- компания сақтандыру нарығында 12 жыл жақсы жұмыс істеп келе
жатыр;
- ҚР-ң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау агенттігі 2008
жылдың нәтижесі бойынша “AMANAT INSURANCE” Қазақстандағы ірі
сақтандыру компаниялары арасында 6 орынды иеленіп отыр;
- «AMANAT INSURANCE» сақтандыру компакниясы Қазақстанның 15
ірі қаласында ашылған;
- шетелдік қайта сақтандыру компанияларымен ұзақ жылдар бойы
тиімді қызмет етіп келеді.
AMANAT INSURANCE-тың қайта сақтандыру бойынша батыстық
серіктестері:
- корпорация Lloyd`s (Ұлыбритания);
- Hannover Re (Германия);
- SCOR (Франция);
- Korean Re (Корея);
- General Insurance Corporation (Үндістан);
- Malaysian Re (Малайзия).
«Тұран Әлем» банкінің «Сақтандыру компаниясы» нарықта 6 жылдан
бері жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде компания үлкен жетістіктерге жеткен.
Компанияның жұмыс істеу ережесі, ол клиентке керекті сақтандырудан
сапалы қорғау және максималды шапшаңдылықты қамтамасыз ету болып
табылады және де клиенттің барлық қажеттілктерін толық қанағаттандыру.
Компанияның имиджіне және қызмет ету стандартының құрылуына
компанияның акционерлері үлкен ықпал жасайды. Бұл акционер
Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі – АҚ «Тұран Әлем» банкісі [24].
Компанияның жарғылық капиталы 1 364,0 млн. теңгені құрайды және
100% ақша құралдарымен қамтамасыз етілген. Компанияның үлкен көлемдегі
сақтандыру сыйлықтары жеткілікті резервтерді жинауға мүмкіндік береді.
Компания капиталының тұрақты ұлғаю көлемі, профессионалдық менеджмент
және инвестициялық саясат компанияға Қазақстан Республикасында ірі
институционалды инвестор болуға мүмкіндік береді.
Компания өзінің белсенділігін дара қызмет ету сферасында дамытады,
бөлшек секторындағы сақтандыру продуктілерін жаңартуға және құруға үлкен
назар аударады, сақтандыру бизнесінде жаңа технологияларды қолданылады
және керекті қызметтердің тізімін тұрақты кеңейтеді.
Қазіргі уақытта біз сақтандырудың барлық түрлерін ұсынамыз.
Клиенттердің ыңғайлылығына қарай сақтандырудың 40-тан жоғары
программалар жасалған. Көлік жүйесін сақтандыруға отандық және шетелдік
көліктер мен джиптар (внедорожники) қабылданады [4].
Басқару
төрағасы
Маркетинг
бөлімшесі
1.1 сурет - «Тұран Әлем» банкінің «Сақтандыру компаниясының»
ұйымдық
құрылымы
«Тұран
Әлем»
банкінің
«Сақтандыру
компаниясы»
өздерінің
клиенттеріне кең және әр түрлі спектр бойынша сақтандыру өнімдерін
ұсынады, барлық мүмкін болатын тәуекелдердің сферасын күнделікті өмірде
іс жүзінде қамтиды [24].
1.2 Кесте - Құрамы жағынан компания портфелі 4 топқа бөлінеді
Сақтандыру топтары
Сыйақы 2004
Мың тг.
Үлес
Көлік жүйесін сақтандыру
353 002
25%
Жауапкершілікті және мүлікті сақтандыру
506 480
36%
Жеке сақтандыру
369 813
26%
Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру
172 363
12%
Барлығы:
1 401 658
100%
Мүлікті ерікті сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:
- кәсіпорын мүліктерін сақтандыру;
- мұнай операцияларын сақтандыру;
- құрылысты сақтандыру;
- ұшақтар мен қайықтарды сақтандыру;
- жүктерді сақтандыру және т.б.
Ерікті сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:
- медициналық ерікті сақтандыру;
- аурулардан сақтандыру;
- шетелге кететін және ҚР келетін азаматтарды сақтандыру;
- жұмысшының денсаулығына және өміріне зақым келтіргені үшін
жұмыс берушінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:
- келісім – шарт бойынша азаматтық – құқықтық жаупкершілікті
сақтандыру;
- кәсіпкердің тәуекелділігін сақтандыру.
Көлік жүйесін сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:
- көлікті өз еркімен сақтандыру;
- БАНК – КӨЛІК сақтандыруы;
- көлік
иесінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін ерікті
сақтандыруы;
- көлік иесінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті
сақтандыруы;
- тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық – құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру.
Allianz Кazakhstan сақтандыру комапаниясы. «АТФ Полис» Сақтандыру
компаниясы» Акционерлік қоғамы 1999 жылдың 22 желтоқсанында құрылды,
2004 жылы ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес ЖАҚ-нан АҚ
болып қайта тіркелді. Қазақстандағы екінші деңгейдегі ірі банктердің бірі –
«АТФ Банк» АҚ компанияның Құрылтайшысы болды.
2003 жылғы 1 сәуірден бастап Сақтандыру Компаниясы «Қазақстан
қаржыгерлері Ассоциациясының» заңды тұлғалар Бірлестігінің толық
құқықты мүшесі болып табылады. 2003 жылдың қараша айынан бастап
Компания «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру Қорының» қызметтес
қатысушысына айналды.
2007 жылдың қыркүйек айында компанияның 100% акция пакетін
Allianz Group халықаралық сақтандырушы топ сатып алды, компания 2008
жылдың сәуір айында «Allianz S.E.» еуропалық акционерлік қоғамының
еншілес компаниясы «Allianz Kazakhstan» акционерлік қоғамы ретінде
бақылау органдарынан тіркеуден өтті.
Жан-жаққа
тараған
филиалдар
желісі
Қазақстанның
барлық
аймақтарында және Алматы, Астана қалаларында қызмет көрсетеді.
Allianz Kazakhstan әмбебап компания болып есептеледі, өйткені ол
сақтандырудың барлық түрлерін жүзеге асыруға қатысты.
2009
жылдың
қорытындылары
бойынша
Allianz
Қазақстан
сақтандырушылардың үздік бестігіне кіреді.
Allianz Kazakhstan тобының қызметін халықаралық және отандық ірі
компаниялар қолданып жүр, олардың арасында атап айтсақ, Agip North
Caspian Operating Company N.V., «Maersk Oil Kazakhstan GMBH»
компаниясының филиалы, «КАЗЦИНК» АҚ, Enka Insaat ve Sanayi A.S., ҚР
Президентінің істері жөніндегі Басқарманың «Беркут» мемлекеттік