Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығЫ



жүктеу 0,59 Mb.
Pdf просмотр
бет13/22
Дата14.05.2018
өлшемі0,59 Mb.
#12454
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

41

Еңбек өтілінің әрбір үш жылында ұзақтығы бір күн, ең кемінде 15 

күнтізбелік күн болатын қосымша ақылы еңбек демалысы беріледі.

«Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi ҚР Заңының 53-бабы 

педагог  қызметкерлердің  жалпы  орта,  техникалық  және  кәсiптiк, 

орта бiлiмнен кейiнгi жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм 

беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiл-

ген  адамдар  үшiн  ұзақтығы  күнтiзбелiк  56  күнге;  оқу-әдiстемелiк 

қамтамасыз  ету  ұйымдарының,  мектепке  дейiнгi  және  қосымша 

бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi үшiн – күнтiзбелiк 

42 күнге ақы төленетiн жыл сайынғы демалысқа құқығы болатын-

дығын бекітеді.

Негізгі демалыспен қоса:

1) ауыр  жұмыстарда,  еңбек  жағдайлары  зиянды  және  қауiптi 

жұмыстарды атқаратын қызметкерлерге ұзақтығы ең кемі 6 күнтiз-

белiк күн;

2) 1  және  2  топтардағы  мүгедектер  үшiн  ұзақтығы  ең  кемі  15 

күнтiзбелiк күн 



жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы 

беріледі. 

Қызметкерлердің өзге санаттарына 

қосымша жыл сайынғы де-

малыс беру және оның ең аз ұзақтығы Қазақстан Республикасының 

заңдарында белгіленуі мүмкін.

Сонымен, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәрте-

бесі туралы» ҚР Заңының 46-бабының 2-тармағымен әскери қыз-

метшілерге жыл сайынғы негізгі демалыспен қоса қосымша дема-

лыс беріледі. Жыл сайынғы негізгі және қосымша демалыстардың 

жалпы ұзақтығы тиісті жылға 60 тәуліктен аспауы қажет, бұл рет-

те демалыс орнына баруға және кері қайтуға жол жүруге қажетті 

уақыт қосымша беріледі. 

«Халық  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесi  туралы» 

Қазақстан  Республикасының  кодексi  (182-бабы)  АИТВ/ЖИТС-пен 

байланысты профилактикалық, емдеу-диагностикалық және ғылы-

ми-зерттеу  жұмысымен  тiкелей  айналысатын  медицина  қызмет-

керлерiнiң,  қызметшiлердiң  және  техникалық  қызметкерлердiң  6 

сағаттық қысқартылған жұмыс күнiне, ұзақтығы күнтiзбелiк 24 күн 

қосымша ақы төленетiн демалысқа, жалақының 60 % мөлшерiнде 

кәсiптiк зияндылығы үшiн қосымша еңбекақыға құқық береді.

Еңбек, ұжымдық шарттарда қызметкерлерге үздiксiз ұзақ жұмы-

сы, маңызды, күрделi, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипат-

тағы  жұмыстарды  орындағаны  үшiн  көтермелеу  сипатында 



жыл 

сайынғы ақылы қосымша демалыстар белгiленуi мүмкiн. 


42

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалысының  ұзақтығы  қолданы-

латын  жұмыс  режимдерi  мен  кестелерiне  қарамастан,  еңбек  де-

малысы  күндерiне  тура  келетiн  мереке  күндерi  есепке  алынбай, 

күнтiзбелiк  күндермен  есептеледi.  Жыл  сайынғы  еңбек  демалы-

сының  жалпы  ұзақтығын  есептеу  кезiнде  жыл  сайынғы  қосымша 

еңбек демалыстары жыл сайынғы негiзгi еңбек демалысына қосы-

лады. Бірақ жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы ең 

жоғарғы шекпен шектелмейдi (ЕК-нің 103-бабы). 

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс 

стажына: 1) нақты жұмыс iстелген уақыт; 

2) қызметкер  нақты  жұмыс  iстемеген,  бiрақ  оның  жұмыс  орны 

(лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт; 

3) қызметкер  еңбекке  уақытша  жарамсыздығына,  оның  iшiнде 

жүктiлiгiне және босануына орай демалыста болған уақытына бай-

ланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт; 

4) қызметкер  жұмысына  қайта  алыну  алдында  нақты  жұмыс 

iстемеген уақыт қосылады.

Қызметкерге жұмыс iстеген бiрiншi және келесi жылдары үшiн 

жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойын-

ша 


жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi. 

Вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы 

ақылы еңбек демалысын вахтааралық демалыс кезегінде бөліктер-

ге бөліп беруге жол берілмейді. 

Жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалысы  қызметкер  мен  жұмыс 

берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша бөлiктерге бөлiнуi мүмкiн.



Сұрақ: «Демалыс ақы» қандай мерзімде төленуге тиіс ?

Жауап: Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол баста-

лардан  күнтiзбелiк  3  күннен  кешiктiрiлмей,  ал  еңбек  демалысы 

кестеден  тыс  берiлген  жағдайда  –  ол  берiлген  күннен  бастап 

күнтiзбелiк 3 күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Қызметкерлерге  жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалысын  беру-

дiң 

кезектiлiгi жұмыс берушi қызметкерлердiң пiкiрiн ескере оты-

рып  бекiтетiн  демалыс  кестесiнде  белгiленедi  не  тараптардың 

келiсiмiмен  белгiленедi.  Кесте  ағымдағы  жылдың  қаңтарында 

бекітілуі қажет. Демалыс кестелерi өндiрiстiк қажеттiлiкке байланыс-

ты  өзгертiлген  жағдайда  жұмыс  берушi  бұл  туралы  қызметкерге 



43

еңбек  демалысы  басталардан  кемiнде  2  апта  бұрын  хабарлауға 

мiндеттi. 

Жыл  сайынғы 



ақылы  еңбек  демалысы:  қызметкер  еңбекке 

уақытша жарамсыз болған, жүктiлiкке және босануға байланысты 

демалыста болған; егер бұл үшiн заңда жұмыстан босату көзделсе, 

қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақытында мем-

лекеттiк мiндеттер атқарған жағдайларда, толық немесе оның бiр 

бөлiгi ауыстырылады.

Жыл  сайынғы  еңбек  демалысы  (оның  бiр  бөлiгi)  қызметкердiң 

жазбаша келiсiмiмен немесе оның өтiнуi бойынша ауыстырылады. 

Ауыстырылған  еңбек  демалысы  тараптардың  келiсiмi  бойынша 

келесi  жылғы  еңбек  демалысына  қосылуы  немесе  қызметкердiң 

өтiнiшi бойынша басқа уақытта бөлек берiлуi мүмкiн. 

Еңбек дема-

лысын қатарынан екi жыл бойы бермеуге тыйым салынады 

(ЕК-нің 108-бабы).

Жұмыс  берушi 

жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалысынан 

шақыртып алуды тек қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен ғана жүр-

гізуі  мүмкін.  Қызметкердiң  ұсыныстан  бас  тартуы  еңбек  тәртiбiн 

бұзу болып табылмайды.

Жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалысынан  шақыртып  алуға 

байланысты  пайдаланылмаған  бөлiгi  еңбек  шарты  тараптары-

ның келiсiмi бойынша ағымдағы жыл iшiнде немесе келесi жұмыс 

жылында кез келген уақытта берiледi не келесi жұмыс жылындағы 

жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылады. Оған қоса, қы-

зметкердi еңбек демалысынан шақыртып алған кезде демалыстың 

пайдаланылмаған бөлiгiн басқа уақытта берудiң орнына қызметкер 

мен  жұмыс  берушiнiң  арасындағы  келiсiм  бойынша  қызметкерге 

еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлiгiнiң күндерi үшiн өте-

мақы төлемi жүргiзiлуi мүмкiн. 



НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

18  жасқа  толмаған  қызметкерлердi,  жүктi  әйелдердi  және 

ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауiптi жұмыстарда 

iстейтiн қызметкерлердi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан 

шақыртып алуға жол берiлмейдi.

(ЕК-нің 109-бабы)


жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау