Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау


-сабақ. Санның бөлігін табу және бөлігі арқылы санды табу



жүктеу 4,5 Mb.
бет71/111
Дата17.01.2022
өлшемі4,5 Mb.
#33273
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   111

45-сабақ. Санның бөлігін табу және бөлігі арқылы санды табу


Тақырып: Жолдағы уақыт

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.14 санның/шаманың бөлігін табу және бөлігібойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу

3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару



Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар үшін:

Шаманың бөлігін және бөлік бойынша шаманы табу: жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу.

Бірқатар оқушылар үшін:

100-ге дейінгі және жүздіктен санның бөлігін және бөлік бойынша санды табу.

Санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеу; кері есептерді құрастыру және шешу



Кейбір оқушылар үшін:

Санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеу; кері есептерді құрастыру және шешу



Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Санның бөлігін қалай табу керек және бөлік бойынша санды табуды түсіндіру.



Пәндік лексика және терминология:

Бөлшек,алым, бөлім



Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Санның бөлігін қалай табуға болады?

Бөлік бойынша санды қалай табуға болады?

Бөлшектің алымы нені көрсетеді?

Бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?



Жазу:

Есептерді шығарғанын жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Бөлшек пен үлес туралы түсінік. Бөлшек пен үлесті жазу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3


Ынталандыру.

Мұғалім саяхат, жолдағы уақыт жайында әңгімелеседі.

Жолға кететін уақыттың ұзақтығы неге байланысты? (Жолға кететін уақыт, көрікті орындарды аралау, іс-шараларға қатысу, т.б.)

Жолда уақытты есептеп, оны бөліп қою қажет пе? Бұл не үшін қажет?





4–6



Өзектендіру.

Балаларға бөлшек туралы түсінікті түсінуге арналған қосымша тапсырманы ұсыну.

Тіктөртбұрыштың 3/5 бөлігін жасыл түспен бояп қой.

Фигураның 2/7 бөлігін сарымен және 5/7 бөлігін қызылмен бояп қой.

Фигураның 6/15 бөлігін қызғылт түспен боя.

Фигураның қандай бөлігі боялмай қалғанын жаз.

Немесе оқулықтағы ұқсас №1 тапсырманы орындау.

– «Бүтінді бөлікке бөлу» деген нені білдіреді?(Тең бөліктерге бөлу).

– Бөлшектің бөлімі нені білдіреді? (Бөлім бүтінді неше бөлікке бөлгенін көрсетеді).

– Бөлшектің алымы нені білдіреді? (Алым неше тең бөлікті алғанын көрсетеді).




7–11



Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

№2 (а) тапсырманы оқыңыз. Оны шығара аламыз ба? Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай? (Жаңа есеп түрлерін шығарып үйрену).





12–29



Жаңаны ашу.

Есепті оқыңыз:

«Жолаушылар 24 сағат жол жүрді. Олар уақыттың 1/4 бөлігін пойызда өткізді. Жолаушылар пойызда қанша уақыт болды?»

Есепте, біз бүтінді табуымыз керек пе, әлде бөлікті табуымыз керек пе?

(Мына сұраққа жауап табу керек: егер бүтін белгілі болса, бөлікті табуды есептеу керек).

– Алдымен жауапты өз беттеріңізбен тауып көріңіздер, сосын шешіміңізді ортаға салыңыз. Өз ойыңызды сызба немесе сурет түрінде дәлелдеңіз (қажетті сурет оқулықта).

Есепті тексеру барысында оқушылар шешім шығарады: санның бір бөлігін табу үшін, осы санды бөліміне бөлу керек (шаманың бір бөлігінің неге тең екенін білу үшін).

Екінші есеп бойынша осыған ұқсас жұмыс жүргізіліп, қорытынды жасалады.



Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

№3 тапсырманы түсіндіре отырып орындауды ұсынады. Кесте құрастыруға болады.



Өткен уақыт

Жолдың бөлігі

Жолдың жалпы уақыты

1- пойыз 6 сағ




/2

12сағ


2-пойыз 6 сағ

1/

24 сағ


3- пойыз 6 сағ

1/10

60 сағ

Өзіндік жұмыс.

№4 тапсырманы тексере отырып орындауды ұсынады.



Оқулық, дәптер.



30–40



Жаңаны қолдану.

Мұғалім оқулықтағы №5 тапсырманы орындауды ұсынады.Өзін-өзі бағалауды сұрайды.

Дәптерден бағалау критерийлері бар тапсырманы орындау.

Мен:


– санның және шаманың бөліктерін табуға арналған есептерді шығарып, зерттеуді санды/шаманы бөлігі бойынша табуды;

– кері есепті құрастыру және шығаруды;

– санның/шаманың бөлігін сан бойынша табуды білемін.

Өткенмен жұмыс.

№ 6 және 7 тапсырманы орындау барысында мұғалім тапсырманың орындалуының дұрыстығын және орындау жылдамдығын тексереді.



Оқулық.

41–45


Рефлексия.

Сабақ туралы айтыңыз.

Қандай жаңа нәрсе білдіңіз?

Нені үйрендіңіз?

Қандай ережені білу керек? Айтып беріңіз. Мысал келтіріңіз.

Берілген ережені жақсы түсіндік деп ойлайсыңдар ма? Өзіңізді жетістік сызғышында бағалаңыз.



Жетістік сызғышы.




жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   111




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау