Үкiметi құрған 

комиссия жүргiзедi.



Жазатайым  оқиға  туралы  акт  толтырылып,  оған  еңбек  қа-

уiпсiздiгi  және  еңбектi  қорғау  қызметiнiң  және  ұйым  бөлiмшесiнiң 

басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерi қол қояды 

және ол жұмыс берушiмен бекiтiліп, ұйымның мөрiмен расталады. 

Улану  жағдайларында  жазатайым  оқиға  туралы  актiге  халықтың 

санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мем-

лекеттiк  органның  өкiлi  де  қол  қояды.  Егер  жұмыс  берушi  жеке 

тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған жұмыс 

берушi қол қояды және нотариалды түрде расталады. 

Егер өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезiнде ко-

миссия зиянның туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсыз-

дық себеп болғанын анықтаса, онда комиссия тараптардың аралас 

жауапкершiлiгiн қолданып, қызметкер мен жұмыс берушiнiң кiнәсiн 

проценттермен айқындайды. 




79

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Әрбiр  жазатайым  оқиғаны  тергеп-тексеру  аяқталғаннан 

кейiн жұмыс берушi 3 күннен кешiктiрмей зардап шеккен адамға 

немесе  оның  сенiмдi  адамына  жазатайым  оқиға  туралы  актiнi 

беруге мiндеттi, актiнiң бiр данасы жұмыс берушi шарт жасаған 

сақтандыру ұйымына, ал екiншiсi – мемлекеттiк еңбек инспекци-

ясына жiберiледi.

Тергеп-тексеру нәтижесiмен келiспеген немесе жазатайым оқиға 

туралы акт уақтылы ресiмделмеген кезде зардап шеккен адам жұ-

мыс берушiге жазбаша түрде жүгiнуге құқылы, жұмыс берушi өтiнiшi 

10 күн iшiнде қарап, тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi. 

Жазатайым  оқиғаны  тергеп-тексеру  материалдары  ұйымда  45 

жыл  бойы  сақталуға  тиiс,  ұйым  таратылған  жағдайда  жазатайым 

оқиғаны тергеп-тексеру материалдары мiндеттi түрде сол ұйым жұ-

мыс iстеген жердегi мемлекеттiк мұрағатқа тапсырылуға тиiс. 

Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердiң өкiлi жазатайым 

оқиғаны тергеп-тексерудiң бүкiл материалдарымен танысуға және 

қажеттi үзiндi көшiрмелер жасауға құқылы.




«Сарыарқа» баспасында беттеліп, басылды.

Бас директор: Қайрат Әли

Тех. редактор: Гүлжаһан Бектыбаева

Редактор-корректор: Ғалия Раушанова

Компьютерде беттеген: Диана Қалқамбекова

22.08.2014 ж. басуға қол қойылды. Пішімі 60х84

1

/

16



«Arial» гарнитурасы. Офсеттік баспа. 

Есептік баспа табағы 5. Таралымы 15000 дана. 

Тапсырыс № 52.



ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ  

НЕГІЗДЕРІ

АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Астана қаласы, Кө ка рал көшесі, 2 

тел.: (7172) 52–74–11, 52–74–62, факс: 52–74–89 

e-mail: izdat_saryarka@mail.ru



жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау