Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығЫ


ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР



жүктеу 0,59 Mb.
Pdf просмотр
бет3/22
Дата14.05.2018
өлшемі0,59 Mb.
#12454
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

9

ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР

жеке куәлiк немесе паспорт (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу 

туралы куәлiгi). Оралмандар оралман куәлiгiн ұсынады

ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгi (Қазақстан Респу-

бликасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ 

адамдар үшiн)

тиiстi бiлiмдi, дағдылар мен машықтарды талап ететiн жұмысқа кіру кезiн-

де бiлiмi, бiлiктiлiгi туралы, арнаулы бiлiмi немесе кәсiптiк даярлығының 

болуы туралы құжат

еңбек қызметiн растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшiн)

әскери мiндеттiлер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар 

әскери есеп құжатын ұсынады

медициналық куәландырудан өтуге міндетті адамдар заңнамаға сәй  кес 

алдын ала медициналық куәландырудан өткенi туралы құжат ұсынуға тиіс

жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесі

тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi

кәмелетке толмағандар қатысатын бiлiм беру, тәрбиелеу, демалысты 

ұйым дастыру және сауықтыру, дене тәрбиесi және спорт, медициналық 

қамтамасыз ету, әлеуметтiк қызметтер көрсету, мәдениет және өнер сала-

сында еңбек шартын жасасқан кезде соттылығының бар не жоқ екендiгi 

туралы анықтама талап етіледі



10

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ



Еңбек шартының мазмұны (ЕК-нің 28-бабы):

1) тараптардың деректемелерi, яғни:



жұмыс  берушi-жеке  тұлғаның  тегi,  аты,  әкесiнiң  атын  (егер 

жеке  басын  куәландыратын  құжатта  көрсетілсе),  оның  тұрақты 

тұратын мекенжайы және тұратын жерi бойынша тiркелгенi тура-

лы мәлiметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi 

және берiлген күнi, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН); 

жұмыс берушi-заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан 

жерi және оның мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi, бизнес сәйке-

стендіру нөмірі (БСН); 

қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәлан-

дыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұратын жерiнiң мекен-

жайы және тұратын жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер; 

жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi; 

жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН); 

2) белгiлi бiр мамандық, бiлiктiлiк немесе лауазым бойынша жұ-

мысы;

3) жұмыстың атқарылатын орны;



4) еңбек шартының мерзiмi;

5) жұмыстың басталу күнi;

6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимi;

7) еңбекке ақы төлеу мөлшерi мен өзге де шарттары;

8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса, зиянды, ерек-

ше зиянды немесе қауiптi жағдайларда орындалатын болса, еңбек 

жағдайларының сипаттамасы, кепiлдiктер мен жеңiлдiктер;

9) қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi;

10) жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi;

11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртiбi;

12) кепiлдiктер мен өтемақы төлемдерi, оларды төлеу тәртiбi;

13) сақтандыру жөнiндегi талаптар;

14) тараптардың жауапкершiлiгi;

15) жасалу күнi мен реттiк нөмiрi қамтылуы тиiс.

Тараптардың  деректемелерi,  мысалы,  тегі,  мекенжайы  және 

т. б., өзгерген кезде, бұл өзгерiстер еңбек шартына енгiзiледi.

Еңбек  заңнамасымен  салыстырғанда  қызметкердiң  жағдайын 

нашарлататын еңбек шартының жағдайлары жарамсыз деп таны-

лады және қолданылмауға тиiс.



11

Еңбек  шарты  жазбаша  нысанда 

кемiнде екi дана етiп жа-

салады және оған тараптардың қолдары қойылады. Бiр данасы 

қолы қойылып қызметкерге беріледі. Еңбек шартына өзгерiстер 

мен толықтыруларды енгiзу де сондай-ақ жазбаша нысанда жүр-

гізіледі.

Сонымен  бірге  практикада  жұмыс  берушінің  қызметкердің  ең-

бек шартын ресімдеместен жұмысқа алу жағдайлары жиі болады. 

Бұл жағдайда, тіпті егер қызметкер жұмыс берушінің немесе оның 

өкілінің айтуымен немесе тапсырмасы бойынша жұмысқа кіріскен 

болса, жазбаша нысанда ресімделмеген еңбек шарты да жасалған 

болып саналады.

Жұмысқа  қабылдау  еңбек  шарты  негiзiнде  шығарылатын  бұй-

рықпен ресiмделедi. Жұмыс берушi үш жұмыс күнi iшiнде қызмет-

кердi бұйрықпен таныстыруға мiндеттi.



ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН РАСТАЙТЫН  

ҚҰЖАТТАР (ЕК-нің 34-бабы):

1) еңбек кiтапшасы;

2) еңбек шарты;

3) еңбек шартының көшiрмелері;

4) қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзiндi көшiрме-

лер;


5)  жұмыс  берушiнiң  қолы  қойылған,  ұйымның  мөрiмен  рас-

талған не нотариат растаған қызмет ету тiзiмi;

6)  аударылған  мiндеттi  зейнетақы  жарналары  туралы 

жинақтау шы зейнетақы қорынан үзiндi көшiрмелер;

7)  жүргiзiлген  әлеуметтiк  аударымдар  туралы  Мемлекеттiк 

әлеуметтiк сақтандыру қорынан мәлiметтер;

8) мұрағаттық анықтама.



12

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ



Еңбек кiтапшасы еңбек өтілін растау үшін мейлінше ыңғайлы 

құжат  болып  табылады  (ЕК-нің  35-бабы).  Жұмыс  берушi  қызмет-

кердiң  еңбек  кiтапшасына  еңбек  қызметi  туралы  тиiстi  жазбалар 

енгiзуге мiндеттi. 

Еңбек кiтапшасына еңбек шартын тоқтатудың себептерi туралы 

жазбалар Еңбек кодексі баптарының нөмірлерін және тұжырымда-

рын көрсете отырып жүргiзiлуге тиiс.

Еңбек шартына 



сынақ мерзімі туралы жағдайды қосу жұмыс 

берушінің міндеті емес, құқығы болып табылады.



Сынақ мерзімі – бұл жұмыс беруші қызметкерді жұмысты 

орындауға жарамдылығы нысанына тексеретін уақыт кезеңі.

Сынақ  мерзімі  туралы  ережені  қолдануды  еңбек  шартын-

да (бұйрықта) көрсетпеуге тыйым салынады. Еңбек шартында 

осы жағдайдың болмауы қызметкерді жұмысқа сынақ мерзімісіз қа-

былдаған болып саналады.

Сынақ мерзiмi қызметкердiң жұмыс стажына қосылады және 



үш 

айдан аспауға тиiс. Қызметкер жұмыста iс жүзiнде болмаған кезең 

сынақ мерзiмiне есептелмейдi (мысалы, науқастануы бойынша). 



Сынақ мерзiмi:

1) конкурс бойынша қабылданатын;

2) орта  бiлiмнен  кейiнгi,  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан 

кейiнгi  бiлiм  беру  ұйымдарын  бiтiрген,  оларды  бiтiрген  күннен 

бастап  бiр  жылдан  кешiктiрмей  алған  мамандығы  бойынша  жұ-

мысқа алғаш кiретiн;

3) мүгедек адамдар үшін 

белгiленбеуі тиіс.


жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау