Дипломдық жұмыстың мақсаты сақтандыру туралы қажетті



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет14/29
Дата15.05.2018
өлшемі0,83 Mb.
#13843
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29

мен  әрі  қарай  қолданудың  ұйымдастыру  –  құқықтық  негізін  қалыптастыру. 

Оған  ақпараттық  жүйенің  функционалдық  және  жабдықтау  бөлімдерінің 

ұтымды  құрылымын  таңдау  мен  дайындауды,  сондай-ақ  жобалау 

жұмыстарының  жүргізілуін,  оның  ендірілуін,  таңдауды  анықтайтын  әдістер 

мен жабдықтар және құжаттар жатады. 

Белгілі  ережелерге  бағындыру  құжаттары  ақпараттық  жүйені 

тұрғызудың,  жұмыс  істеу  мен  можернизациялаудың  барлық  деңгейлерінде 

мемлекеттік  басқару  ұйымдары  және  тапсырма  беруші  мен  жұмысты 

орындаушы  арасындағы  өзара  қатынасты  белгілі  ережелерге  бағындыратын 

құжат  түрінде  болып  бөлінеді.  Ақпараттық  жүйені  өңдеу  мен  жұмыс  істеу 

мақсаттары,  экономикадағы  нарықтық  қатынастардың  әсерінен  және 

техникалық  жабдықтар  жиынының  сапалық  және  сандық  өсу  қарқынынан 

уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз 

етуге  байланысты  тереңдетіле  түсуде.  Осының  барлығы  ақпараттық  жүйені 

тұрғызу  мен  жұмыс  істетудің  ұйымдастыру  –  құқықтық  актілеріндегі  және 

ұйымдастыру  -  әдістемелік  шешімдеріндегі  ұйымдастырумен  жабдық-тау 

есептерінің өзгеруіне әкеледі [5]. 

 

2.2 Техникалық және математикалық жабдықтауларға қойылатын 



талаптар 

 

2.2.1 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар 



 

Техникалық  жабдықтау  –  бұл  ақпараттық  жүйе  жұмыс  істеуді 

қолданылатын  техникалық  жабдықтар  жиынтығы.  Басқарудағы  ақпараттық 

кезең  жеке  операциялардың,  олардың  жиынтығының  орындалуы  арқылы 

жүзеге асады. 

Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады: 

- ақпаратты алу. 

- ақпаратты түрлендіру. 

- ақпаратты тұтыну. 

Бірінші  саты  –  экономикалық  объектілердегі  қызмет  барысында 

туындайтын  бастапқы  ақпаратты  жинауды  және  тіркеуді  орындайтын 

операциялар  тобын  қамтиды.  Бұл  операцияның  мақсаты  мекемелердің, 

кәсіпорындардың,  аймақтардың  және  басқалардың  қызметін  бейнелейтін 

ақпарат алу. 

Екінші  саты  –  ақпаратты  түрлендіру  операцияларының  тобы,  кеңістік 

және  уақыт  бойынша  мәндердің,  түрлердің,  құрылымдардың  өзгеруін 

орындайды. 

Үшінші  саты  –  операциялар  тобын  және  олардың  бас  қарушылық 

шешімдерді  қабылдау  үшін,  әрі  басқарудың  ақпараттық  кезеңдерін 

жалғастыру үшін ақпаратты тұтынудағы маңызын біріктіреді. 

Басқарудың  ақпараттық  кезеңінің  негізгі  сатысына  сәйкес  келесі 

техникалық жабдықтар қолданылады: 




а) ақпаратты жинау және тіркеу; 

ә) ақпаратты өткізу; 

б) машиналық тасығыштарды дайындау

в) ақпаратты өңдеу; 

г) ұйымдастыру техникасы. 

Ақпаратты  жинау  және  тіркеу  жабдығы  бастапқы  мәліметтерді 

тасығыштарға тіркеуге арналған. 

Ақпаратты  өткізіп  беретін  жабдық  мәліметтерді  өңдеу  орталықтарына 

және  оны  қолдау  орнына  кеңістіктегі  ығысу  арқылы  жеткізіп  беруде 

қолданылады. 

Машиналық 

тасығыштарды 

дайындау 

жабдығы, 

мәліметтерді 

машиналық  тасығыштарға,  оның  ішінде  магниттік  табақшаларға  жазу  үшін 

қажет. Қазіргі кезеңдегі жабдықтардың ерекшелігі сол, мәліметтерді магниттік 

табақшаларға жазу кезінде оны бақылауға, ашып жазуға, реттеуге болады [18]. 

2.2.2 Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар 

 

Математикалық  жабдықтау  –  бұл  ақпаратты  өңдеудің  математикалық, 



үлгілері мен алгоритмдерінің жиынтығы. Мүлікті сақтандырудың ақпараттық 

жүйесі  математикалық  жабдықтауы  белгілі  бір  нақты  міндеттерді  тиімді 

шешуді  қамтамассыз  ету  керек  және  осы  міндеттерді  шешу  барысындағы 

дербес ЭЕМ-ң қызметін басқарып, оның ісінің дұрыстығын бақылып отыруды 

қамтамассыз ету керек. 

Ақпараттық  жүйені  математикалық  жабдықтау  құрамына  мыналар 

кіреді: 

- типтік және жасалатын әдістемелер, ақпаратты өңдеу алгоритмі; 

- мәліметтерді  іздеу  және  сорттау  алгоритмі,  шығыс  құжаттарын 

қалыптастыру және тарату(экранға және баспаға). 

Ақпараттық  жүйені  математикалық  жабдықтаудың  жалпы  талаптарына 

мыналар кіреді: 

- математикалық әдістер мен алгоритмдердің тиімдісін қолдану; 

- ҚПП–н  көрсететін  типтік  әдістерді, алгоритмдерді, модель-дерді және 

мүмкіндіктерді максималды қолдану; 

- қолданылған  математикалық  әдістер  техникалық  және  программалық 

құралдардың  мүмкіндігін  ескеруді,  шешу  уақыты  мен  есте  сақтау  көлемі 

бойынша төменгі мағынаға ие болуы қажет

- алгоритмдерді  көрсетудің  барлық  түрі  жіберіледі:  формулалы,  сызба, 

блок-жүйе, сөзбен сипаттау және т.б. 

Математикалық  жабдықтау  алгоритмдері  келесідей  жалпы  талаптарға 

жауап беруі тиіс: 

- ҚПП  –де  пайдалануға  негізделген  стандарттық,  іздеушілік  және 

септеулік процедураларын максималды пайдалану; 

- ақпаратты іздеудің шешімдерінің нақты мәнінің болмауы; 



- өз  сипаттамасында  программа  тілінің  мүмкіндіктерін  максималды 

пайдалану; 

- есептердің функционалдық байланысын қамтамассыз ету

- қатысты жай блоктарға бөлшектеп байланыстыруды енгізу; 

- программаның орындауы жолына бақылау енгізу. 

Математикалық әдістер мен тәсілдер және олардың шешімдері берілген 

нақтылықтағы  шешімдердің  бір  мәнділігін  және  бірлігін  қамтамассыз  етуі 

қажет [18]. 



 

2.3 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар 



 

Программалық  жабдықтау  деп  -  техникалық  жабдықтау  жүйесі  жұмыс 

істеуде  жабдықтайтын  ақпараттық  жүйенің  қызметін  жүзеге  асыратын 

программалардың  бірігуін  ұғуға  болады.  Ол  математикалық  жабдықтау 

негізінде  құрастырылып  және  оның  нақты  жұмыс  істейтін  пішіні  болады. 

Программалық  жабдықтау  екі  бөлімнен  тұрады:  жалпы  программалық 

жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.  

Жалпы  программалық  жабдықтау  -  бұл  жабдықтаудың  кең  көлемдегі 

қолданушыларға  есептелген  және  ақпаратты  өңдеу  есебінде  жиі  кездесетін 

есептеу  кезеңінің  “және  -  немесе”  шешімін  ұйымдастыруға  арналған 

программалардың  бірігуін  бейнелейтін  ақпараттық  жүйенің  программалық 

жабдықтаудың бөлмі. 

Операциялық  жүйе  -  ол  есептеу  кезеңін  тиімді  ұйымдастырып  және 

есептеу  жүйесінің  қорларын  (жедел  жадылы  процессорды,  арналарды  және 

т.б.)  тиімді  тиеуді  орындайды.  Бұл  жүйеге  операциялық  жүйелер  мен  жеке 

программалардың  (драйверлердің)  мүмкіндігін  кеңйтетін  программалар 

жатады. 

Есептеу  кезеңін  ұйымдастырудың  тиімділігі  ақпараттық  жүйенің 

тәсілін,  оның  генерациясының  параметрлерін  және  оған  тиімді  қолданбалы 

программалар  пакентін  (ҚПП)  қосуды  үйлесімді  таңдаумен  жүзеге  асырады. 

Әдетте  программалық  өнімді  тұрғызу  жабдығы  бар  болып  отырған 

операциялық  жүйеде  қамтылғанмен,  бірақ  қазіргі  уақытта  операциялық 

жүйеде қамтылмаған көптеген осы заманғы программалау жабдықтары да бар. 

Бұл өнімдер ақпараттық жүйелерді программалық жабдықтау өте қажет. 

Сынаққа  арналған  программалар  (тесттер)  ДЭЕМ-нің  жұмыс  қабілетін 

тексеріп,  егер  жөндеу  қажет  болса,  оны  анықтап,  машинаның  немесе  жүйе 

жұмысының ақауына ат қойып (диагноз), оны шектеп тоқтатады.  

Арнаулы  программалық  жабдықтауға  ҚПП  мен  бөлек  функцияларды 

орындайтын және ақпараттық жүйенің әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің 

нақты  есептерін  шешетін  программалар  кіреді.  ҚПП  –  жалпы  жүйелік  және 

функционалдық  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Мұндағы  жалпы  жүйелік 

қолданбалы  программалар  пакеті  кез-келген  ақпараттық  жүйеде  қолданылуы 

мүмкін. Оны қолданбалы программалар пакеті арқылы: 

- мәліметтерді басқаруда; 




жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау