Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 155 қаулысымен
бекітілген
«Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және
(немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түсті және
қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың
түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түсті және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы ққ. жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап:
лицензияны беру - 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу - 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқаларын беру - 2 (екі) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түсті және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленеді:
1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым - лицензия беру кезіндегі ставканың 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды.
3) лицензияның телнұсқасын беру - лицензия беру кезіндегі ставканың 100 %-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейда банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметке» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейда банктер арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің - «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде www.comprom.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) порталдың - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:
Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) лицензия алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлға үшін белгіленген үлгідегі өтініш;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
еркін нысанды өтініш;
лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
лицензияның түпнұсқасы (лицензияны қағаз тасығышта алған жағдайда);
лицензияны қайта ресімдеу қажеттілігін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған).
Лицензия мынадай: жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген; дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген; заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған; заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімдеу туралы өтінішті құжаттар ауыстырылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
3) лицензияның телнұсқасын алу үшін:
еркін нысанды өтініш;
лицензияның телнұсқасын беру үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын туралы, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші өздігінен портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Порталға:
1) лицензия алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
лицензияның түпнұсқасы (лицензияны қағаз тасығышта алған жағдайда);
лицензияны қайта ресімдеу қажеттілігін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған).
Лицензия мынадай: жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген; дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген; заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған; заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімдеу туралы сұрау салуды құжаттар ауыстырылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
Жеке басты куәландыратын туралы, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші өздігінен портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - құжаттар топтамасын қабылдау күнін және уақытын көрсете отырып, оның көшірмесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға соттың лицензия алуға тыйым салуы.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібi
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де
талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары www.comprom.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында
және құрамында түсті және (немесе) қара
металл сынықтары және (немесе) қалдықтары
болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде
пайда болған түсті және қара металл сынықтары
мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметі
қоспағанда, заңды тұлғалардың түсті және қара
металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау),
сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткізу
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Заңды тұлғаның лицензияны алуға арналған
өтінішi
_______________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_______________________________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________________________________________________________________________
(қызметтің түрі көрсетілсін)
_______________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________ жүзеге асыруға лицензия
қағаз тасығышта _______________________________________________________________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруіңізді сұраймын
Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта _____________________________________________________________________________________
Телефондары ___________________________________________________________________________________________
Факс __________________________________________________________________________________________________
Банк шоты _____________________________________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(лары) ___________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
______ парақ қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады.
Басшы _________ _________________________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны
Толтыру мерзімі 20__ жылғы «___» ______________________________
«Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында
және құрамында түсті және (немесе) қара
металл сынықтары және (немесе) қалдықтары
болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде
пайда болған түсті және қара металл сынықтары
мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда,
заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары
мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және
лицензиаттарға өткізу жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік
талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың
тізбесіне мәліметтер нысаны
1. Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) бойынша қызмет үшін:
Тау-кен және мұнай газ өңдеу өндірістерін жобалау, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндіруді жобалау; қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау; мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін; мұнай химиялық, химиялық өндірістерін жобалау үшін:
1) жобалау үшін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің электронды-есептеу машиналарының, арнайы ұйымдастыру техникасының (принтерлер, көбейту-көшіру техникасы, плоттерлер және өзге де жабдықтар) болуы туралы ақпарат
_______________________________________________________________________________________________________
(бағдарламалық қамтамасыз етудің атауын жазу, арнайы құралдарды және ұйымдастыру техникасын көрсету);
2) тау-кен өндірісін пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндіру; ашық және жер асты тәсілдерімен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзірлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу; кеніштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстарын жүргізу үшін:
инженерлік құрылыстардың, машиналардың, тетіктердің, құралдардың, арнайы көліктердің, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының және бақыланатын технологиялық процестің болуы туралы ақпарат ________________ (инженерлік құрылыстарды, машиналарды, тетіктерді, құралдарды, арнайы көліктерді және өзге жабдықтарды көрсету);
3) пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін:
жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензияның нөмірі ______________________________________________;
шарттың нөмірі *_________________________________________________________________________________________;
шарттың жасалған күні *___________________________________________________________________________________;
лицензиясы бар ұйымның атауы *___________________________________________________________________________;
ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы туралы
ақпарат* ________________________________________________________________________________________________
*ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензиясы бар болған жағдайда 2), 3), 5) жолдар толтырылмайды;
4) мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстарын жүргізу үшін:
каротаж станциясының (ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жерүсті аппараттары, арнайы (каротаждық) кабельдің, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығырдың) болуы туралы ақпарат
___________________________________________________________________________ (қолда бар жабдықтың атауын көрсету);
5) мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргізу үшін:
жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензияның нөмірі _______________________________________________;
шарттың нөмірі *__________________________________________________________________________________________;
шарттың жасалған күні *____________________________________________________________________________________;
лицензиясы бар ұйымның атауы *____________________________________________________________________________;
ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы туралы
ақпарат* __________________________________________________________________________________________________
*ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензиясы бар болған жағдайда 2), 3), 5) жолдар толтырылмайды;
6) мұнай, газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында бұрғылау үшін:
бұрғылау қондырғыларының, қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың болуы туралы ақпарат ___________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________ (жабдықтың атауын көрсету);
7) ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергішін орнату үшін; ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін:
тиісті технологиялық жабдықтардың болуы туралы ақпарат _______________________________________ (қолда бар жабдықты көрсету);
8) мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту үшін:
техникалық құралдар кешенінің, қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін арнайы техника мен технологияның болуы туралы ақпарат ___________________________________ (қолда бар құралдарды, техниканы, технологияларды көрсету);
9) құрлықта және теңізде мұнай төгілуінің, ұңғымалардың өздігінен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөніндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау жұмыстарын жүргізу үшін:
теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), жүзушi резервуарлардың, бонолық тосқауылдардың құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтейтін агрегаттардың лақтыруға қарсы жабдықтың болуы туралы ақпарат _______________________________________ (қолда бар жабдықты көрсету);
10) мұнай-химия, химия өндірістерін пайдалану үшін:
тетіктердің, технологиялық желілердің, шикізатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикізатты, дайын өнімдерді, жарылыс өрт қауіпті, улы күшті әсер ететін заттарды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде болуы туралы ақпарат ______________________________________________ (қолда бар тетіктерді, қондырғыларды және басқа жабдықты көрсету);
өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың аттестатының нөмірі және берілген күні __________________________________________________________________________________________;
аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың нөмірі *________________________________________________________;
аккредиттелген зертханамен шарттың жасалған күні *__________________________________________________________
*3), 4) тармақтардағы ақпарат меншікті зертханасы болмаған жағдайда толтырылады.
2. Құрамында түсті және (немесе) қара металл сынықтары мен (немесе) қалдықтары болған мүлік кешенін сатып алу нәтижесінде және заңды тұлғаларда жеке өндірісінің барысында құрылған түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу бойынша қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегi қызмет үшін:
1. Меншік құқығындағы мамандандырылған өндірістік база:
1) базаның мекенжайы ____________________________________________________________________________________;
2) жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі _________________________________________________________
2. Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшін жалданған немесе өзге заңды негіздегі (жүк) автокөліктің болуы туралы ақпарат
________________________________________________________________________________________________________
(әрбір көлік құралдардың атауын, техникалық құжаттардың нөмірлері және берілген күндерін көрсету).
3. Мынадай көлемде:
түсті металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс істеу үшін - кемінде 400 ш.м. __________________ (учаскесінің көлемін көрсету);
қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс істеу үшін - кемінде 1000 ш.м. __________________ (учаскесінің көлемін көрсету) автокөлік үшін кіреберіс жолдары бар және/немесе кіреберіс темір жол тұйықтары бар жеке меншік немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесінің не оның үлесінің болуы туралы ақпарат;
жер учаскесін беру туралы шешімнің нөмірі және оны қабылдаған күні _____________________________________________
4. Кәсіпорында тиісті қара және түсті металдардың сынықтарын қайта өңдеу бойынша технологиялық процеске сәйкес пайдаланылатын жабдықпен жұмыс істеу үшін білікті персонал:
1) мамандардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
________________________________________________________________________________________________________;
2) лицензияланатын қызметтің кіші түрінің саласындағы жұмыс
өтілі _____________________________________________________________________________________________________.
5. Түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындауы), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе оның аумақтық тұрғыдан өңірдің басқа жерінде орналасқан филиалының, мамандандырылған өндірістік базаның бөлігі болып табылатын қабылдау пунктін ашу үшін:
қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай, олардың салыстырып тексерілгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдары (автомобиль немесе темір жол таразыларын және басқа да өлшем құралдары), қабылдау пунктінің заңды тұлғаға тиесілілігі, лицензия нөмірі, жұмыс режимі көрсетілген маңдайша, кемінде 200 ш.м алаңның болуы туралы ақпарат ____________________________________ (қолда бар үй-жай, жабдықты және басқаларды көрсету).
6. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін:
1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнімдері құбырларының болуы туралы ақпарат ___________________________________ (магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарын, сондай-ақ негізгi жабдықтардың техникалық сипаттамасы бойынша ақпаратты көрсете отырып, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететін құралдарды, жабдықты, сондай-ақ өтініш берушінің теңгеріміндегі өндірістік активтердің тізбесін көрсету);
2) қызметтерді құру туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпарат:
қызметті құру туралы бұйрықтың нөмірі ______________________________________________________________________;
бұйрықтың қол қойылған күні ______________________________________________________________________________;
жауаптының Т.А.Ә. _______________________________________________________________________________________;
3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - мұнай-газ саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - мұнай-газ саласындағы арнайы орта білім) жауап беретін және осы саладағы мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар білікті техникалық басшылар мен мамандар (өндірістік персоналдың жалпы санының кемінде 70 %-ы) құрамы туралы штат кестесі бойынша ақпарат:
қызметкердің Т.А.Ә. _______________________________________________________________________________________;
білімі бойынша мамандығы _________________________________________________________________________________;
лауазымы ________________________________________________________________________________________________;
осы саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі ________________________________________________________________.
7. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызмет үшін:
1) осы саладағы мамандығы бойынша жоғары немесе орта арнайы білімі және осы саладағы мамандығы бойынша кемінде жарты жыл жұмыс тәжірибесі бар білікті басшылар мен мамандар құрамы туралы ақпарат:
қызметкердің Т.А.Ә. _______________________________________________________________________________________;
білімі бойынша мамандығы _________________________________________________________________________________;
лауазымы ________________________________________________________________________________________________;
осы саладағы жұмыс өтілі ___________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |