Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығЫ



жүктеу 0,59 Mb.
Pdf просмотр
бет7/22
Дата14.05.2018
өлшемі0,59 Mb.
#12454
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

23

Жұмыс  берушi  –  заңды  тұлға  таратылған  не  жұмыс  берушi  – 

жеке тұлғаның қызметi тоқтатылған жағдайда; қызметкерлер саны 

немесе штаты қысқартылғанда жұмыс беруші еңбек шартын бұза-

тыны туралы қызметкерге 1 ай бұрын жазбаша ескертуге мiндет-

тi. Қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен еңбек шартын бұзу ескерту 

мерзiмi аяқталғанға дейiн жүргiзiлуi мүмкiн. 

ЕК-нің 57-бабы қызметкер жұмыс берушiге кемiнде бiр ай бұрын 

жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын өзiнiң бастамасы бойын-

ша  бұзуға  құқылы  екендігін  көздейді.  Егер  жазбаша  хабарланған 

күннен бастап 7 күн мерзiм өткен соң жұмыс берушiнiң еңбек шар-

ты талаптарын орындамауы жалғасқан жағдайда, қызметкер 3 жұ-

мыс күнiнен кешiктiрмей жұмыс берушiге жазбаша ескерте отырып, 

еңбек шартын бұзуға құқылы. Қызметкер ескерту мерзiмi iшiнде ең-

бек шартын бұзу туралы өтiнiшiн жазбаша нысанда қайтарып алуға 

құқылы. Ескерту мерзiмi өткен соң қызметкер жұмысты тоқтатуға 

құқылы, ал жұмыс берушi қызметкерге еңбек қызметiне байланыс-

ты құжаттар мен оған тиесiлi ақшалай төлемдердi беруге мiндеттi. 

Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша ең-

бек шарты бір ай мерзім аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.

Еңбек шартын тоқтатудың келесі негізі 

– тараптардың еркiнен 

тыс мән-жайлар бойынша (ЕК-нің 58-бабы) мына жағдайларда: 

1) қызметкер  әскери  қызметке  шақырылған  (кiрген)  кезде  қыз-

меткер тиiстi құжатты ұсынған күннен бастап; 

2) қызметкер не жұмыс берушi-жеке тұлға еңбек қатынастарын 

жалғастыру  мүмкiндiгiн  болғызбайтын  жазаға  сотталған  сот  үкiмi 

заңды күшiне енген кезде;

3) жергiлiктi атқарушы органдар шетелдiк жұмыс күшiн тартуға 

рұқсатты қайтарып алған кезде;

4) қызметкер не жұмыс берушi-жеке тұлға қайтыс болған жағдай-

да,  сондай-ақ  сот  қызметкердi  не  жұмыс  берушi  –  жеке  тұлғаны 

қайтыс болды деп жариялаған немесе хабарсыз кеттi деп таныған 

жағдайда; 

5) сот қызметкердi әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi 

шектеулi  деп  таныған,  соның  салдарынан  қызметкердiң  бұрынғы 

жұмысын жалғастыруға мүмкiндiгi болмайтын жағдайда; 



24

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

6) бұрын  осы  жұмысты  атқарған  қызметкер  жұмысына  қайта 

алынған жағдайда болады. 

ЕК-нің  59-бабы  қызметкер  мынадай  жағдайларда 

еңбек  қа-

тынастарын  жалғастырудан  бас  тартқан  кезде  еңбек  шартын 

тоқтату негiздерiн көздейді: 

1) қызметкер жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге жұмысқа ауы-

судан бас тартқан (бірақ қызметкердің уақытша жұмысқа жарамсыз-

дығы (соның ішінде жүктілік пен босану бойынша) және демалыс 

кезеңінде жол берілмейді);

2) еңбек  жағдайларының  өзгеруiне  байланысты  қызметкер  жұ-

мысты жалғастырудан бас тартқан; 

3) жұмыс берушi – заңды тұлға қайта құрылған кезде қызметкер 

жұмысты жалғастырудан бас тартқан; 

4) еңбек  мiндеттерiн  атқаруға  байланысты  өндiрiстiк  жарақат 

алған, кәсiптiк ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндiрiске 

байланысты емес өзге де зақым келген кезде қызметкер уақытша 

басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайларда тоқтатылуға жа-

тады.

Бұл ретте қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан жаз-



баша бас тартқан кезде ғана еңбек шартын бұзуға жол беріледі.

Егер  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  осындай  лау-

азымдарда  болған  адамдарға  ақы  төленетiн  өзге  лауазымдарда 

iстеуге тыйым салу белгiленген болса, қызметкердiң 



сайланбалы 

жұмысқа  (лауазымға)  ауысуына  немесе  лауазымға  тағайын-

далуына байланысты онымен еңбек шарты бұзылады (ЕК-нің 60-

бабы).


Еңбек шартын тоқтату негiздерiнің бірі еңбек шартын жаса-

су талаптарының бұзылуы салдарынан болып табылады (ЕК-

нің 61-бабы),



 мынадай жағдайларда:

1) медициналық  қорытынды  негiзiнде  қызметкердiң  денсаулық 

жағдайына қайшы келетiн жұмысты атқаруға қабылдау; 

2) адамды белгiлi бiр лауазымдарды немесе белгiлi бiр қыз меттi 

атқару  құқығынан  айырған  заңды  күшiне  енген  сот  үкiмiн  немесе 

қаулысын бұза отырып жұмысты орындауға қабылдау; 




25

3) белгiленген  тәртiппен  шетелдiк  жұмыс  күшiн  тартуға  рұқсат 

алмай  немесе  ҚР  заңдарында  белгiленген  шектеулердi  немесе 

алып тастауларды сақтамай, шетелдiк азаматтарды және азамат-

тығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау;

4) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұ-

мыстарға, сондай-ақ толық материалдық жауапкершiлiгi көзделетiн 

лауазымдар мен жұмыстарға, 18 жасқа толмаған азаматтарды жұ-

мысқа қабылдау;

5) белгiлi  бiр  лауазымға  тұру  немесе  белгiлi  бiр  қызметпен 

шұғылдану құқығынан айырылған азаматтарды жұмысқа қабылдау;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да 

жағдайларда еңбек шарты тоқтатылуға тиiс. 

Жұмыс берушi – жеке тұлға қайтыс болған жағдайда еңбек шар-

тының  тоқтатылуын  және  үй  қызметкерлерiмен  еңбек  шартының 

тоқтатылуын  қоспағанда, 



еңбек  шартының  тоқтатылуы  жұмыс 

берушiнiң актiсiмен ресiмделедi.



Сұрақ: Жұмыстан шығуыма байланысты қандай уақыт ара-

лығында жұмыс беруші маған еңбек кітапшасын беруі қажет? 

Жауап: Жұмыс беруші еңбек кітапшасын еңбек шарты тоқта-

тылған күні беруге міндетті.

Егер еңбек шарты тоқтатылған күнi еңбек кiтапшасын қыз-

меткердiң болмауына не оны алудан бас тартуына байланысты 

беру мүмкiн болмаса, жұмыс берушi 10 жұмыс күнi iшiнде қызмет-

керге еңбек кiтапшасын алуға келуiнiң қажеттiлiгi туралы неме-

се оны поштамен жiберуге оның келiсiм беруi туралы хабарлама 

жiберуге мiндеттi.

 (ЕК-нің 63-бабы)


жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау