ӘОЖ 687.152
ҚОҒАМДАҒЫ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ АРНАЙЫ КИІМНІҢ
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ МЕН МІНДЕТІ
Сейтпахиева А. Т., Байешов Б.Т.
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
«Киім» және «Сән» бүл біздің санамыздағы ажыратылмас түсінік. Әлдеде «арнайы киім» терминін еске түсіре отырып, жанымызда сенімсіздік пайда болады. Әрине, бүл киім ыңғайлы, тәжірибелі және кауіпсіз болуы қажет. Бірақ, бүл киім сәнді болуы қажет па? Ия, әрине. Бұған көз жеткізу үшін, арнайы киімнің шығу тарихына көз жүгіртейік.
Арнайы киімнің бірінші үлгісі Ежелгі Римде пайда болған, яғни бірінші әмбебап форма содан соң, арнайы киім. жерлерді жаулау нәтижесінде бірінші болып пайда болған, әскерлерге арналған әмбебеп форма немесе жауынгерлердің киімі. Сәтті жүргізілген әскери қимылдар нәтижесінде жаулап алған жерлерден басқа жұмысшылар, дәлірек айтқанда құлдар да пайда болды. Құлдар ауыр қара жұмыс істейтін болғандықтан оларға арнап, арнайы киімдер дайындады. Міне осыдан арнайы киімнің бірінші үлгісі пайда болды. Уақыт өтіп адамдар өзгерсе де, арнайы киімдер сол күйінде қала берді. Айта кетсек, ең алғашкы шыққан жұмысшыларға арналған өте қарапайым арнайы киім барлық адамдарға біркелкі түрде болды. Яғни, әйелдерге, ерлерге, балдарға арналған деп бөлінбеген болатын. Бәрін біркелкі түрде пайдаланған. Жұмысшыларға арналған арнайы киімді тігін өндірісінде кедей адамдар тікті. Олар тіккен киімдерін дүкендерге бірнеше түрлерін апарып сатты.
19 ғасырдың соңында Леви Страустың алтын іздейтін жұмысшыларына арнап тіккен киімі сол ғасырдың сәніне айналды. Ірі тігіспен қатты матадан тігілген комбинизон бүкіл әлемге таралды. Дәл солай, бейсболка да пайда болды. Ол бірінші спорттық киімнің эмблемасы ретінде-әмбебап форма болды. Шынырақ айтканда, қазіргі заманға сай сәнді бейсболканың сырт пішініне бірнеше өзгерістер енді. Ал, джинсы шалбардың мыңдаған түрлері шыға бастады. Қазіргі заманға сай құрал-жабдықтар шықканнан кейін, жұмысшылардың киімі мен әмбебап форманы артық шығынсыз аздаған мөлшерде үнемдеп, сапасын жақсартып шығара бастады.
Арнайы киім - қазіргі өнеркәсіптегі көркем көрсеткіш. Бірінші ерекшелігі - эстетика, тәртіп, тәрбие, яғни жұмыс істеу барысында жұмыста бір киім, ал жұмыстан үйге қайтқанда басқа киім болуы кажет. Екіншісі – бұл әрине тәжіриебелігі, арнайы киім үлгілерін жасағанда, функционалдық қатарының ерекшеліктері көрсетіледі: нақты ажыратылған қалталар түрлері, көркемдік түрлері немесе нақты ыңғайлылығы. Айта кетсек, жұмыс барысында комфортты, мыжылмайтын, кір жұқтырмайтын, жұмысшыларды қоршаған ортадағы қауіпті заттардан, шаңнан қорғайды. Үшіншісі – ер адамдар дәлірек айтқанда арнайы киімді кигенді ұнатады. Әмбебап форманы қолдану барысында, фирманың таңбасы мықты психологиялық күш береді және жұмысқа деген өзіндік сезіммен жауапкершілігі жоғарлайды.
Бүгінгі күнде әртүрлі ұйымдардың бастықтары жұмысшыларының әмбебап формада болғанын қалайды. Киім адамдарды тәртіпке үйретеді, олардың сапасын көбірек жоғары дәрежеде қалыптастырады. Сондай-ақ, киім адамға ыңғайлы, құнтты, жоғары дәрежелі тігілген және де жарасымды болуы керек. Сол себептен әмбебап форманы дайындап тігетін дизайнерлер, оның сапасына көбірек көңіл бөледі. Уақыт өте келе арнайы киімге де назар аудара бастады. Арнайы киімге маңызды өзгертулер енгізілді. Жұмысшыларға арналған костюм сырт көзден қарағанда жағымды әсер туғызады. Өз жұмысшыларына арнайы киім тігіп беру – кәсіпорын бастықтарының бірден-бір міндеті деп есептеледі, өйткені әр фирманың өзінің табысының көрсеткіші, эмблемасы болуы керек. Қазіргі кезде арнайы киімнің костюмдері тек қана жұмысшыларға емес, сондай-ақ бірлескен киім сияқты бірнеше түрлерге бөлінеді. Өндіріспен шұғылданатын парасатты компаниялардың дизайнерлері мен сәнгерлері киімнің көптеген түрлерін шығарды.
Ертеден-ақ жұмыс істеп келе жаткан жұмысшылар арнайы киімді қажетті деп санайды. Негізгі көрсетушілер мен талаптар алғашқыда күрделі болды. Сондықтан киім өрескел жүмыс үшін арналды. Оған берік болуға, козғалыста ыңғайлы және де өте кымбат емес болуы керек. Былайша айтқанда, арнайы киім сол заманнан біздің күнге дейін сақталған. Уақыт өте келе өнеркәсіп дами бастады, онымен коса арнайы киімнің дәлірек айтқанда - костюмнің көптеген түрлері шықты. Костюм түрлеріне өзгерістер енді. Арнайы киімді қажет емес деп санаған адамдар, кейінірек жұмысшылардың арнайы киімін жоғары дәрежеде бағалады. [ 1]
Қазіргі заманға сай құрал-жабдықтар шыққаннан кейін, жұмысшылардың киімі мен әмбебап форманы артық шығынсыз аздаған мөлшерде үнемдеп, сапасын жақсартып шығара бастады.
Киім – дегеніміз адамдардың денесін сыртқы әсерден қорғауға арналған тәжірибелік және эстетикалық қызметтер атқаратын бұйым немесе бұйымдар жиынтығы (аяқ киімдер және т.б.).
Костюм – тарихи қалыптасқан және әрдайым дамып тұратын адам денесіне киілетін, өзара келісілген бұйымдар жиынтығы (киім, аяқ-киім, бас киім, крлғап және т.б.) және оларға ілесетін қосымшалар (сөмке, қолшатыр және т.б.) сонымен катар адамның сыртқы бейнесін құрайтын сәнді шаш, бет бояу.
Кесте 1. Киімнің негізгі қызметтерінің құрылымы
Киімдердің қызметі негізінен адамның дене құрылысына климаттық ортаның қолайсыз эсерінен (суық, жел, жаңбыр, күн радиациясы т.б.) механикалық зияндылықтан зақымдану жэне өндірістің қолайсыз эсерінен қорғауға (кірлену, жуу, суық т.б.) арналған болып табылады.
Физико-ғигиеналык қызметі киім дененің тыныштық қалпында жэне қимыл-қозғалыста ыңғайлығын қамтамасыз етеді.
Ақпараттық қызметі - адам және оның киімі туралы мәліметтерді береді (мамандығы, көзқарасы, мэдениеттілігі және т.б.).
Эстетикалық қызметі - адамның киген киімі бір-біріне сэйкестігімен бұйым композициясының жетілдігімен оның өңдеу сапалығымен анықталады.
Өндірістік киім дегеніміз - бұл арнайы әзірленген киім (костюм, комбинезон, халат, іш киім, фартуктер, қолғаптар және т.б.) жұмысшыны сыртқы ортаның кері әсерінен қорғауға арналған және жұмысқа өте қолайлы, барлық жұмыс талабына сай, мысалға дәрігерлер жұмыс киімі — өте ыңғайлы, қонымды, гигиеналық, сапалы, дезинфекциялауга жеңіл және т.б.
Арнайы киімді дайындау кезінде әртүрлі текстиль материалдардың түрлері қолданылады - олар мақта мата, зығыр, жүн маталар, тоқыма және беймата. Өндірістік жұмыс киімі - ыңғайлы және көзге тез түскіштік қасиетке ие болу қажет. Ол әр уақытта жаңаланып тұрады: ескірген түрлері:
- өндірістен алынып тасталынады да, оның орнына жаңалары шығарылады;
- жаңа талшықтардан сәндік фактуралардан және түстерден кұралады. Материалдардың көптігінен киімдер үшін тәжірибелік мағынасы олардың классификациясына беріледі және сол сияқты бір немесе бірнеше нақты көрнекті белгілері бойынша материалдар түрлеріне топтасады.
Сол сияқты бір түрдегі тігін бұйымдары әртүрлі материалдардан дайындалуы мүмкін. Бір белгіленуіндегі әртүрлі материалдарға қойылатын талаптар бірдей болады.
Анау немесе мына бұйымға материалдардың таңдалуы дұрыс болуы үшін бұйымға қойылатын нақты талапты білу қажет және қандай материалдар қажетті қасиеттерге не болатынын жақсы білу тиіс.
Қоршаған ортадан ағзаны қорғау үшін жұмыс істеп жатқан адамның және киімнің уақытынан бұрын киімнің ескіріп кетпеуі үшін арнайы қоспамен өңдейді, мақта мата және жасанды талшықтардан жасалған матаның отқа төзімді болу үшін арнайы отқа төзімді қоспа пайдаланылады. Су мен ылғалға жақын жұмыс істейтіндердің киімдерінің матасы су өткізбейтіндей немесе судан корғайтын коспалар пайдаланылады. Өндірістік киімге поливинилхлорид маталары кеңінен қолданылады, әртүрлі қышқылдардан сақтайды және майдан, мұнайдан сақтайды. Кейбір маталар поливинил пластикпен екі жағынан жапыстырылады. Түп негізі материалды мақта жасанды және синтетикалық талшықтардан тұрады. Өндірістік киімді құрастыруда бірнеше заңдылықтарға, өндірістің талаптарына сай жасалуы тиіс. Өндірісте қауіпсіздік ережелерімен әрбір жұмысшы танысып, сол ережелерді бұлжытпай орындаулары қажет.
Арнайы киімнің күрделілігі жан-жақты жобалау есебінен тұрады. Арнайы киімді тігу үшін алдымен оның қандай салаға қолданылатынын және қандай маталардан тігілуін білу керек. Кейбір арнайы киімдердің уакыт ұзақтығы болады.
Өндірістік киім жасау барысында оның сапа қасиеттерінің дұрыс қалыптастырылуы үшін өндірушіге әртүрлі факторлар әсер етеді. Жалпы өндірістік киімнің сапасы адамның жұмыс істеу кезінде оның денсаулығы мен жұмыс қабілетіне әсер етеді. Сондықтан өндірістік киімді жобалауда барлық факторларды ескеру үшін жүйелі тәсіл қолдануға тиісті.
Сапасы оңтайлы бұйымды жобалау процессін басқару үшін жобаланылатын бұйымның қасиеттерін нақты анықтау қажет. өндірістік киім сапа көрсеткіштерінің тізімін дұрыс сақтау үшін «Адам- киім -кеңістік (табиғат немесе әлеуметтік)». «Атқару міндеті - талаптар,қасиеттер көрсеткіштер» деген жүйелерді талдау қажет.
Арнайы киім адамдарды жұмыс орындарындағы қауіпті және зиянды факторлардан қорғайды. Ол жеке қорғаныста кең ауқымды қолданылады. Біздің Республикамызда арнайы тігін киіммен 55 млн. адам қамтамасыз етілген, олардың 11 млн адамы әр салада жұмыс істейді.
Арнайы киім ГОСТ 12.4.103-88 талаптарына сәйкес 13 топтан және 39 топаралықтан тұрады. Классификация бойынша арнайы киім түрлі зиянды факторлардан қорғайды. Сонымен топтық арнайы киімдер механикалық әсерден, жалпы өнеркәсіптік ластанудан, жоғары және төмен температурадан, радияциядан, рентгендік сәуледен, электрлік алаңнан, зиянды емес және зиянды заттардан, судан, қышқылдан, органикалық коспалардан, мұнайдан, мұнай қоспаларынан, майдан жалпы зиянды биологиялық факторлардың бәрінен қорғайды. Топтар арнайы қорғаныс топаралық болып бөлінеді.
Мысалы, температурадан қорғанатын топтарда жоғары температурадан, климатқа байланысты, жылы сәулелерден, ұшқыннан, ертілген метал ұшқындарынан, ашық оттан қорғайды, судан қорғайтын арнайы киімдер - топаралық суөткізгіштен, суға төзімді және түрлі қоспалардан қорғайды.
Арнайы киімдер тұрмыстық киімдер сияқты бөлінеді. Оларға:
1-курткалар
- шалбарлар
- жейделер
- комбинизондар
- жартылай комбинизондар
- плащтар және т.б.
Арнайы киімдерді таңдау барысында оның қандай салада қолданылуын білу қажет. Топтық қызметтің киімдер өзара формалық киімдер әсер қызметкерлеріне, теңізшілерге, теміржолшыларға, байланыс қызметкерлеріне, кәсіптік техникалық оқу орындарында және т.б.
Жалпы олардың киімі болып - шинель, пальто, китель, көйлек, ішкиім және бас киім, аяқ киім.
Технологиялық киімдер көбінесе дәрігер қызметкерлеріне арналған. Арнайы киім ерлер және әйелдер киімі болып бөлінеді және де олар Ж-жаздық, Қ - қыстық және Ж - жалпылық бөліп бөлінеді.
Қаралып отырған классификациялық киім қазіргі заманға сай болып келеді. Бірақ бұл ыңғайсыз болып келгендіктен СССР (1975 ж.) госстандартты қабылдады.
Номенклатураның көрсеткіші сападағы арнайы киімдердің сапасына карай иерархимиялық 5 - деңгейдегі құрылымды кестеде қарастырылады, ол Кирова атындағы ЛИТЛП-да өңделген:
1-ші деңгейі функционалдық көрсеткіш, 2 - технологиялық көрсеткіш.
2-ші деңгейі қорғайтын, гигиеналық, антропометриялық, психофизиологиялық, эстетикалық, конструктивті - технологиялык, экономикалық.
3- ші деңгейі бірліктік көрсеткіштер бөлшектердің әр түрлі дәрежеде көрсетілген.
Көптеген сапаның көрсеткіштері бастапқы деңгейдегі арнайы киімнің сапасының эксплутациядағы үдірісі болып табылады. Бірақ арнайы киімдегі сапаның деңгейі эксплутан,иялық үрдісте үнемі төмен болады. Сондықтан да арнайы киімді жобалағанда дайындаушылар бастапқы көлеміне қарайды.
Эксплутациялық үдірісте арнайы киімдерді бөлшектерге бөлу керек, арнайы киімдер адамның және қоршаған ортаның ары қарай дамуына әкеп соғады. Қорғайтын заттардың берілген деңгейіне дейінгі көлемі біріншіге карағанда азырақ болады. Арнайы киімдердің екінші ресурстағы қасиеті орнына келтіру мүмкін емес.[ 2]
Комплекстік көрсеткіштері бар арнайы киімдер келесі көрсеткіштер арқылы анықталады: мәңгілік - арнайы киімдерді қорғайтын құралдарын қайта қалпына келтіру керекті болып табылады.
Кесте 2. Өндірістік киімдердің жіктелуі
Жөндеуге жарамды арнайы киімдердің керекті деңгейдегі нәтижелерін жақсарту;
Қарсылықсыз - қысқа уақыттың ішінде арнайы киімнің құрамын арнайы шектелу арқылы сақтау қайта өңделетін құрылымға ие.
Егер арнайы киімнің жобалануы көп мөлшердегі жүйеде болса, онда бөлшектелген құрылыстық кестесі керек болмай қалады.
Әрбір компанияның сыртқы кейібін, формалы киімнің эмблемасын жоғары бағалау қажет. Қазіргі кезде арнайы киім мен әмбебап форманы жұмысшыларға таңдаған кезде шамалы қиынға түсуі мүмкін. Себебі, өндірістік сауда фирмаларында киімнің үлкен түрлері ұсыналады. Фирмалық киімді сатып алар кезінде, оның бағасына және өте маңызды параметрлеріне қарау қажет. Олардың арасында арнайы киімнің материалының сапасына, әмбебап форманың сырт пішініне үлкен көңіл бөлген қажет. Ол үшін айқын белгілермен формалы киіммен, әмбебап форманың сәйкестігі мен ұқсастығын салыстыруымыз керек. Көптеген өндіріс фирмаларының басты мәселесі – киімге матаны дұрыс таңдау. Кейбір маталар адамдарға аллергия беріп, тітіркенуі мүмкін. Көптеген тапсырыс берушілер формалық киімнің әрлендіруін жете бағаламайды, өзіндік стиль іздеп үнемдеуге тырысады. Әмбебап форманың сырт көрінісі, пішіні дұрыс болмаса, ол компанияға кері әсерін тигізеді. Жұмысшыларға арналған жазғы киімдер барынша ашық, үйлесімді, әрине адамгершілік нормалардың шектерінде де болуы керек. Әмбебап форма жеңіл, күн ыстықта, қапырықта жағымды, ыңғайлы болуы керек. Жазғы әмбебап форма пиджактармен, көкірекшелермен жабдықталуы қажет.
Әмбебап форманы даярлағанда матаны таңдау өте маңызды болып келеді. Мата ең алдымен биік сапалы, қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайтын, гигиеналық қасиеттері жоғары, эстетикалық сапалары биік болуы керек. Кәсіпорын қызметкерлеріне арналған арнайы киіммен, өндірістік киімдерге матаны таңдау кезінде оның сапасына үлкен көңіл бөлгеніміз жөн.Оларға костюм мен арнайы киімдер ұсынылады. Маталардың жоғарғы тұрақтылығын арнайы тестілеумен тексереді. Әмбебебап форманы тапсырыспен парасатты компанияларда істейді, барлық өңдеу нәзіктіктерін даярлағанын реттейді.
Ірі компаниялардың қызметкерлеріне әмбебап форманы тіккенде маталарды дұрыс таңдауға талап етеді. Сондықтан, әмбебап формасына ай сайын тапсырыс бермес үшін, киімнің тігілуіне қажетті қосымша тапсырысты ескеру қажет. Әмбебап форма басқаларына қарағанда ассортименті көп тігін фабрикаларынан шығатын, жаксырақ маталармен ерекшеленеді. Бірлескен киім өндірісінде аралас маталарды қолданады, олар қайта-қайта кір жуулардан кейін мыжылмайды және түрін жоғалтпайды. Компанияларға матаның түрлі-түстерін дәстүрлі түрде таңдайды, бірақ негізінде жұмсақ боялған матаны қолданады.
Жұмысшаларға арналған киімді тіккен кезде, арнайы өңделген фурнитура түрінде, фирмалық символдың мәнімен толыктырылады.[ 3]
Қала арасында коғамдық көлік қызметкерлерінің жүргізушілері әдемі және кұнтты, ыңғайлы арнайы киімге қарсы болмас еді. Біздің қаламызда бес ірі автокөлік кәсіпорындары бар. Осы кәсіпорынның жүргізушілеріне арнап әмбебеп форма, яғни арнайы киім тігіп беруіміз қажет. Киім, сондай-ақ әмбебеп киім жауаптылықты жоғарлатады, қызметкерлерді тәртіпке үйретеді. Жүргізушілердің өздері ұсыныс жасауда, әмбебап формадан басқа, автопаркте жұмысқа арналған киім, яғни, дақтардан, бензин мен майдан қорғайтын арнайы кеудеше болса жақсы болар еді. Ал, маталардың сапасы жоғары болса, оларды жуғанда түсі өзгермейді.
Қалалық көлік қызметкерлері бүгінгі күнге дейін арнайы киіммен толық қамтамассыздандырылмаған. Қазіргі біздің қалалық автобус жүргізушілері, көк түсті көйлек киеді. Сапасы өте төмен. Дегенмен, троллейбустердің, автобустардың, таксистердің жүргізушілері мен кондукторлары біркелкі арнайы әмбебап форма киетін болса, сырттан қарағанда керемет есте сақтайтындай үлкен әсер қалдырар еді. Мәселен, бастарына фуражка, үстіне көйлек пен галстук, оларға қосымша өздерінің әмблемасымен болса керемет көрінер еді. Көптеген жылдар бойы жүргізуші болып жұмыс істеп келе жатқан жұмысшылар, егер киім ыңғайлы, қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғайтын костюмдер болса, олардан бас тартпас едік дейді.
Қорыта келгенде, әмбебап форма барлық жұмысшыларға қажет болғандықтан, оны таңдар алдында іскерлік және фукционалдық қатарын еске алған қажет. Арнайы киімге өндірісте тапсырыс бергенде қазіргі заманға сай сәнді, әдемі тігетін дизайнерлерге көбірек көңіл бөлуіміз керек.
Әдебиет
П.П. Кокеткин «Промышленное проектирование специальной одежды» М, 1982
Жаркипов Е.Ж, Рудаченко К.К. «Мода и спецодежда» Алма-ата Кайнар,1988
В.Е. Романов «Системный подход к проектированию специальной одежды». М.;1981
Интернет. www.google.ru «Спецодежда для водителей»
Достарыңызбен бөлісу: |