6. су көлігін сақтандыру;
7. жүктерді сақтандыру;
8. мүлікті сақтандыру;
9. кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
10. автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
11. темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
12. әуе
көлігі
иелерінің
азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін
сақтандыру;
13. су
көлігі
иелерінің
азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін
сақтандыру;
14. тасымалдаушының
азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін
сақтандыру;
15. шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
16. зиян
келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру.
Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір сыныптың мазмұны мен оны
жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкілетті мемлекеттік
органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын
жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін
және беретін сақтандыру өнімі болып табылады. Сақтандыру ұйымы өзі
әзірлеген сақтандыру түрі бойынша қызметтерін уәкілетті мемлекеттік
органдармен сақтандыру ережелерін келіскеннен кейін ғана жүзеге асыруға
құқылы.
Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың бөлек сыныбы
болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың
мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар
сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заң актілерімен белгіленеді.
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық
қатынастар қоғамдық процесіндегі зиянның орнын, егер бұл процес дүлей
апат пен басқа да төтенше немесе күтпеген оқиғаның нәтижесінде бұзылса
толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық
қатынастарына қатысушының төлейтін сақтық жарналары есебінен
толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай сақтық
қорларын құрайды
Сақтандыру дегеніміз - сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге
асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген
сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе
заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты
кешені. Сақтандыру қызметі-сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын
жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының
талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде
жүзеге асырылатын қызметтері. Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі
туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді
және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, Заң мен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, оның
ішінде өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге
асыратындар
сақтандыру
арқылы
қорғалу
құқығын
Қазақстан
Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бірдей
пайдаланады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды
тұлғалардың немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің мүліктік мүдделерін
және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке
тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек қана Қазақстан
Республикасының
резиденті-уәкілетті
мемлекеттік
органның
тиісті
лицензиясы бар сақтандыру ұйымы жүзеге асыра алады. Сақтық қорлар
қоғамның ұлттық шаруашылығы әр түрлі алдын-ала болжауы мүмкін емес,
оқиғаны сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорларының жүйесі-қажетті
құрамды бөлігі. Мүліктік мүдделерді қорғауды материалдық зияннан
сақтандыруды және оның орнын таптыруды жүзеге асыратын сақтық қор
материалдық немесе ақша қоры нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам
мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады. Сақтандыру
қорларының басқа қорлардан ерекшелігі, олар тұтынушының қорларына да,
жинақтау қорларына да жатпайды. Ол табыс ретінде тұтынылмайтын және
қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-бір бөлігі.
Сақтандырудың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлар белгілі бір
тікелей арналымда сақтық төлемді төлеу үшін пайдаланылмауы мүмкін.
Мұндай жағдайда сақтық қорлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін
коммерциялық айналымға жіберуі мүмкін. Бұл табыстың бір бөлігін
табыскерлерді тарту үшін, сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге
бағыттаған орынды. Сақтық жүйе Республикада экономикалық сенімді әрі
орнықты дамуына халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз
жасауға азаматтар мен шаруашылық субъектілердің мүлкін сақтандыруға
ықпал етуі тиіс[2].
Сақтандырудың жалпы жүйесі 3 бөлімнен тұрады:
1. қоғамдық қорғаудың жүйесі;
2. әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру;
3. жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру.
Сақтандырудың
жалпы
жүйесінің
дербес
бөлігі-медициналық
сақтандыру. Сақтандыру-сақтандырудың төлемі арқылы сақтандыру
шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде
жеке және заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға
байланысты қатарлар кешені. Ерекше сақтық қатарлар сақтық қызметінің
нарығын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы
қорғаныс. Сақтандырудың қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңы
мен сақтандыру мәселелері жөніндегі үкімет қаулысымен және Ұлттық