189
артады. Осы бағыттарда әрбір мұғалімнің оқытуға, үйретуге өз тұғырнамасы болуы қажет.
[3.5]
Олар мыналар:
- Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну;
- Оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау;
- Оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден арылуға көмектесу;
Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар.
Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де
оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы
ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылықтарын
арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт
түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады.
Сондықтан да мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа
инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл мұғалім мен
оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім оқушылармен
белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар
туғызып, қабілеті жеткенше еңбек етуін ойластыру.
Барлық оқушылар өз қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды
да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі
жаттығуларды орындауға көшіп отырады [4] . Бұл оқушылар арасындағы бәсекелестікті және
әр оқушының өз қабілетіне, қызыметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай
жасалады. Осылай ойын элементтерін, әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың
тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «даму мониторингі» кестесіне белгілей
отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыру қажет. Өтілетін тақырыптарға байланысты
қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ барысының сапасын арттыруға ықпалы көп.
Атап айтсам: «Кім шапшаң?», «Көңілді ойындар!», «Мен чемпион!», сонымен қатар
қозғалмалы ойындар және ұлттық ойындарды сабақта түрлендіріп өткізуге машықтандыру.
Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың орны орасаң
болары хақ. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге
сыныптан тыс спорттық шаралардың да маңызы зор. Соның ішінде қазақтың ұлттық
ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан тартыс,
аударыспақ сынды ойын түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстарды жүргізу
нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады.
Оқушылардың танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы
спортқа байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артып, оқу
тоқсандарында жоғары сапаға қол жеткізуге болады. Жаңаша әдсітерді сабақтарда үнемі
қолданысқа енгізуде теория мен практиканың ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың
мазмұндылығы көріне алады. Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту
технологияларының тиімді әдістерін дене шынгықтыру пәнінде қолдануды ұсынамын.
Алдымен «Дене шынықтыру пәні не береді?» –деген сұраққа:» Қимыл қозғалысты береді.
Машықтандыру. Дене мәдениетін қалыптастыру. Денені шынықтыру, тәрбиелеу. Жалпы
дамыту жаттығуларын меңгертеді. Мемлекеттік стандарттық бағдарламаны жоспарлай
білуді, нормативтік тест жаттығуларды игертуді береді.
Сабақ барысы кезінде Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын
тиімді пайдалану.
Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып, ой толғау
жасауға болады. (мыс: дене шынықтыру сабағында сабақты ойын түрінде ұйымдастыру
керек) осы арқылы, оқушылардың бейімділігін арттыруға болады[5] . Күтілетін нәтиже -
дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылықтары артады. Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі
басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы артады. Дене шынықтыру сабағында 5-6
сыныптарға сергіту сәтін алуға болады. Өз тәжірибемде 5-сыныптарға өткізген
«Эстафеталық жарыстар» атты сабағымда, алдымен оқушыларға ой толғау жасау мақсатында
190
қазақтың ұлттық ойын түрлеріне тоқталуды, ұлттық ойындар туралы өз түсініктерін сұрай
отырып, сабақ барысы кезінде орындатуды жоспарладым. Міне, осы арқылы оқушылар
сабақтың жарыс түрінде топтық ойын әдісінде болатына көз жеткізеді. Сабақты қызықты
өткізу үшін мультимедиалық проектор арқылы қазақтың ұлттық ойындарының тарихын
таныстырып өтіп, жасырылған сұрақтарды табуға машықтандыру, әр топқа белгіленген ұпай
сандарына қарай бағалап отырдым. Кейін сабақ барысын: «Кім шапшаң?» бөлімі деп алып,
бұл бөлімінде оқушылар белгіленген жерге дейін эстафеталық таяқшамен жүгіріп барып,
белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға жазылып берілген есептерді шапшаң орындап шығып
кейін қайтып келулері керек. Оқушылардың бұл бөлімде сабаққа деген қызығушылығының
артуымен бірге, машықтанады, логикалық ойлау қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс әрекеті
дамиды. Төмендегі жарыс сабақ
Тақырыбы: Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!
Мақсаты: Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына
ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын
мысалдармен дәлелдеп түсіндіру.
Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Көрнекілігі: салынған суреттер, қанатты сөздер жазылған иплакаттар.
Түрі: Жарыс сабақ
Барысы:
Оқушылар екі топқа бөлініп тұрады.
Мұғалім: Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты
болу жолдарын қарастыру керек. Денсаулықтың қатаң анықтамасы қандай? Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұжымының ережелерінде «Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе
аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге ол рухани, физикалық, әлеуметтік – саулықтың
толық мәнді теңдігі.
Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан
сендердің таңдау- ларың – салауатты өмір салтын сақтау! Олай болса бүгінгі біздің тәрбие
сағатымыздың тақырыбы «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!» деп аталады.
Жарыс бағдарламасы:
1) Таныстыру
2) Қабырға газетін қорғау
3) Оқушы шығармашылығы
4) Мақал – мәтел жарысы
5) Ситуациялық сұрақтар
6) Поэтикалық құрылым
(Әділқазы алқасымен таныстыру)
«Таныстыру» кезеңінде екі топ аттарын, ұрандары мен төсбелгілерін таныстырады.
Ал екінші кезеңде әр топ өздерінің шығарған газеттерімен таныстырып, қандай мақсатта
салғандарын айтып өтеді.
Жарысымыздың үшінші кезеңі Жас ақын немесе ақынға жақыр деп аталынсын,
оқушыларымыздың шығармаларын тыңдайық.
Төртінші кезеңі Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей
атадан қалған асыл сөздер мен мақал-мәтелдерден жарыс өткізіледі.
1) Денсаулық - зор байлық.
2) Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.
3) Жан ауырса, тән азады.
4) Тәні саудың – жаны сау.
5) Тәуіптің жақсысы – ауруға ауру қоспағаны.
6) Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтт.
7) Ауруын жасырған өледі.
8) Сырқат - тән жарасы, қайғы – жан жарасы.
9) Денің сау болса, жарлымын деме.
Достарыңызбен бөлісу: |