Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет100/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   176

206 
 
Кестеден  байқағандай,  эксперимент  сыныптармен  жан-жақты  жұмыстар  жүргізіп, 
бейімділігіне  қарай  ғылыми  негізге  баулу  арқылы  болашағын  қамтамасыз  етуге  ықпал 
жасалып  отырады.  Оқушылардың  шығармашылығын  дамытуда  түрлі  деңгейлердегі 
байқаулар, 
пәндік 
олимпиадалар, 
жарыстар, 
пікір 
сайыстар, 
конференциялар, 
интеллектуалдық ойындар, тренингтер, сауалнамалар өткізілді. 
Эксперименттің    тәжірибелік  жұмысының  нәтижесінде  білім  сапасының 
жоғарылауымен  қатар  жеке  пәндерге  ынтасы  артқан,  өнер,  спорт  салаларында  да  түрлі 
деңгейлерден биіктен көрініп жүрген, шеберлігі шыңдалған тұлғалар даярланды. 
Эксперимент  сыныбының  оқушылары  Г.Қайрат,  Ш.Тоқтасын,  Е.Құспан  аудан 
көлемінде  өткізіліп  жатқан  Абай,  Мұқағали,  Ілияс  оқуларында    жүлдегерлер  қатарынан 
көрінді.  
2013  жылы  8-сынып  оқушысы  Э.Амуртаев    Атырау  қаласында  өткен  республикалық 
Махамбет оқуларында 3-орын иегері атанды. 
2014  жылы  Т.Шаттық  облыстық  «Зерде»  ғылыми  жобасына  қатысып,  ІІІ  орынды 
иеленді.  
Құқық  пәнінен 10-сынып оқушысы  А.Мухамедчинова облыстық  пән олимпиадасына 
қатысып, жүлделі үшінші орынға ие болды. 
Эксперимент сыныптардағы марафон көрсеткіші 
Жылы 
Кенгуру-
математика 
Золотое 
руно 
Ақбота 
Русский 
медвеженок 
Бридж Бульдок 
І 
ІІ 
ІІІ 
І 
ІІ  ІІІ  І  ІІ  ІІІ  І 
ІІ  ІІІ 
І 
ІІ 
ІІІ 
2013-2014 


 






 





2014-2015 
 
 

 
 

 


 
 

 
 

 
Білім  сапасын  көтерудің  негізгі  тетігі  –  ұстаз,  оның  теориялық  білімі,  кәсіби 
шеберлігі,  шығармашылық  қызметі.  Сондықтан    ұстаздардың  кәсіби  шеберлігін  дамыту 
мақсатында  аудандық  білім  бөлімінің  әдістемелік  кабинетінің  ұйымдастыруымен 
экспериментке  байланысты  мектепішілік  семинар,  конференция,    байқаулар,  коучингтер, 
дөңгелек үстелдер  ұйымдастырылды. Сонымен қатар экспериментке жауапты – үйлестіруші  
Алматы    облыстық  педагогтердің  біліктілігін  арттыру    институтының    «Басқару  және  білім 
сапасы»  кафедрасының  аға  оқытушысы,  п.ғ.к.  М.Валиева  мектеп  ұстаздарымен  кездесу 
өткізіп,  эксперимент  барысындағы    туындаған  сұрақтарға  нақты  тәжірибелік  көмек  көрсетті. 
Шығармашылық  топтың  есебі  тыңдалып,  диагностика  мен  мониторингтің  әдістемелік 
талаптары түсіндірілді. 
Эксперимент сыныптарындағы оқу-әдістемелік материалдар жинақталып, аудан және 
облыс көлемінде озық-тәжірибелі жинақтарға енгізіліп отыр. 2013 жылы қаңтарда  дәстүрлі 
аймақтық  ғылыми-әдістемелік  конференцияға,  қазан  айында  «Білім-ғылым-қоғам:  Өзара 
ықпалдастық  мәселелері  мен  перспективалары»  атты  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік 
конференцияларға экспериментке қатысып жүрген 6 мұғалімнің материалдары шықты. 
Эксперименттік  және  бақылау  обьектісіндегі  сыныптарға  сабақ  беретін  мұғалімдер 
арасында шығармашылық, іскерлік, бәсекелестік, сонымен қатар жақсы ахуал орнады.Соның 
нәтижесінде  қолданбалы  курстың  авторлық  бағдарламалары  іс-тәжірибеде  өз    жемісін 
беруде: қазақ тілі пән мұғалімі М.Орынтайдың «Оралхан Бөкей – Қара сөзбен жырлаймын» 
атты курсына қатысқан  оқушылары облыстық, республикалық оқулардан жүлделі оралуда. 
2015 оқу жылы Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінде 
өткен  республикалық  оқу-әдістемелік  семинарға  биология  пән  мұғалімі  Р.Шаяхметова, 
математика  пән  мұғалімдері  А.Ахмет,  А.Умирбекова  қатысып,  өз  іс-тәжірибелерін 
республика көлемінде таратты. 
2014  жылы  қараша  айында    Жалғызағаш  орта  мектебіндегі  15  жасар                          
оқушылар  РІSА халықаралық байқауына қатысты.  


207 
 
 
РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын 
адами  іс-әрекеттердің  әр  түрлі  салаларында,  сондай-ақ  тұлғааралық  қарым-қатынас  пен 
әлеуметтік  қатынастарда  өмірлік  міндеттерді  шешу  үшін  пайдалана  алу  қабілеттерін 
бағалайды.  РІSА  шеңберіндегі  тестілеу  барысында  функционалдық  сауаттылықтың  үш 
саласы  бағаланады:  оқудағы  сауаттылық,  математикалық  және  жаратылыстану-ғылыми 
сауаттылық.  Зерттеу  айналым  бойынша  (үш  жылда  бір  рет)  жүргізіледі.  Әрбір  айналымда 
функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады. 
Бұл  ретте  функционалдық  сауаттылықты  дамыту  нәтижесі  білім  алушылардың 
жастарға  алған  білімдерін  практикалық  жағдайларда  тиімді  және  әлеуметтік  бейімделу 
процесінде  сәтті  пайдалануға  мүмкіндік  беретін  негізгі  құзыреттіліктер  жүйесін  меңгеруі 
болып  табылады.  Негізгі  құзыреттілік  -  бұл  мемлекеттің  орта  мектепті  бітіруші  тұлғаның 
сапасына  мемлекеттік  жалпы  білім  беру  стандартында    және  оқу  бағдарламаларында 
көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын талаптары. Эксперименттік алаңдағы   8-9 
сынып  оқушылары  РІSА  халықаралық  байқауына  қатысып,  жаңашыл,  рухани-
адамгершілікті,  білімді  де  білікті,  ой-өрісі  кең,  еркін  дамыған,  өзіндік  «мені»  бар  тұлға 
екендерін айқындады. 
Қорыта  келгенде,  эксперименттің  ұстаздар  үшін  де,  оқушылар  үшін  де  маңызы  өте 
жоғары  болмақ.Эксперимент  нәтижесінде  ұстаздар  басқа  эксперименттік  мектеп 
ұстаздарымен  білімдерін  алмастыра  отырып,  семинарлар,  конференциялар,  байқаулар 
арқылы  кәсіби  шеберліктерін  шыңдай  түсті.Оқушылардың  да  білім  сапасы  көтеріліп, 
ізденімпаздық  қабілеттері  жоғарылап,  өзіне  деген  сенімдерінің  қалыптасқанын  анық 
байқауға болады. 
Эксперименттің  қорытынды  кезеңі  2015-2016  оқу  жылының  2-жарты  жылдығына 
жоспарланған.Бұл кезеңде  эксперимент жұмысының нәтижелері сарапталып, қорытындысы 
шығарылады.Зерттеу    нәтижелері  бойынша  әдістемелік  семинарлар,  ғылыми-практикалық, 
ғылыми-әдістемелік 
шаралар 
ұйымдастырылады. 
Қорытынды 
есеп 
даярланып, 
«қазақстандық  функционалдық  сауатты  оқушы»үлгісі  ұсынылады.  Эксперименттің  зерттеу  
барысында алынған ғылыми нәтижелер өңделіп, олар педагогикалық және бұқаралық баспа 
беттерінде жарияланады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.- 
Астана, 2010. 
2.  «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» 
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы 
3.  Білім беру ұйымында мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін 
басқару: тәжірибе, игі істер, ізденістер.  
Валиева М. - Алматы: ОПҚБАИ, 2013жыл. 
 
 
ӘОК37.013.2 
 
САЛАУАТТЫ ОТБАСЫ - ӨРКЕНИЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ 
 
Мықтыбекова Айгүл Айтмұратқызы 
Жетісу орта мектебінің педагог – психологы, Алматы облысы, Ескелді ауданы, 
jetisu-jetisu@mail.ru
 
 
Ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп  отыратын  дәстүрлер  мен  ізгі  мұраттар  тек  отбасында  ғана 
дамып,  байытыла  түседі.  Адамды  өзара  түсіністікке  алып  келетін  шынайы  да  тұрақты 
сүйіспеншіліктің  дәстүрлері  де  тек  салауатты  отбасында  қалыптасады.  Тәрбиенің  бастапқы 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау