Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығЫ


Ұзақтығы  қалыпты,  ұзақтығы  қысқартылған  және  толық



жүктеу 0,59 Mb.
Pdf просмотр
бет11/22
Дата14.05.2018
өлшемі0,59 Mb.
#12454
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

35

Ұзақтығы  қалыпты,  ұзақтығы  қысқартылған  және  толық 

емес жұмыс уақыты болуы мүмкiн. 

Жұмыс  уақытының 



қалыпты  ұзақтығы  аптасына  40  сағаттан 

аспауға тиiс. 

Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшiн (ЕК-нің 181-бабы); 

ауыр  жұмыстарда,  еңбек  жағдайлары  зиянды  (ерекше  зиянды) 

және (немесе) қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн (ЕК-

нің  202-бабы);  бiрiншi  және  екiншi  топтардағы  мүгедектер  үшiн 



жұмыс  уақытының  қысқартылған  ұзақтығы  (ЕК-нің  224-бабы) 

белгiленедi.  Қызметкерлерге  жұмыс  уақытының  қысқартылған 

ұзақтығы белгiленген кезде еңбекке ақы төлеу толық жұмыс күніне 

жүргiзiледi. 



Қысқартылған жұмыс күні ЕК-нің 79-бабында көзделген то-

лық емес жұмыс уақытынан ерекшеленеді. Осы Кодексте бел-

гiленген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт, оның iшiнде:

– толық емес жұмыс күнi, яғни күнделiктi жұмыс (жұмыс ауысы-

мы) ұзақтығының нормасын азайту; 

– толық  емес  жұмыс  аптасы,  яғни  жұмыс  аптасындағы  жұмыс 

күндерiнiң санын қысқарту; 

– бiр мезгiлде күнделiктi жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының 

нормасын азайту және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерiнiң са-

нын қысқарту 

толық емес жұмыс уақыты болып есептеледi. 

Тараптардың  келiсiмiмен 



толық  емес  жұмыс  уақыты  белгiлi 

немесе  белгiсiз  мерзiмге  белгiленедi.  Толық  емес  жұмыс  уақыты 

жағдайларында жұмыс iстеу қызметкер үшiн жыл сайынғы ақылы 

еңбек демалысының ұзақтығын шектеуге әкеп соқтырмайды.

Бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (жұмыс 

ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 8 сағат-

тан, апталық норма 36 сағат болғанда – 7 сағат 12 минуттан және 

апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауға тиiс. 

Алты күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (жұмыс 

ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 7 сағат-

тан, апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан және апталық 

норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауға тиiс.

Өнер  және  мәдени  демалыс  кәсiптiк  ұйымдарының  шығар-

машылық  қызметкерлерi,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қы-




36

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

зметкерлерi,  спортшылар,  жаттықтырушылар  үшiн  күнделiктi 

жұмыс тың өзгеше ұзақтығы белгiленуi мүмкiн.

Күнделiктi жұмыс екі бөлiкке бөлінуі мүмкін: 

1) жұмыс қарқындылығы әртүрлi болатын жұмыстарда; 

2) егер  бұл  қызметкердiң  әлеуметтiк-тұрмыстық  және  өзге  де 

жеке  қажеттiлiктерiмен  байланысты  болса,  оның  бастамасы  бо-

йынша.

Күнделiктi жұмысты бөлiктерге бөлген кезде жұмыс уақытының 



жалпы ұзақтығы күнделiктi жұмыстың белгiленген ұзақтығынан ас-

пауға тиiс. 

Бес және алты күндік жұмыс аптасы туралы ереже 

ауысымдық 

жұмыс кезінде қолданылмайды (ЕК-нің 84-бабы). Өндiрiстiк про-

цестiң  ұзақтығы  не  жұмыс  берушiнiң  өндiрiстiк  қызметiнiң  режимi 

күнделiктi  жұмыс  ұзақтығының  нормасынан  асып  кеткен  жағдай-

ларда  ауысымдық  жұмыс  белгiленуi  мүмкiн.  Ауысымдық  жұмыс 

кезiнде  жұмыс  ауысымының  ұзақтығы,  бiр  жұмыс  ауысымынан 

екiншiсiне өту қызметкерлер өкiлдерiмен келiсе отырып жұмыс бе-

рушi  бекiткен 

ауысым  кестелерiмен  белгiленедi.  Жұмыс  берушi 

кестелерді қызметкерлер назарына осы кестелер қолданысқа ен-

гiзiлгенге дейiн бiр айдан кешiктiрмей жеткiзедi, бұл ретте қызмет-

кердi  қатарынан  екi  жұмыс  ауысымында  жұмысқа  тартуға  тыйым 

салынады. 

Толық емес жұмыс уақытынан басқа қызметкерлердiң әлеумет-

тiк-тұрмыстық және жеке қажеттiлiктерiн өндiрiс мүдделерiмен үй-

лестiру мақсатында



 икемдi жұмыс уақыты режимiндегi жұмыс 

қолданылуы  мүмкін  (ЕК-нің  85-бабы).  Икемдi  жұмыс  уақыты  ре-

жимiнiң кезiнде: тiркелген жұмыс уақыты, қызметкер сол уақыт iшiн-

де еңбек мiндеттерiн өз қалауы бойынша атқаруға құқылы икемді 

жұмыс уақыты, есептiк кезең белгiленедi. 

Жұмыс уақытының жиынтық есебi (ЕК-нің 85-бабы) үздiксiз 

жұмыс  iстейтiн  өндiрiстерде,  цехтарда,  учаскелерде  және  өндiрiс 

жағдайлары бойынша қызметкерлердiң осы санаты үшiн белгiлен-

ген  жұмыс  уақытының  күнделiктi  немесе  апта  сайынғы  ұзақтығы 

сақтала алмайтын жұмыстардың кейбiр түрлерiнде қолданылады. 

Жұмыс  уақытының  жиынтық  есебiн  белгiлеу  кезiнде  жұмыстың 

аяқталуы мен келесi жұмыс күнiнiң (жұмыс ауысымының) басталуы 



37

арасындағы қызметкердiң демалыс ұзақтығының сақталуы мiндет-

тi болып табылады. 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін, жүкті 

әйелдер үшін және мүгедек-қызметкерлер үшін жұмыс уақытының 

жиынтық есебiн қолдануға жол берiлмейдi. 

Түнгi уақыттағы жұмыс, үстеме жұмыс, мереке және дема-

лыс күндеріндегі жұмыс мәселелері жеке реттеледі.

ЕК-нің  87-бабына  сәйкес  22  сағаттан  бастап  таңертеңгi  сағат 

6-ға дейiнгi уақыт түнгi уақыт болып есептеледi.

Үстеме  жұмыс  –  бұл  қызметкердің  жазбаша  келісімімен  бел-

гіленген  жұмыс  уақытынан  тыс  жұмыс.Үстеме  жұмыстарға:  жүктi 

әйелдер және он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер жiберiлмейдi.

Үстеме жұмыстар әрбiр қызметкер үшiн тәулiк iшiнде – 2 сағат-

тан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi 

жұмыстарда 1 сағаттан аспауға тиiс. Үстеме жұмыстардың жалпы 

ұзақтығы  айына  12  сағаттан  және  жылына  120  сағаттан  аспауға 

тиiс.


Қызметкерлердiң  келiсiмiнсiз  үстеме  жұмыстарға  тек  қана 

мынадай жағдайларда (ЕК-нің 90-бабы):

1) ел қорғанысы үшiн, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей 

зiлзаланы немесе өндiрiстiк аварияны болдырмау не олардың зар-

даптарын дереу жою үшiн қажеттi жұмыстар жүргiзу кезiнде; 

2) сумен  жабдықтаудың,  газбен  жабдықтаудың,  жылумен  жаб-

дықтаудың, энергиямен жабдықтаудың және тiршiлiктi қамтамасыз 

етудiң  басқа  жүйелерiнiң  қалыпты  жұмыс  iстеуiн  бұзатын  өзге  де 

мән-жайларды жою үшiн;

3) егер  үзiлiс  жасауға  болмайтын  жұмыста  ауыстыратын  қыз-

меткер келмей қалғанда, басқа қызметкермен ауыстыру шарасын 

дереу қолдана отырып, жұмысты жалғастыру үшiн жол берiледi. 

Жұмыс  берушiнiң  бастамасы  бойынша  демалыс  және  мереке 

күндерiндегi  жұмысқа 



қызметкердiң  жазбаша  келiсiмiмен  жол 

берiледi (ЕК-нің 97-бабы). Демалыс және мереке күндерiнде қыз-

меткердiң  бастамасы  бойынша  жұмысқа  жұмыс  берушiнiң  актiсi 

негiзiнде жол берiледi. Демалыс және мереке күндерiндегi жұмыс 

істеген кезiнде қызметкердiң қалауы бойынша оған басқа демалыс 

күнi берiледi немесе екі есе мөлшерде ақы төленедi.




жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау