Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығЫ



жүктеу 0,59 Mb.
Pdf просмотр
бет12/22
Дата14.05.2018
өлшемі0,59 Mb.
#12454
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

38

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Қызметкердің еңбек міндеттерін тиімді орындау үшін демалыс-

тар маңызды мәнге ие, оған еңбек заңнамасының көптеген норма-

лары арналған.

ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

жұмыс күнi 

iшiндегi үзілістер 

– тынығуға және 

тамақтануға ар-

налған үзiлiс

ауысым

iшiлiк және 



арнаулы 

үзiлiстер

дема-

лыс күн-


дерi

мереке 


күндерi

күнде-


лiктi ты-

нығу


дема-

лыстар


Сұрақ: Жылумен жабдықтау жүйесінде жұмыс істеймін. Кей-

де  мереке  күндері,  демалыс  күндері  жылу  трассасында  авария 

болып тұратындықтан мені келісімсіз жұмысқа шақырады. Осы 

дұрыс па?

Жауап:  Өндірістік  аварияның  салдарын  кідіртпей  жою  үшін 

демалыс  және  мереке  күндері  қызметкердің  келісімісіз  жұмысқа 

тартуға  болады,  сондықтан  әкімшіліктің  әрекеті  дұрыс.  Оның 

үстіне,  төтенше  жағдайларды,  дүлей  зiлзаланы  немесе  өн-

дiрiстiк аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою 

үшiн; жазатайым оқиғаларды, мүлiктiң жойылуы немесе бүлiнуiн 

болдырмау және оларға тергеу жүргiзу үшiн; жалпы ұйымның не-

месе оның жекелеген бөлiмшелерiнiң одан әрi қалыпты жұмысы 

осылардың жедел орындалуына тәуелдi болатын шұғыл, бұрын 

көзделмеген жұмыстарды орындау үшiн жол берiледi (ЕК-нің 98-

бабы).

Қызметкерлердi  демалыс  және  мереке  күндерi  жұмысқа 

тарту жұмыс берушiнiң бұйрығымен ресiмделедi.

Сонымен, қызметкерге күнделiктi жұмыс iшiнде тынығуға және 

тамақтануға арналған ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бiр 

үзiлiс берiлуге тиiс. Мұндай үзiлiс күнделiктi жұмыс басталғаннан 




39

кемiнде үш сағат өткеннен кейiн және төрт сағаттан кешiктiрiлмей 

белгiленуге  тиiс.  Алайда  ұзақтығы  8  сағаттан  асатын  күнделiктi 

жұмыста  жұмыс  уақытының  икемдi  жиынтық  есебi  режимi  кезiн-

де  тынығуға  және  тамақтануға  арналған  үзiлiс  күнделiктi  жұмыс 

басталғаннан кемiнде төрт сағат өткеннен кейiн белгiленуi мүмкiн.



Тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiс уақыты жұмыс 

уақытына қосылмайды. Өндiрiс жағдайлары бойынша үзiлiс беру 

мүмкiн болмайтын жұмыстарда жұмыс берушi қызметкердi жұмыс 

уақытында арнаулы жабдықталған орында тынығу және тамақта-

ну мүмкiндiгiмен қамтамасыз етуге мiндеттi. Жұмыстың жекелеген 

түрлерiнде қызметкерлерге технологияға және өндiрiс пен еңбек-

тi  ұйымдастыруға  байланысты,  жұмыс  уақытына  қосылатын  ауы-

сымiшiлiк үзiлiстер берiледi.



Жылдың суық мезгiлiнде ашық ауада немесе жылытылмай-

тын  жабық  үй-жайларда  жұмыс  iстейтiн,  сондай-ақ  тиеу-түсiру 

жұмыстарында  iстейтiн  қызметкерлерге  жылыну  және  тынығу 

үшiн 


жұмыс  уақытына  қосылатын  арнаулы  үзiлiстер  берiледi. 

Жұмыс  берушi  қызметкерлердiң  жылынуы  мен  тынығуына 

арналған үй-жайлардың жабдықталуын қамтамасыз етуге мiн-

деттi. 

Бiр жарым жасқа толмаған балалары бар жұмыс iстейтiн әйел-

дерге тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiстен бөлек баланы 

тамақтандыруға  арналған  қосымша  үзiлiстер  берiледi  (бұдан  әрі 

ЕК-нің 188-бабын қараңыз). 

Қызметкердiң жұмыстың аяқталуы мен оның келесi күнi баста-

луы арасындағы күнделiктi (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы 

он екi сағаттан кем болмауға тиiс (ЕК-нің 95-бабы).



Демалыс күндерi қызметкерлерге апта сайын берiледi. Оларды 

«Қазақстан  Республикасындағы  мерекелер  туралы»  13.12.2001 

жылғы  ҚР  Заңында  белгіленген  мереке  күндерімен  шатастыруға 

болмайды.

Үздiксiз  өндiрiстерде  немесе  өндiрiстiк-техникалық  жағдайлар 

бойынша немесе халыққа ұдайы үздiксiз қызмет ету қажеттiгi сал-

дарынан демалыс күндерi жұмысты тоқтату мүмкiн болмайтын өн-

дiрiстерде iстейтiн қызметкерлерге демалыс күндерi ауысымдық ке-

стеге сәйкес қызметкерлерге аптаның әр күндерi кезекпен берiледi. 

Iссапарда жүрген қызметкер демалыс күндерiн өзi жiберiлген жұ-

мыс берушiнiң еңбек тәртiптемесiне сәйкес пайдаланады.



40

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасындағы 

мереке күндері жұмыс iстемей-

тiн күндер болып табылады. Олар ұлттық және мемлекеттiк мере-

келер болып бөлінеді. Демалыс және мереке күндерi сәйкес келген 

жағдайда мерекеден кейiнгi жұмыс күнi демалыс күнi болады.



Қазақстан  Республикасындағы 

Ұлттық  мереке  –  16–17 

желтоқсанда атап өтiлетiн 16-желтоқсан – Тәуелсiздiк күнi бо-

лып табылады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк мерекелер: 

1–2 қаңтар – Жаңа жыл; 

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнi; 

21–23 наурыз – Наурыз мейрамы; 

1 мамыр – Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi; 

9 мамыр – Жеңiс күнi; 

6 шiлде – Астана күнi; 

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi.

1  желтоқсан  –  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Прези-

дентi күнi.

Тынығудың тағы бір түрі 



демалыстар болып табылады. ЕК-нің 

100-бабына сәйкес қызметкерлерге демалыстардың мынадай түр-

лерi: 

1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары; 



2) әлеуметтiк демалыстар берiледi. 

Ақылы жыл сайынғы еңбек демалыстарының түрлері:

1) негізгі ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы;

2) қосымша ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы.

Әлеуметтiк демалыстардың түрлерi: 

1) жалақы сақталмайтын демалыс; 

2) оқу демалысы; 

3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) 

асырап алуға байланысты демалыс берiледi.

Өзге нормативтiк құқықтық актiлерде, еңбек, ұжымдық шарттар-

да және жұмыс берушiнiң актiлерiнде көп күн саны көзделмесе, жыл 

сайынғы  негiзгi  ақылы  еңбек  демалысының  ұзақтығы  күнтiзбелiк 

24  күнді  құрайды.  Сонымен,  «Авариялық-құтқару  қызметi  және 

құтқарушылардың мәртебесi туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы 

ҚР Заңында авариялық-құтқару қызметiнің кәсіби құтқарушылары-

на ұзақтығы 30 күнтізбелік күн болатын ақылы демалыс беріледі. 




жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау