Тақырыбы:Х дыбысы мен әрпі
1.Х дыбысы мен әрпін таныстыру. Х дыбысы бар сөз, сөйлемдер оқыту, жаздыру. Сөзді дұрыс буынға бөлуге дағдылану.
2.Оқушылардың бұрынғы алған білімдерін керек жерде пайдалана білуге, өз ойларын қосуға машықтандыру. Жазу, оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
3.Ұқыптылыққа,байқампаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Х әліппеге плакат кесте, қима әріптер, буындар, дидактикалық материалдар, х суретті әліппеге серігі, баспа, жазба әріптер, оқулық.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ,жарыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:Түртіп алу жүйесі, сұрақ-жауап, көрнекілік стратегиясы
Пән аралық байланыс:Математика,дүниетану
Барысы:
1.Ұйымдастыру (топқа бөлу, жетекшісін анықтау)
2.Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін көрсету.
А) «Жарыс» екі топтан екі оқушыға мәтінді оқыту. Мазмұнын екі оқушыға әңгімелету.
ә) «Жарыс» ойынын ұйымдастыру. Оқушыларға тізбектей оқыту.
Қою, күю сөздеріне (буындық, дыбыстық) талдау жасату. (Топ жұмыстары бағалай отырып, жетекшісіне жалаушалар беру)
Жаңа сабақ
І. Қызығушылықты ояту
Мен бір жұмбақ жасырдым. Шешуін қай топ табады?
Аяғы жоқ жүреді
Аузы жоқ сөйлейді (хат)
«Хат тасушы» өлеңін айтқызу. Хат-х дыбысынан басталады. Х-дауыссыз дыбыс.
Оқулыққа қарайық. Сурет бойынша жұмыс.
І топқа:-суреттен нені көріп тұрсыңдар? (Бала. Пошта жәшігі. Қала бейнесі)
ІІ топқа:-Бала не істеп жатыр? Балаға ат қойсақ, х дыбысынан (әрпінен) басталса... (Хасен пошта жәшігіне хат салып жатыр)
Х-дауыссыз дыбыс. Дыбыстық таңбасы-әріп. Баспа жазба әріптерін көрсету. Ауаға жаздыру.
Әріп кассасымен жұмыс. Қима әріптерден хат сөзін құрау, дыбыстық талдау жасату. (1 буын, үш дыбыс бар-х дауыссыз дыбыс, а-дауысты дыбыс,с-дауыссыз дыбыс)
ІІ.Мағынаны ажырату
Оқулық бойынша жұмыс. Ізденушілік әрекет ұйымдастыру. (Түртіп алу стратегиясы) өздерінің түсінбеген сөздеріңді қарындашпен белгілеп отырасыңдар. Мынадай «V» белгісімен(кітапта белгілейді)
І топ
|
Хат
|
Хабар
|
ІІ топ
|
Дәріхана V
|
Шахмат V
|
Хор V
|
Халат V
|
Асхана
|
Саяхат
|
А)түртіп алған сөздерге түсіндірме
ә)
І топ:
1.х дыбысы сөз басында
2.1-ші буынның басында
|
ІІ топ:
1.үшінші буынның басында екінші буынның басында
2.бірінші буын соңында екінші буын басында
|
|
|
2)Мәтінмен жұмыс
А)Кітапхана
Біздің мектепте үлкен кітапхана бар. Онда қызықты кітаптар көп. Кітапханаға оқушылар көп барады. Мен де кітапханаға бардым. Райхан апай-кітапханашы. Ол маған кітап берді. (Бір топтың оқушысына оқыту, келесі топтың оқушысына мазмұнын айтқызу)
ә) мәтінді хормен оқыту (ұжымдық жұмыс) (проблема қоя отырып, өз ойларын айтқызу)
-Ал, біздің мектепте кітапхана барма?
-Кітапханашы кім?
-Сендер кітап алдыңдарма?
Б)сөздерді буындап хормен оқу
Емхана-ауруды қарайтын, ем алатын орын
Дәріхана-дәрі-дәрмек даярлап және оны сататын орын:мекеме
Асхана-қоғамдық тамақтану орны
Шеберхана-іскер адамдардың(суретші,мүсінші, зергерлер, тігінші т.б.) жұмыс орны.
Хамит, Нұрхат (ер адам аты)
Хадиша(әйел адам аты)
Жазу жолындағы тапсырманы 1-ші сөйлемді І топтың оқушысына, 2-ші сөйлемді ІІ топтың оқушысына оқыту.
Х. Мен кітапханаға бардым
Х.Атам хат жазды
Сонымен біз баспаша және жазбаша берілген тапсырмаларды оқи алдық.
Сергіту сәті:Суретті, плакатты пайдалану
Халел қарап қалмайды
Хамитқа хат жолдайды
Хоккей добы керек деп
Хабарлайды хал жайды
Х әрпінің жазбашасын ауаға, тақтаға жазу.
Жазу дәптерімен жұмыс.
Х х халат,хат, хоккей, шахтер
Шығармашылық жұмыс
1.хат алып көрдіңдерме?
2.Хат қалай басталады?
3.Өз өмірің жайлы хатқа не жазар едің?
4.Хатты қалай аяқтайсың?
ІІІ.Ой толғаныс.
-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?
І топ:Х дыбысы мен әрпімен таныстық
ІІ топ:Хат туралы айттық (өзінің айтатын ойын жазбаша жазып жіберу. Құттықтау хат.Сәлем хат)
-Х әрпі неге ұқсайды екен?
І топ: Ойдан жұмбақ құрап көрейік
Екі с кеп күресті
Арқаларын тіресті (х)
ІІ топ:Хат жаздыру. Сәлем хат
Айдос аға, амансыз ба?
Оқуыңыз қалай?
Менсізді сағындым
Хат жазған қарындасыңыз Мадина
Құттықтау хат
Мама, туған күніңізбен құттықтаймын!
IV. Қорытынды
Топ жұмысын бағалау, жетекшілерін марапаттау
Әр оқушының қатысқан еңбегіне қарай марапаттау.
Сабақты «Буынға буын қос» ойынымен қорытындылау.
І топ: ха лат, ха бар, ха лық.
ІІ топ: Ха сен, Ха мит, Ха лел
Ойын: «Сөз ойла, тез ойла!» Х
І топ:химия, шахтер, тарих-сөз басында, ортасында,соңында
ІІ топ:хат, Асхат шах-сөз басында, ортасында, соңында келеді. Х-дауыссыз дыбыс.
Достарыңызбен бөлісу: |