М. Балақаев керісінше э әрпін сөздің бас буынында жазайық, сонда тек ч, ц, ъ әріптері
ғана орыс сөздерінде кездеседі де, қалған әріптер ортақ болады дейді. Және қысаң
езуліктердің емле қиындығын азайту үшін мағна, рет сияқты сөздердегідей анық
естілмейтін позицияда ы, і әріптерін түсіріп, қалған по-зицияда тәуелдік жалғауы
жалғанғанда да, түсірілмегені жөн деді. М. Балақаев сөз бірігіп жазылу үшін сөздің екі
сыңары да атау тұлғада және олар изафеттің III түрі болмауы керек деді. Ал
фразеологиялық тіркестердің барлық түрі бөлек жазылуы уәжді деп табады.
Сөйтіп, осындай талқылаулардан соң, жаңа әліпби 1940ж. 11- желтоқсанында түбегейлі
бекиді. Әліпби тәртібіндегі қазақ тілінің төл дыбыстары жұмсалу жиілігіне сәйкес, і, қ, ң,
ғ, у, ө, ә, һ болып реттеледі. Бірінші
орыс алфавитінің әріптері, соңынан қазақ әріптері
тіркеледі.
Алғашқы емле сөздігі. Осы әліпби жобасының негізінде 1941ж. С. Аманжолов, С. Баишев,
Ғ. Бұзырбаев, С. Кеңесбаев, Н. Сауранбаевтардың ұжымдық авторлығымен алғашқы емле
сөздігі жарық көреді. Онда мынадай өзгешеліктер болды: а) ы, і әріптері түсірілді:
жыйлыс, құрлыс, бұйрық, ұрлық, топрақ, жапрақ, көкрек, ә) жалқы есімдерде [йы] тіркесі
үшін и (Баир, Раис), жалпы есімдерде йы жазылды: айыл, кейін, б) кір-ме сөздерде я
әрпінің алдынан и (пияла, пияз, зияш), ал қазақ сөздерінде ы жазылады: қыялы, сыяқты,
тыянақты, в) йы, йі-ға аяқталған сөзге көсемшенің й жұрнағы қосылса, и әрпі жазылады
(байыйды емес, баиды).
Сөздікке а) жер-су аттары б) біріккен, қысқарған, кірме сөздер в) терминдер г) кісі
есімдері д) жазылуы қиын сөздер кірді. Қазіргі орфограммадан өзгеше мына сөздер
біріктіріліп жазылды: Алааяқ, алакөлеңке, антатқан, антұрған, асықжілік, ататек,
атсалысу, атшаптырым, атышулы, атқора, ауажайы-лу,
ауылшаруашылық, ахрет, ахуал,
ашішек, аяқкиім, аяқтұзақ, бақайқулық, бейнетхор, бейпілауыз, белкүрек, белорақ, боссөз,
бытра, бытраңқы, біркүні, бірнәрсе, бұрнағыкүн, дарқан, дастарқан, диқан, емізік (еміздік
емес), етбетінен (етпетінен), жалахор, жандік, жапрақ (жапырақ емес), жетіата, жый-лыс
(жиналыс), жыйырма, кеңпейіл, күретамыр, көжеқатық, көзбайлау, махлұқ, мағна, мұраб,
мұқыят, мұғаллім, нахақ, суд (сот емес), тәбиғат, тәбиғи, хажет, хата, хатер, хауіп, хиял,
хиянат, хұдды, хұрмет, ішкиім, қаблет, ғібрат, ұйқтау, өкмет.
Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп,
ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына
негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келген-ді. 1929-40 жылдар аралығында латын
графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил
графикасы әліпбиін қолданып келеді.
Қазақ қоғамында және түркі тілдес халықтарында болып жатқан әртүрлі көзқарасты
байқаған орыс миссионерлері бүкіл түркі жұртының мәдени, рухани құндылықтарын жою
үшін, сонымен бірге тілдік болмысын құрту үшін саяси астармен «араб жазуы қолайсыз»,
«қазақ және басқа түркі тілдерінің дыбыстық жүйесін беруге икемсіз»
деген желеумен
орыс графикасына негізделген қазақ әліпбилерін және оқулықтарын шығара бастайды.
Олар орыс жазуына көшуді насихаттауды орысша оқыған қазақ жастары арқылы
жүргізуді көздеді.
"Қазіргі уақытта біз қолданып жүрген кириллица 1940 жылы 11 желтоқсанда бекіген.
Оның авторы қазақ тілтанушысы, филология ғылымдарының докторы Сәрсен Аманжолов.
Онда 41 әріп болды. Бірінші орыс алфавитінің әріптері, соңынан қазақ әріптері тіркеледі.
Әріп атауы вэ, бэ деп, орыс алфавитіндегідей белгіленді. Осы әліпби жобасының негізінде
1941 жылы алғашқы емле сөздігі жарық көрді", - дейді тіл маманы Қ. Күдеринова.
Күдеринованың айтуынша, сол кезде бекіген және қазіргі уақытта пайдаланып жүрген
әліпбидің тек бір кемшілігі бар.
"Мұнда қазақ әріптеріне қатысты ешқандай кемшілік жоқ. Кемішілік тұсы деп термин
сөздерді жазу үшін алынған орыс әріптерін айтуға болады. Мысалы Әзірбайжан
кириллицасына орыс тілінің әріптері толық кірмеген. Ал Аманжоловтың әліпби
жобасында орыс тілінің әріптері толық алынған", - дейді ол.
Бұған 1957 жылы бір рет өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, орыс графикасы негізіндегі
қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясының
жобасы СССР Ғылым
академиясының Қазақстандағы филиалының қазақ тілі секторы С.А.Аманжоловтың
басшылығымен жасалды да, ғалым авторлығымен 1940 жылы латын графикасымен
емле ережелері жарық көрді. Емле ережесінің талқылауға ұсынылған ресми нұсқасы
1953 жылы газет бетіне жарияланды. 1957 жылы үкіметтің арнайы қаулысымен
қабылданғанға дейін аталған жоба қалың жұртшылықтың талқысына түсті. Пікірталастар
әсіресе “Қазақстан мұғалімі”, “Социалистік құрылыс” мерзімді баспасөздерінде үзбей
басылып отырды. Мақалалар мен пікірталастардағы көзқарастарды саралай отырып,
бірінші, кірме сөздер емлесіне қатысты мына пікірлер орыс жазуының ықпалынан шығып
отырған дейміз:
- орыс сөздерін жазуда цитаталық принципті түбегейлі қолдану, оның ішінде әсіресе сол
тілдің қосымшасын түсіріп жазбау: секунда (секунд емес), цитата (цитат емес), т.б.;
- орыс тілі сөздеріне қазақ тілі қосымшаларын жалғауда ы, і
әріптерінің дәнекерлігін
орынсыз пайдаланбау; Мыс. фондқа, шрифтке, банкке;
- бұрыннан дыбыстық жағынан игеріліп жазылған сөздерді, түпнұсқасына көшіріп
жазу: ящик (жәшік емес), батист (бәтес емес), ботинки (бәтеңке емес), русь (орыс
емес);
- жіңішкелік белгісіне аяқталған сөзге тәуелдік жалғауының ІІІ жағын қосқанда,
ь-белгісін түсірмей жазу: Мыс. роль-рольі, контроль-контрольі;
-қосар дауыссызбен аяқталған орыс сөздеріне қосымша жалғағанда бір әріпті
түсірмей жазу: класс-классқа, конгресс-конгресске;
- орыс тілінен енген
сөздің соңғы буыны жуан болса, жуан, жіңішке болса, жіңішке
қосымша жалғау;
Һ әрпі қолданылған кірме сөздерді белгілеу үшін х әрпін х арқылы жазу;
-миуа, қиуа сөздерін миюа, қиюа деп орфограммалау;
-орыс тілінен енген сөздерді бірыңғай түпнұсқа принципімен жазу
сияқты пікірлер газет-журналдарда жарияланып тұрды.
Достарыңызбен бөлісу: