Дәрістердің қысқаша мазмұны №1 дәріс


А. Байтұрсынұлы емле туралы



жүктеу 0,69 Mb.
Pdf просмотр
бет4/23
Дата15.11.2023
өлшемі0,69 Mb.
#44320
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Дәрістеер қжт

А. Байтұрсынұлы емле туралы
Емле принципі. Ең бірінші, А.Байтұрсынұлы жазудың негізі екеу (таңба негізді 
және әріп негізді), ал жүйесі төртеу (таңбаша, дағдыша, туысша, дыбысша) деп көрсеткен. 
Бұл жалпы жазу теориясындағы жазу типі мен жазу түрлеріне сәйкес келеді. Мысалы, 
Л.В.Зиндер жазудың тегі семасиографиялық немесе идеографиялық және фонографиялық 
болып бөлінеді дейді. Ал таңба жүйелі емле, тарих жүйелі емле, туыс жүйелі емле, дыбыс 
жүйелі емле деп орфографиядағы тарихи принцип, этимологиялық принцип, 
морфологиялық, фонетикалық принциптерді атағаны. 
Емле негізі 4 түрлі: 1) таңба жүйелі (негізі ынтымақ); 2) тарих жүйелі (негізі 
дағды); 3) туыс жүйелі (негізі тегіне қарай); 4) дыбыс жүйелі (негізі естілуіне қарай). 
1. Таңба жүйелі емле арғынға дөңгелек таңба алайық. 217 Қыпшаққа “жіп” таңба 
алайық деген сияқты немесе “бірге” мынадай: “1” белгі, “екіге” мынадай “2” белгі алайық 
деген сияІты, не болмаса пәлен дыбысқа пәлен белгі алайық деп дыбыс басына әріп 
арнаған сияқты, тіл іліміне тіремей, тек ынтымақпен мына сөзді мынадай, ана сөзді анадай 
етіп жазайық деумен жасалатын емле жүйесі, емленің бұл жүйесін алу – алмау жағын сөз 
қылмай өтеміз, үйткені жоғарыда емлеміз қалай жасалса да, негізгі тіл іліміне, тіл 
жүйесіне тіреліп отырып жасалу тиіс дедік. 
2. Тарих жүйелі – емле баяғы бір жасалған түрінде қолданып дағдыланғандықтан, 
тіл өзгерсе де өзгерместен әдеттенген бойынша қолданатын емле. Ондай емледе бір 
дыбысқа арналған әріп, тіл дыбыстары өзгеріп кеткендіктен, бірнеше дыбыстың 
ортасындағы ортақ таңба болуы мүмкін. Бір дыбысты жазуға бірнеше әріп жұмсалуы 
мүмкін немесе тіпті дыбысы жоғалып кеткен әріптерді әлі күнге жоғалмастан сөз ішінде 
жазылып жүруі мүмкін. Емлеміз бұл жүйелі болуболмауын тағы сөз қылмай өтеміз, 
үйткені-дағдыланған емлеше жазамыз десек, емле мәселесі қозғалмас еді. 
3. Туыс жүйелі емле – сөздің ауыздан шыққандай дыбыстарына қарамай, тегіне 
қарап отырып жазатын емле. Мәселен, ауыздан шыққанда “қорада бір қара ат тұр екен” 
дегенде “қара” деген “ат” деген сөздерді ауыздан шығуынша “қарат” деп жазбай, “қара ат” 
деп жазады. Сол секілді ауыздан шыққанда, “солай болсигеді” болып естілсе де, жазғанда 
“солай болса игі еді” деп, “болса”, “игі”, “еді” деген сөздердің тегіне қарап жазады. Бірақ 
осы күнгі емлемізше жазу бар болғандықтан, емленің бұл түрі сөз болуға тиіс. 
4. Дыбыс жүйелі емле – сөздерді ауыздан шыққан күйінше жазатын емле. Сөздің 
ауыздан шығуының өзі екі түрлі болады. Сөйлегенде сөздер бір-біріне жалғаса 
айтылғанда ауыздан бір түрлі болып шығады, әр сөзді оңаша жеке алып айтқанда ауыздан 
екінші түрлі болып шығады. Оның мысалын айқын түрде “ақ”, “көк” деген сөздердің 
айтылуынан көруге болады. Осы сөздерді оңаша жеке түрінде айтсақ, ауыздан айнымай 
шығады. Сол араға “өгіз” деген сөзді жалғас айтсақ, әлгі сөздеріміздің аяғы айнып, екінші 
түрлі естіледі (Ақ өгіз – ағ өгіз, көк өгіз – көг өгіз). 

жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау