Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығЫ


Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ



жүктеу 0,59 Mb.
Pdf просмотр
бет8/22
Дата14.05.2018
өлшемі0,59 Mb.
#12454
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

26

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ



ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ 

НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3

Жұмыс берушінің құқықтары

қызметкер-

лермен ең-

бек шартын 

өзгертуге, 

толықтыруға 

және бұзуға;

жұмыс бе-

рушiнiң 

актiлерiн 

шығаруға

қызмет-


керлердi 

көтермелеу-

ге, оларға 

тәртiптiк жаза 

қолдануға, 

қызметкер-

лердi мате-

риалдық жа-

уапкершi лiк ке 

тартуға


еңбек мiндет-

терiн атқару 

кезiнде қызмет-

кердiң келтiрген 

зиянын өтетуге;

сотқа жүгінуге; 

қызметкердi 

оқытуға бай-

ланысты өз 

шығындарын 

өтетуге

қызметкерге сынақ 



мерзiмiн белгiлеуге; 

қызметкерлерден ең-

бек шарты, ұжымдық 

шарттар талаптары-

ның, еңбек тәртiп-

темесi ережелерiнiң 

және жұмыс берушiнiң 

басқа да актiлерiнiң 

орындалуын талап 

етуге


Жұмыс берушi:

1) еңбек заңнамасының, келiсiмдердiң, ұжымдық, еңбек шартта-

рының, өздерi шығарған актiлердiң талаптарын сақтауға;

2) жұмысқа қабылдаған кезде қызметкерлермен еңбек шартта-

рын жасасуға;

3) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша iшкi  бақылау-

ды жүзеге асыруға;

4) қызметкерге еңбек шартында келiсiлген жұмысты беруге;

5) қызметкерге  жалақы  мен  өзге  де  төлемдердi  уақтылы  және 

толық мөлшерде төлеуге;

6) қызметкердi ұйымдағы iшкi еңбек тәртiбi қағидаларымен, жұ-

мыс берушінің өзге де актiлерiмен және ұжымдық шартпен таныс-

тыруға;

7) қызметкерлердiң  өкiлдерiне  ұжымдық  келiссөздер  жүргiзу, 



ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақы-

лау үшiн қажеттi толық және дәйектi ақпарат беруге;

8) қызметкерлер  өкiлдерiнiң  ұсыныстарын  қарауға,  ұжымдық 

келiссөздер жүргiзуге, ұжымдық шарт жасасуға;




27

9) қызметкерлердi еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;

10) қызметкерлердi  жабдықпен,  құралдармен,  техникалық  құ-

жаттамамен  және  еңбек  мiндеттерiн  атқару  үшiн  қажеттi  өзге  де 

құралдармен өз қаражаты есебiнен қамтамасыз етуге;

11) мемлекеттiк еңбек инспекторларының нұсқамаларын орын-

дауға;

12) егер  жұмысты  жалғастыру  қызметкердiң  және  өзге  де 



адамдардың өмiрiне, денсаулығына қауiп төндiретiн болса, жұмыс-

ты тоқтата тұруға;

13) қызметкерлердi  мiндеттi  әлеуметтiк  сақтандыруды  жүзеге 

асыруға;


14) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны 

жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;

15) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;

16) қызметкерлердiң  еңбек  қызметiн  растайтын  құжаттардың 

және  оларды  зейнетақымен  қамсыздандыруға  арналған  ақшаны 

ұстап қалу мен аудару туралы деректердiң сақталуын және мемле-

кеттiк мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге;

17) қызметкерге  зиянды  және  қауiптi  жұмыс  жағдайлары  мен 

кәсiптiк аурудың болу мүмкiндiгi туралы ескертуге;

18) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауiп-қа-

тердi  болғызбау  жөнiнде  шаралар  қабылдауға,  профилактикалық 

жұмыстар жүргiзуге;

19) жұмыс  уақытының,  оның  iшiнде  әрбiр  қызметкер  орындай-

тын үстеме жұмыстардың, зиянды, қауiптi еңбек жағдайларындағы 

жұмыстардың, ауыр жұмыстардың нақты есебiн жүргiзуге;

20) қызметкерлердiң кәсiби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуiн 

және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етуге;

21) қызметкердiң  еңбек  мiндеттерiн  орындау  кезiнде  өмiрi  мен 

денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеуге;

22) еңбек  жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  органның  және  еңбек 

инспекциясы  жөніндегі  жергілікті  органның  лауазымды  адамдары-

ның,  қызметкерлер  өкiлдерiн,  еңбектi  қорғау  жөнiндегi  қоғамдық 

инспекторларды  еңбек  қауiпсiздiгiнiң,  еңбек  жағдайы  және  еңбектi 

қорғаудың жай- күйiн және еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау ту-

ралы заңнаманың сақталуын, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиға 

мен кәсiптiк ауруларды тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;

23) жұмысқа қабылдау кезiнде еңбек шартын жасасу үшiн қажет-

тi құжаттарды талап етуге мiндеттi.




28

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ



Қызметкердiң құқықтары (Еңбек кодексінің 22-бабының 1-тар-

мағы): 


1) еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға; 

жұмыс берушiден еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орын-

дауды талап етуге; 

2) еңбек қауiпсiздiгiне және еңбектi қорғауға; еңбек жағдайлары 

мен еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы толық және дәйектi ақпарат 

алуға; 


3) уақтылы  және  толық  көлемде  жалақы  төленуiне;  бос  тұрып 

қалу үшiн осы ақы алуға; 

4) тынығуға, оның iшiнде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы-

на; 


5) егер  ҚР  заңдарында  өзгеше  көзделмесе,  кәсiподақ  немесе 

басқа да бiрлестiктер құру, сондай-ақ оларға мүшелiк құқығын қоса 

алғанда, бiрiгуге; өзiнiң өкiлдерi арқылы ұжымдық келiссөздерге қа-

тысуға және ұжымдық шарт жобасын әзiрлеуге, сондай-ақ қол қо-

йылған ұжымдық шартпен танысуға; 

6) кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге және өзiнiң бiлiк-

тiлiгiн арттыруға;

7) еңбек  мiндеттерiн  атқаруға  байланысты  денсаулығына  кел-

тiрiлген зиянды өтетуге;  заңдарда көзделген жағдайларда мiндеттi 

әлеуметтiк сақтандырылуға; 

8) кепiлдiктерге  және  өтемақы  төлемдерiне;  өзiнiң  құқықтары 

мен заңды мүдделерiн заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен 

қорғауға; 

9) бiрдей еңбегi үшiн қандай да болмасын кемсiтусiз бiрдей ақы 

алуға;  бiлiктiлiгiне,  еңбектiң  күрделiлiгiне,  орындалған  жұмыстың 

саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегi-

не ақы төленуiне;

10) еңбек дауын шешу үшiн таңдауы бойынша келiсiм комиссия-

сына немесе сотқа жүгiнуге; 

11) еңбек  қауiпсiздiгi  және  еңбектi  қорғау  талаптарына  сәйкес 

жабдықталған жұмыс орнына; жеке және ұжымдық қорғану құрал-

дарымен, арнаулы киiммен қамтамасыз етiлуге; өзiнiң денсаулығы-

на  немесе  өмiрiне  қауiп  төндiретiн  жағдай  туындаған  кезде,  бұл 

туралы  тiкелей  басшы  немесе  жұмыс  берушiнiң  өкiлiн  хабардар 

ете  отырып,  жұмысты  орындаудан  бас  тартуға;  еңбек  қауiпсiздiгi 

және  еңбектi  қорғау  жөнiндегi  талаптарға  сәйкес  келмеуi  себептi 

ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының 

сақталуына; 




жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау