ақпаратты жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бойынша қатынас жүйесін
білдіреді.
Деректер қоры деп- компьютер жадында сақтайтын, арнайы түрде
ұйымдасқан, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығын айтамыз.
Ақпараттық жүйелердің мысалына: банктік жүйелер, кәсіпорындарда,
автаматты түрде басқару жүйелері, авияция немесе темір жол билеттерін,
мейрамхана номерлерін алдын ала белгілеу және тағы басқа жатады.
Пайдалану облысы бойынша келесі класстарды бөліп айтуға болады:
1) ғылыми зерттеуге арналған;
2) автоматталған жобаларға арналған;
3) ұйымдастырушы басқарудағы ақпараттық жүйелер;
4) техналогиялық процессорды баспаға арналған.
Деректер қорын басқару жүйесін көптеген қолданушылар деректер
қорын құру, енгізу, бірлесіп пайдалану және програмалау құралдардың
жиынтығын айтады.
Деректер қоры дегеніміз – мәліметтерді сақтауға арналған ұйымдасқан
құрылым. Бұл деректер қорының құрылымына ақпаратпен қатар, оларды
ұйымдастыруға, қолдануға арналған тәсілдер мен әдістер кіреді/19/.
Деректер қоры деректер қорын басқару жүйесімен (ДҚБЖ) тығыз
байланысты. Бұл программалық құрылымдар кешені жаңа қордың
құрылымын құруға, оны деректермен толтыруға, мазмұнын редактрлеуге
және ақпаратты визуалдандыруға арналған. Қор ақпараттарын визуалдау
дегеніміз берілген критерий бойынша экранға шығаратын мәліметтерді
таңдап, оларды белгілі бір ретке келтіріп, безендіріп артынан баспаға немесе
байланыс каналдарына беруді айтамыз. Әлемде деректер қорын басқаратын
көптеген жүйелер бар [21].
3.1.2 Деректер моделі және түрлері
1. Иерархиялық модель - мәліметтер арасындағы байланысты реттелген
графтар арқылы сипаттауға болады. Қандайда бір программалау тілінде
иерархиялық деректер қоры құрылымын есептеу үшін тармақ мәліметтер типі
пайдалынылады.
2. Желілік модель - мәліметтердің элементтерінің еркін графтар
түріндегі өзара байланысын білдіреді. Желілік деректер қорының схемасын
сипаттауға екі тип пайдалынылады: жазба және байланыс.
3. Реляциялық модель - мәліметтердің реляциялық моделін JBM
фирмасының қызметкері Эдгар Код ұсынған және ол қатынас ұғымына
негізделеді.
Қатынас деп –картеж деп аталатын элементтер жиынын айтады,
қатынасты бейнелеудің көрнекті формасы екі өлшемді кесте болып табылады.
4. Постреляциялық модель - мәліметтердің постреляциялық моделі
кестенің жазбаларында сақталған мәліметтердің бөлімбеушілік шектеуін
алып тастайтын кеңейтілген реляциялық моделі болып табылады.
Постреляциялық модель көп мәнді, яғни мәндерді ішкі мәліметтерден
құралған өрістерден тұрады.
5. Көп өлшемді модель - ол көп жүйелерге талдау жүргізу және шешім
қабылдау үшін ақпаратты жедел өңдеуге мүмкіндік береді.
Қордағы мәліметтерді қарастыратын көп өлшемді тәсілі реляциялық
деректер қорын пайдаланылады. Көп өлшемді жүйелерге талдау жүргізу және
шешім қабылдау үшін ақпараттық желі өңдеуге мүмкіндік береді. Обьектіге
бағытталған деректер қоры құрамына тармақ түрінде берілген мәліметтер. Бұл
деректер қорының логикалық құрамының сырттай иерархиялық деректер
қоры ұсынылады [20].
6. Объектіге бағытталған модель - объектіге бағытталған модель
тармақталған түрінде беріледі. Объектіге бағытталған деректер қорының
логикалық құрылымы сырттай иерархиялы деректер қорына ұқсас.
Ақпаратты қабылдаумен, тасымалдаумен, сақтаумен және өңдеумен
байланысты барлыө әрекеттер ақпараттық процестер деп аталады.
Бір адамнан екінші адамға ақпаратты тасымалдау процесі екі жақты:
ақпараттың қайнары бар және қабылдаушысы бар. Қазіргі кезде ақпарат
телефон, радио, теледидар, интернет сияқты техниклық байланыс құралдары
арқылы тасымалдана алады. Бұл техникалық құралдар ақпаратты тасымалдау
арналары деп аталады. Ақпараттық арна арқылы уақыт бірлігінде
тасымалданатын ақпарат көлемі ақпаратты тасымалдау жылдамдығы немесе
ақпараттық ағым жылдамдығы деп аталады.
Ақпаратты сақтау процесі деп адамның ақпаратты есте сақтауын немесе
оны сыртқы ақпарат тасымалдағышқа сақтайтынын айтады.
Ақпаратты өңдеу процесі деп қандай да бір ережелер немесе заңдар
бойынша оның түрленуін айтады.
Адамның немесе жануардың миының және жүйке жүйесінің негізгі әрі
тұрақты функциясы қоршаған ортаның қалпы туралы ақпаратты түрлендіріп,
ең жөнді әрекетті таңдау болып табылады. Бастапқы ақпаратты қандай да бір
есептің шешімін көрсететін ақпаратқа түрлендіру процесі — кез келген
қызметпен айналысатын адамның алдына қойылған есепті шешу деген осы
[21].
3.1.3 Ақпаратты кодтау
Бұл ақпаратты нақты көрінісін қалыптастыру процесі.
«Кодтау» терминін көбінесе ақпаратты бір формадан сақтауға,
тасымалдауға немесе өңдеуге ыңғайлы екінші формаға өту деп түсінеді.
Компьютер сандық формада келтірілген ақпаратты ғана өңдей алады.
Компьютерде өңделетін барлық басқа ақпарат (мысалы, дыбыстар, суреттер,
приборлардың көрсеткіштері және т.б.) сандық түрге түрлендірілуі керек.
Әріптер мен сандар жиынтығы арасындағы сәйкестік символдар
кодировкасы деп аталады.
ЭЕМ-де ақпаратты көрсету тәсілдері, кодтау және кодтарды түрлендіру
көп жағдайда осы ақпарат қалыптасатын, жинақталатын, өңделетін және
көрсетілетін құрылғылардың әрекет принциптеріне тәуелді.
Символдық және мәтіндік ақпаратты кодтау үшін түрлі жүйелер
қолданылады: пернетақтадан ақпаратты енгізген кезде кодтау қажетті символ
салынған пернені басқанда жүзеге асырылады, осы кезде пернетақтада
перненің реттік нөміріне тең екілік сан болып табылатын scan-код
орындалады.
Басылған перненің нөмірі пернеде салынған символдың формасына
ешқандай қатысы жоқ. Символды тану және оған ЭЕМ ішкі кодын теңестіру
арнайы бағдарламалармен жүргізіледі, олар арнайы кестелерге сүйенеді:
ДКОИ, КОИ-7, ASCII (ақпаратты тасымалдаудың американдық стандартты
коды).
ASCII (кесте) кодтау кестесінің көмегімен барлығы 256 түрлі символды
кодтауға болады. Бұл кесте екіге бөлінген: негізгі (Ooh-ден 7Fh-ге дейінгі
кодтары бар) және қосымша (80h-ден FFh-ге дейін, мұнда h әрпә кодтың
оналтылық есептеу жүйесіне қатысын білдіреді).
3.1 сурет - Мәтіндік ақпаратты ASCII кодтау
Кестенің бірінші бөлігі стандартталған. Онда басқарушы кодтар
орналасқан (00h-тен 20h және 77h-ке дейін). Бұл кодтар кестеден алынып
тасталған, себебі олар мәтіндік элементтерге жатпайды. Осында тыныс
белгілері және математикалық белгілер орналасқан: 2 lh - !, 26h - &, 28h - (,
2Bh -+,..., үлкен және кіші латын әріптері: 41h - A, 61h - а,...
Кестенің екінші бөлігінде ұлттық шрифтілер, псевдографика
символдары орналасқан, олардан кестелер, арнайы математикалық белгілер
құрастыруға болады. Кодировкалар кестесінің төменгі бөлігін сәйкес
драйверлерді (басқарушы көмекші бағдарламалар) қолданып ауыстыруға
Достарыңызбен бөлісу: |