Дәрістердің қысқаша мазмұны №1 дәріс



жүктеу 0,69 Mb.
Pdf просмотр
бет6/23
Дата15.11.2023
өлшемі0,69 Mb.
#44320
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Дәрістеер қжт

Әдебиеттер
 
17Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ филологиясы: өткені, бүгіні мен болашағы» (ұжымдық 
жұмыс). – Алматы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2017. – 165 бет 
2.Первый Всесоюзный Тюркологический съезд. - Баку: “Нагыл Еви”, 2011. - 552 бет 
3.Абикенова Г. Е. , Ахметжанов Қ. “Қазақстанда Латын Әліпбиінің Енгізілуі: Нәтижелері, 
Тарихи Сабақтары”. - Алматы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2021. - 12 бет 


 
№4 дәріс 
 
Тақырыбы: Латын әліп-биіне көшуге байланысты емле мәселесі 
 
Мақсаты: 
Латын әліп-биіне көшудің маңызы мен емле мәселесін түсіндіру.
 
 
Жоспар: 
1.Дыбыс жүйелі емле 
2.1929 жылғы емле конференциясы 
Дыбыс жүйелі емле – сөздерді ауыздан шыққан күйінше жазатын емле. Сөздің 
ауыздан шығуының өзі екі түрлі болады. Сөйлегенде сөздер бір-біріне жалғаса 
айтылғанда ауыздан бір түрлі болып шығады, әр сөзді оңаша жеке алып айтқанда ауыздан 
екінші түрлі болып шығады. Оның мысалын айқын түрде “ақ”, “көк” деген сөздердің 
айтылуынан көруге болады. Осы сөздерді оңаша жеке түрінде айтсақ, ауыздан айнымай 
шығады. Сол араға “өгіз” деген сөзді жалғас айтсақ, әлгі сөздеріміздің аяғы айнып, екінші 
түрлі естіледі (Ақ өгіз – ағ өгіз, көк өгіз – көг өгіз). 
Дыбыс жүйелі емленің сөйлегендегі ауыздан шығуынша жазу түрін тілдік ілім-
білім жүзінде қолданбаса, өнер – білім жүзінде еш жұртта қолдану жоқ. Жеке айтқандағы 
ауыздан шығуынша жазу түрін біздің қазақ қолданып келеді. Сондықтан емлемізді туыс 
жүйесіне қатысқан жүйелеріне қарамай, көпшілігіне қарап, дыбыс жүйелі деп атап келдік. 
Жаңа емлешілер емле үйренуге жеңіл болу үшін дыбыс жүйелі болу тиіс дейді: 
керек орындарда ғана туыс жүйелі (сөз жүйелі) болсын дейді. Бұрынғы емлеміз дыбыс 
жүйелі емес бе еді? Туыс жүйесін керексіз орында кірістіруші едік пе? Бұрынғы емлемізде 
дыбыс жүйелі екендігін, туыс жүйелі қандай керек орындарда кірісетіндігін жоғарыда 
айтып өттік. Олай болса, жаңа емлешілердің емле жобасының бұрынғыдан басқалығы қай 
жерінде? Басқалығы мынадай: екі сөз, үш сөз жалғаса айтылғандағы дыбыстарының 
естілуінше жазу тиіс дейді (бұрынғы емлемізде әр сөз жеке айтылғандағы естілуінше 
жазылатын). Бұл бір. Екінші, үйлес болғандықтан, бірінің орнына бірі алмасып айтылатын 
дыбыстардың тегі тексерілмей ауыздан шығуынша жазылсын дейді. Бұрынғы емлемізде 
ондай дыбыстар ауыздан шығуына қарамай, тегіне қарап жазылатын. Мысал үшін 
бұрынғы емлеше жазу мен жаңа жобаша жазы-лу арасындағы айырымын бірнеше сөз 
алып көрсетіп өтейік. Алдыңғысы бұрынғыша, соңғысы жаңаша жазылған сөздер болады: 
Тұрғанбай-Тұрғамбай, қонған-қоңған, көнген-көңген, інгеіңге, бара алмайды-баралмайды, 
келе алмайды-келалмайды, келе алмай тұрмын-келалмайтұрмын, бүрсі күні-бүрсігүні, 
бұрнағы күні-бұрнағыгүні, жазды күні-жаздыгүні, тұзсыз-тұссыз, бассыз, басшы-башшы, 
ізші-ішші, қазса-қасса тағы сондайлар. 
Мұны мен емле үйренуге оңай бола ма? Көз тануына, қол жүруіне жеңіл бола ма? 
Басқа түріктерге түсініктірек болып жақындар ма? – Жоқ. Олай болса, бұрынғыдан мұның 
несі артық деп аламыз? Емлені бұрынғысынан артық болғандай етіп өзгертуге мағана бар; 
бұрынғысынан төмен болғандай етіп өзгертуге мағана да, мақсат та жоқ. Кілең туыс 
жүйелі болсын дейтіндер де, кілең дыбыс жүйелі болсын дейтіндер де алдарын-да неге 
барып қамалатындарына не көз салмайды-ау деймін. 
Кілең туыс жүйелі емле болсын дегенде, “балалы”, “тұзлы”, “атлы”, “баланы”, 
“тұзны”, “атны” деп жазатын болмақ. Бұлай жазу қолайлы болып табылар ма? Кілең 
дыбыс жүйелі болсын дегенде, “сөзшең” дегенді “шөшшең” деп, “ізшілер”, “ісшілер” 
деген сөздердің екеуін де бірдей “ішшілер” деп, “кигізсе” дегенді “кигіссе” деп, “кигізше” 
дегенді “кигішше” деп, “жазса” дегенді “жасса” деп, “қызса” дегенді “қысса” деп, “сезсе” 
дегенді “сессе” деп жазатын болмақ. Бұлай жазу қолайлы бола ала ма? Екі жүйені де 
аралас тұтыну керек деушілер: керегіне қарап, екеуін де тұтыну керек дейді. Солай дейді 
де, мынау сөзді мынадай, анау сөзді анадай етіп жазайық деп, сөз басына ереже жасайды. 
Сөз басына ереже жасайтын болсақ, ондай емле қолайлы, оңай емле болып табылар ма? 


Онан басқа тағы бір байқалып тұрған нәрсе сөздерді қосып жазуға құмарлық. Ол 
құмарлықтың ар жағы неге барып килігетініне тағы көз салынбайды-ау деймін. Мәселен: 
“бара алмайды” дегенді “баралмайды” деп жазу керек дейтін бар. Бұл қосылып айтылып 
тұрған сөздердің біреуі көсемше етістік, екіншісі көмекші етістік екен. Бұл екі түрлі 
етістіктің бірлесіп айтылуы ылғи бір көсемше, бір көмекшіден болып отырмайды.
Онан көбірек болып бірлесетін орындары болады. Менің ойымша, қопа қардай етіп 
емле жүйесін өзгертеміз демей, бұрынғы емленің кеміс жерлері болса, соларын тексеріп, 
соларын ғана түзеу. Басқа түріктерге жазу тіліміз түсінікті болу үшін мүмкіндігінше 
жанастыру жағына қарап икемдеу. 
1929 жылы 24 қаңтарда қазақ жазуының араб әліпбиінен латын графикасына 
түпкілікті көшкенін хабарлайтын «Жаңа әліпби туралы» Қазақстан Орталық Кеңес 
комитеті Президиумы мен Халық комиссарлар кеңесінің қаулысы шықты. Одақтың жаңа 
әліпби комитетінің ІІІ пленумына қатысқандар жаңа әліпбиді «Жұмысшы-қара шаруа 
әліпбиі» деп атауды ұсынады. Латын әліпбиін енгізу шаралары іске аса бастайды. Ораз 
Жандосұлы «Жұмысшы-қара шаруа әліпбиі» деген мақаласында мынадай міндеттерді 
көрсетеді: 
«1) жаңа әліббиге көшуді шындаб қолдаб, оны іске асыруды үкімет жолымен 
міндет қылу сияқты тиісті үкімет шараларын тез қолдану керек; 
2) араб әліббиіне жұмсалатын бар қаражат бұлағын жаңа әліббиді өркендетуге 
жұмсау керек; 
3) алдымен қала-қалада жаңа әлібби сауатсыздығын және ісін қолға алу керек; 
4) мәдениет майданында қатар түзеб, қаладан ауылға аттаныс жасау, сүйтіб жаңа 
әліббиді мүлиендеген қара шаруа бұқарасы арасында тарату керек». 
1929 жылдың жаңа оқу жылынан бастап, Қазақстанның барлық оқу орындарында 
оқуды жаңа әліпбимен жүргізуге шешім қабылданады. 1929 жылдың 20 ақпанынан бастап 
«Уроки казахского языка для европейцев» деген атпен жаңа әліпби сабағы (80 сабақ) 
жүйелі түрде басылып тұрған. Сонымен қатар наурыз айынан бастап газет бетіндегі кей 
мақалалар латын графикасында беріле бастаған. Мысалы: Т. Шонанұлының «Шет сөздер 
імләсі жайында», т.б. мақалалары латын графикасымен жарық көрген. 
Жаңа әліпбиге көшуге байланысты емле мәселесінде бірқатар таластар, 
қайшылықтар пайда болды. Олар сол кездегі басылым беттерінде жарияланып, 
көпшіліктің талқысына ұсынылып, түрлі пікірталастар мен айтыстарға негіз болды: 
Аймауытұлы Ж. «Емле, әріп жайында», «Емлені өзгертуге жоба», «Тағы да емле туралы», 
Байтұрсынұлы А. «Қазақстан мен Қазағыстан туралы», «Емле туралы», Дулатұлы М. 
«Емле өзгерту жайында», Залыұлы Н. «Қазақша жазу туралы жаңа ережелер», Қайменұлы 
І. «Емлені түзету туралы», Аманжолов С. «Жаңа емленің кейбір дыбыстарын өзгерту, 
емле мен терминдерді дұрыстау туралы», Мамытұлы А. «Емле, пән атаулары», Омаров Е. 
«Айнымалы дыбыстардыңжазылу мәселелері», Тоқжігітов Ж. «Бас әріптің керегі жоқ», 
Уәлитов Ш. «Емлені өзгерту жайында», Шаймерденов Е. «У» мен «И», Байтоғайұлы Б. 
«Қос сөздер туралы», Омаров Е. «Емле мәселесі», Шонанов Т. «Шет сөздердің імләсі 
жайында» т.б. 
1929 жылғы 18 ақпанда газет бетінде Қазақстан Орталық жаңа әліпби комитеті - 
нің емле мәселесі туралы тіл білімпаздарына, оқушыларға, барлық жазушыларға ашық 
хаты жарияланады. Онда 1929 жылдың 20 наурызында Қазақстан Оқу комиссариаты 
шақыратын білімпаздар съезіне дейін емле мәселелері талқылануы керектігі ескертіліп, 
емлеге енген өзгерістерге қатысты оқушылардың пікірі сұралады. 
Осыған байланысты «Еңбекші қазақ» газетінің бетінде көптеген мақала жарық 
көреді. Мысалы: А.Байтұрсынұлы «Емле туралы» (1929 ж. 27 наурыз); «Емле жайындағы 
пікірлер» (Ақдәулетұлы Әбділда, Мұқанұлы Сәбит, Есенғали Манабайұлдарының 
пікірлері) (1929 ж. 28 наурыз); Қайменұлы І. «Емлені түзету туралы» (1929 ж. 10 наурыз); 
Мамытұлы А. «Емле, пән атаулары туралы» (1929 ж. 19 наурыз); Марғұланұлы Ә. «Жазу 


мәселесі» (1929 ж. 16-17 тамыз); Аймауытұлы Ж. «Әліпби емлесіне түсінік» (1929 ж. 18 
ақпан); «uv, v, іv, yv» (1929 ж. 9 наурыз); «Әдеби тіл мен емле» (1929 ж. 12 мамыр) 
А.Байтұрсынұлы «Емле туралы» деген мақаласында: «Осы күнге дейін тұтынып 
отырған емлеміздің кемшіліктерін түзеп, жоғарыда айтылған туыс жүйелі емленің де, 
дыбыс жүйелі емленің де түкпіріне қамалмай өтетін, екеуінің арасынан жол тауып беретін 
төменгі ұсыныс болады деймін: 
1) әрбір өз алдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы естілуінше жазылу; 
2) азған сөз азған күйіндегі естілуінше жазылу; 
3) үйлестіктен дүдәмал естілетін болған дыбыстар айқын орындардағы естілуінше 
жазылу; 
4) қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу; 
5) қосалқы сөз, қос сөз, қосар сөз, қосынды сөз – бәрі де қосарлық (-) белгімен 
жазылу; 
6) жалғаулықтар бөлек жазылу орындарынан басқа жағы жалғау ережесінше 
болады; 
7) үйір айтылатын сын есім мен зат есім бөлек жазылу. Қосынды сөзге 
айналғандары басқа қосынды сөздерше қосарлықпен (-) жазылу. Сын есімнің шырай 
күшейткіштері де қосарлықпен (-) жазылу; 
8) көсемше, көмекші етістіктер бөлек жазылу», – деп көрсетеді [8] 
Емле конференциясы қарсаңында термин қабылдау мәселесі де газет беттерінде 
көп сөз болған. Ондай мақалалар қатарынаТ.Шонанұлының «Шет сөздердің емлесі 
жайында» (1927 ж. 26 наурыз), «Термин туралы» (1928 ж. 7 мамыр) т.б. жатқызуға 
болады. 
Т.Шонанұлы «Шет сөздердің емлесі жайында» деген мақаласында мынадай 
ұсыныстар береді: 1. Жат сөздер қалықтың айтуына жеңіл, құлағына жағымды, түсінігіне 
үйлесімді, қат тануына оңтайлы болу үшін жат тіл імләсін тіліміздің заңына үйлестіруіміз 
керек. 2. Шет сөздер дұрыс жазылу үшін: 
1) аяғы қалай жазылуына; 
2) түбірінің қазақ тіліне үйлеспейтін дыбыстары қалай өзгертіб қысқартуына жол 
көрсетілсін; 
3) шет сөздерді дыбыс негізіне сүйеніп (фонетический принцип), жана пішін 
меңзеу (морфологическая анология) заңымен қарастырыб жазалық; 
4) шет сөздерді дыбыс негізінде тіліміздің заңына сүйеніб жазу үшін тілімізге 
қалық арқылы кірген араб-парсы және ескіден кірген орыс сөздері дерек болсын; 
5) шет сөздегі ф орнына қазақша п жазылсын: физика-пизика; 
6) ауропа ия орыс тілінің басындағы g (г) қазақша j (ж) жазылсын (бұған ауропа 
тілінде һ орысқа g басыб кірген дыбыстар кірмейді, мысалы, генерал-жанарал, георгий-
жәгор; 
7) ауропада сһ, орысшада х, араб-парсыда і дыбысы қазақша қатты сөзде қ, жұмсақ 
сөзде к жазылсын [9] 
Сол сияқты еуропалық сөздердегі ц дыбысының орнына с, орыс тіліндегі в қазақ 
тіліне у түрінде жазылсын деп, еуропадан енген сөздерге ө, ы, ұ, ә әріптері жазылмасын 
т.б. деген сияқты бірқатар ұсыныс енгізген. 
Орталық Ағарту Комитетінің президиумы мен Халық Ағарту Комитетінің шешімі 
бойынша 1929 жылы Қызылордада емлені реформалауға байланысты конференция 
шақырылды. Сөйтіп, жаңа жазудың графикасы мен орфографиясы және емле 
принциптерін айқындау және қазақ тілі емле ережесін талқылау, қабылдау үшін 1929 
жылы 2-4 маусым аралығында Қызылордада ғылыми-орфографиялық конференция 
ұййымдастырылды. Конференцияға Е.Омаров, К.Юдахин, Т.Шонанұлы, Вундцетель, 
Ә.Бәйділдин, Қ.Кемеңгерұлы, Әлібаев, Байманов, Тоқтыбаев, Е.Поливанов, Қ.Жұбанов 
қатысты. Конференцияда осы уақытқа дейін емлеге байланысты айтылған ұсыныстар, 
айтыс-таластар қорытындалып, жаңа әліпбиге сай жаңа емле қабылданды. 


ХХ ғасырдың басында қазақ орфографиясына негіз болатын жүйе (принцип) 
таңдау мәселесі қызу талас тудырды. Осыған байланысты басылым беттерінде көптеген 
мақала жарық көрді. Олардың қатарында А.Байтұрсынұлының «Емле туралы», 
Т.Шонановтың «Шет сөздерінің імләсі жайында», А.Мамытұлының «Емле,пән атаулары 
туралы», Б.Шопанзаданың «Қазақ тілі емлесінің ірге кезеңдері», Е.Омаровтың «Емле 
мәселесі», Ж.Аймауытұлының «Емле, әріп жайында» мақалаларын жатқызуға болады. 
А. Байтұрсынұлы «Емле туралы» мақаласында былай деп жазды: «Емле негізгі 4 
түрлі 1) таңба жүйелі (негізі ынтымақ), 2) тарих жүйелі (негізі дағды), 3) туыс жүйелі 
(негізі тегіне қарай), 4) дыбыс жүйелі (негізі естілуіне қарай). 
1929 жылы Қызылорда қаласында өткен ғылыми-орфографиялық конференцияда 
да емлеге негіз болатын принцип таңдау мәселесі сөз болады. Онда Қ.Кемеңгерұлы 
Т.Шонановтың қазақ тілі фонетикалық принципті ғана басшылықққа алып, соған сүйенуі 
керек деген тұжырымдарына да, Е.Омаровтың , профессор Шопанзаде мен Бердиветің 
ұстанған морфологиялық принципі туралы пікіріне де қарсы шығады. Фонетикалық 
принципті ғана ұстану керек деушілерге Қ.Кемеңгерұлы қазақ тілінің дамуын Батыс 
Еуропа тілдерінің дамуымен салыстыруға болмайтынын айта келіп, таза фонетикалық 
принципке ғана сүйену тілдің табиғи түрде дамуына елеулі нұқсан келтіретінін орыс 
тілімен салыстыра отырып дәлелдейді. 
Бұл орайда Қ.Кемеңгерұлының ұсынысы – морфологиялық және фонетикалық 
принциптерді жеке-дара алмай, екеуін де басшылыққа алу. Яғни, Қ.Кемеңгерұлының 
ұсынып 
отырған 
принципі 
– 
фонологиялық 
принцип. 
Ендеше, 
ғалым 
«сингармофонологиялық принцип» деген атауды қабылдағанымен, оның мәніні толық 
түсінгенін көреміз. 
Латын әліпбиіне көшкенннен кейінгі туындаған күрделі мәселелердің бірі – бас 
әріп мәселесі еді. Бас әріп алу-алмау мәселесі туралы газет бетінде біраз таластар болады.
Қазақстанныі түкпір-түкпірінде студенттер, оқытушылар бас қосып, бас әріп туралы 
айтыстар, пікірталастар өткізеді. Бір тобы «бас әріп керек» десе, екінші тобы «бас әріп 
қажет емес» деген пікірде болады. С. Әрімжан өзінің «Бас әріп не үшін керек?» деген 
мақаласында: « Бас әріп-оқудың кілті. Жеке кісі әріптер болса, адамның көзін жетектейтін 
тізгін, жазғанды тез аңғаруға бастайтын ірі таңба- үлкен әріптер. Бетпақтың шөліндей тірі 
жансыз құм далада адасқан адам тәрізді – бас әріпсіз жазу да адам көзін алып жүрек алмақ 
емес. Екіншіден, оқу-жазудың психологиялық негізі бойынша қалыпты оқу, безендіріп 
оқу, сөздің мәніне лайықты дауысты өзгертіп оқу, тынатын жерде тыну үшін бас әріп 
керек. Әріп неғұрлым ұсақ болса (газет әрпі), жай тыныс белгілерін байқамай – кқбінесе 
үлкен әріптерге еріп оқимыз. Бас әріп іле сала танылатын ірі тыныс белігілері есебінде. 
Үшіншіден, қазақ тілі, әдебиеті енді ғана көркеюге, баюға, мәдени керектің барлығын 
өтеуге бет алып отыр. Мәдени керегіміз ішінде мемлекеттік маңызы бар кеңес тілі, заң 
тілі, телеграп маңдай жазуы, плакат, ұран-барлығы бар. Бұларды мәдени түрде жазғымыз 
келсе, бас әріп керек». Автор сауаттану ісіне бас әріптің ешқанадай зияны болмайтынын 
айта кетіп, жер-су атауларын, адам аттарын бас әріппен жаузды ұсынады. 
«Бас әріптің керегі шамалы, бас әріпсіз де күн кешуге болады» деген пікірлер де 
кездесті. Х. Басымов «Бас әріп-қол бөгеу» деген мақаласында бас әріп алсақ, оның араб 
әліпбиінен айырмашылығы болмай қалатынын, қайта оқу мүлдем қиындайтынын айта 
келіп былай дейді «Бас әріптің баспа түрі мен жазба түрі бір-біріне ұқсас келмейді. 
Жазуда бір төсілдірсек, баспада қайта төсілдіруге тура келеді. Оқу-жазу да, қай жағынан 
болса да аяқты орап салады да отырады». 
Жалыподақтық жаңа әліпби комитеті 1929 жылы өткен ІІІ жинасылыснда «Бас әріп 
мәндетті түрде алынсын» деп қарар шығарады. Бірақ Қазақстан жаңа әліпби комитеті 
бұған үн қоспайды. Мектептерде, оқу орындарында, баспасөзде «оқулық, кітап жазуда 
әріп көбейтпейміз» деген желеумен бас әріп алынбайды. Соның нәтижесінде біраз 
қиыншылықтар, кемшіліктер болып, наразылықтар туындап, ел мұғалімдері баспасөз 
беттерінде өз ойларын білдіре бастады. 


Соның нәтижесінде, 1930 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Орталық Атқару 
комитетінің «Бас әріпті алу туралы» қаулысы шығады. 

жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау