Дәрістердің қысқаша мазмұны №1 дәріс



жүктеу 0,69 Mb.
Pdf просмотр
бет9/23
Дата15.11.2023
өлшемі0,69 Mb.
#44320
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Дәрістеер қжт

 
Әдебиеттер
1. Қазақ тіл білімінің мәселелері – Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2018. – 368 б.
2. Қазақ емлесінің негізгі ережелері. Жоба. Алматы, 2018.-21 б. 
3. Қалиев Б. Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің 6-шы басылымы жөнінде/ Емле.кz 
 
№7 дәріс 
 
Тақырыбы: Әріптердің емлесі. 
Мақсаты:
Әріптердің емлесі туралы мәлімет беріп, түсініктерін кеңейту.
 
 
Жоспар: 
 
1.Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі 
2.Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі 
Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірінен алшақ жатуы арқылы жасалады. 
Дауысты дыбыстардың басты ерекшеліктері мыналар: 
- дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының толық тербелімі арқылы жасалады 
(тербелмелі); 
- дауысты дыбыстарды айтқанда ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай шығады; 
- дауысты дыбыстар буын құрайды. 
Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жуысуы немесе тоғысуы 
арқылы жасалады. Дауыссыз дыбыстардың басты ерекшеліктері мыналар: 
- дауыссыз дыбыстар дауыс шымылдығының толымсыз тербелімі (дауыс 
шымылдығының тербеліссіз, жартылай тербелімі және мол тербелімі) арқылы жасалады 
(тербеліссіз немесе қатаң, тербеліңкі немесе ұяң, тербелімді немесе үнді); 
- дауысты дыбыстарды айтқанда ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығады; 
- дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. 
Қазақ тілінің әліпби тізімінің құрамына енген төл дыбыстарды әліпби дыбыстар деп 
атаймыз. 
Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесі 
Қазақ тілінде 9 әліпби дауысты дыбыс бар. Олар қолданымдағы әліпби құрамында 
былай таңбаланады: А, Ә, Е, О, Ө, Ұ, Ү, Ы, І. 
Қазақ тілі дауысты дыбыстары жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып 
екіге бөлінеді. Бастан-аяқ біркелкі айтылатын дауысты дыбысты жалаң дауысты дыбыс 
деп атаймыз, олар: а, ә, ы, і, ұ, ү. Бір дыбыстан басталып, екінші дыбыспен аяқталатын 
дауысты дыбысты құранды дауысты дыбыс деп атаймыз, олар: о, ө, е. 
Қазақ тілінің төл дауыссыз дыбыстарының жүйесі 17 дыбыстан құралады. Олар 
қолданымдағы әліпби арқылы былай таңбаланады: Б, Ғ-Г, Д, Ж, З, Й, Қ-К, Л, М, Н, Ң, П, 
Р, С, Т, У(w), Ш. Дәстүр бойынша Қ-К, Ғ-Г дыбыстарының жасалым (жасалу орны) 
айырмашылықтарын ескеріп, жеке-жеке дауыссыздар деп есептеп келеді. Бұл жерде 
олардың бір дауыссыздың жуан/жіңішке үндесім варианты екендігі ескеріліп, керісінше, 
бір дауыссыз деп қарастырылып отыр. 
Дауыссыз дыбыстар дауыстың (дауыс желбезегінің) қатысына қарай: қатаң 
(тербеліссіз), ұяң (тербеліңкі) және үнді (тербелімді) болып үш топқа бөлінеді. 
Қазақ тілінің дауысты дыбыс әріптеріндегі ҚАЙШЫЛЫҚТАР: 
Қазіргі зерттеушілердің көпшілігі И мен У-ды дауысты дыбыстардың қатарына 
қоспайды. С.Мырзабеков «... зерттеушілер мен оқулық авторларынын көбісі, бұл екі 


әріптің әрқайсысы екі дыбыстың ҰУ, ҮУ, ЫУ, ІУ, ЫЙ, ІЙ қосындысы екенін біле отырып, 
дауыстыға жатқызып жүр. Жатқызып қана қоймай, оларды (и,уӘріптерін) дифтонг, 
дифтонгоид деп дәлелдеуге тырысатынын»айтады. ( 7;16) 
Жиырмасыншы ғасырдың 50 жылдарынан бастап шыққан еңбектерде 9 жалаң дыбыс 
(A,Ә,Е,О,Ө,Ұ,Ү,Ы,І), 2 құрандыдыбыс (И,У) берілген. Құранды и,у-дың қосылуы 
әліпбидің өзгерумен байланысты болды. 1957 жылы орфографиялық ереже қабылданып, 
онда И мен У-дың ҰУ ҮУ ЫЙ ІЙ дыбыстық тіркестерінен тұратыны айтылды. 
Орфографиялық ережеде И мен У-дың екі дыбыстық тіркестен туратыны айтылғанымен, 
фонетикаға байланысты шыққан еңбектерде И мен у дыбыс ретінде енгізіліп, дауыстылар 
саны 11-ге жетті. Жалпы казак тілінде И мен У дыбыс емес, әріп болып табылады. Олар 
ҰУ ҮУ ЫЙ ІЙ дыбыстық тіркестерін беру үшін қолданылған шартты таңба ғана, 
сондықтан оларды дыбыс санына қосып шатастырудың еш қажеттілігі жоқ. 
Жиырмасыншы ғасырдың 80 жылдарынан бастап шыққан көптеген еңбектерде қазақ 
тілінін 9 «әліпби дауысты дыбысы» ғана қамтылады. Ғалымдардын пікірімен толық 
келісуге болады. Бұл енбектерде дыбыс пен әріптін аражігі ажыратылып берілген. 
Қазақ тіліндегі КІРМЕ әріптердің дыбыс мәні. 
кірме әріптердің тіл бұзар әсері күшейіп барады: 
- бірінші, қазақ сөзінің үндесім әуезін бұзып барады; 
- екінші, қазақ тілінің буын жігін бұзып болды; 
- үшінші, қазақ тілінің морфем желісін бұзып болды; 
- төртінші, қазақ сөзінің тасымал ретін шатыстырып бітті. 
Ол кірме әріптер: И, У, Я, Ю, Щ. Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында жазылып 
жүрген кірме әріптердің дыбыс мәні төмендегідей (мый, тій, сұу, сүурөт, жая, әлійә, айұу, 
үйүу, ашшы, кешше, тұшшы) 
Кез келген жазу тілдің ішкі өзіне тән құрылымы мен табиғи айтылымына зиян 
тигізбеу керек. Керісінше, тілдің әдеби айтылымының қорғанышы болу керек. Ол үшін: 
1. Жазу сөздің дыбыс құрамын дәл бейнелегенде ғана дұрыс жазу болады. Ендеше, 
қазақ жазуы қазақ сөзінің үндесім әуезін дұрыс көрсетіп отыру керек, басқаша айтқанда, 
жуан айтылатын сөздің таңбасы мен жіңішке айтылатын сөздің таңбасының арасында 
көрнекі айырма болсын. 
2. Жазу қазақ сөзінің буын құрамын бұзбау керек. Мысалы, миы, су-ы[мый-ы], [сұу-
ы] болмау керек, мы-йы, сұ-уы болу керек. Қазақ тілінде сөз ішінде буын дауыстыдан 
басталмайды. Оқулықтардағы осындай кереғарлықтардың қиындықтарын айтып, 
балаларға түсіндіре алмай, олардың алдында «бірде олай болады, бірде бұлай болады» деп 
екі сөйлеп, әлек болып жатқан мұғалімдердің пікірі ескерусіз қалып жатыр. 
3. Жазу қазақ сөзінің тасымал ережесіне сай болу керек. Тағы да ми-ы, су-ы болып 
тасымалданбау керек, мы-йы, сұ-уы болып тасымалдану керек. 
4. Жазу қазақ тілінің морфем (түбір мен қосымшалар) желісін үзбеу керек. Мысалы, 
қазақ тілінің «егер түбір дауыссызға бітсе, қосымша дауыстыдан басталады» деген іргелі 
заңдылығы бар. Сонда мың = мы-ңы, мыс = мы-сы, мый = мы-йы болып, тіл жүйесі 
бұзылмайды. 
Қазақ тілінің дауыссыз дыбыс әріптеріндегі ҚАЙШЫЛЫҚТАР: 
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардын санына келетін болсак, ғалымдар арасында 
түрлі пікірлерді кездестіруге болады.А.Байтурсыновтың «Тіл құралында» 17 дауыссыз 
дыбыс берілген: б,п, т, ж, ш, д, р, з, с, г, к, қ, г, ң, л, м, н (1). 
1954 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілінде», І.Кеңесбаев, F.Мұсабаевтың «қазіргі 
қазақ тілі» деген оқулығында /1975/, С.Мырзабековтің «қазақ тілінің фонетикасы» /1993/ 
деген енбегінде 25 дауыссыз дыбыс берілген: Б, В, Г, F, Д, Ж, 3, Й, К, Л, М, Н, П, Р,С, Т, 
(У), h, Ф, Х, Ц, Ч, ш, К, Н. / Щ жок/. Жоғарыдагы 1.Кенесбаев, F.Мұсабаевтың «Казіргі 
қазақ тілі»деген окулырында Щ-ны дауыссыздардын жалпы санына қоспаған, бірақ 
дауыссыздарды дауыс қатысына карай жіктеуде Щ-ны катаң дауыссыздардын ішінде 


береді. (5) Ал С.Мырзабеков Щ-ны мүлдем дауыссыздардың қатарына қоспайды. “Щ 
дыбыс емес-әріп. Ол Ш дыбысының созылыңқы варианты” деген пікірге келеді. 

жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау