Әдебиеттер
:
1.Уәли Н. Графика. Орфография. Орфоэпия. — Алматы, 2018. – 250 б.
2. Аманжолов С. Новый казахский алфавит (на основе русской графики) и орфография
(проект). —Алматы: Социалистік Қазақтан, № 180, 1939
3. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері . – Алматы: Рауан, 1996.— 285 б.
№6 – сабақ
Тақырыбы: Жаңа әліп-биге сай жаңа емле
Мақсаты:
Жаңа әліп-би бойынша емле ережелерін түсіндіру, мағлұмат беру.
Жоспар:
1.Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі
2.Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі
Латын әліпбиіне көшу жайлы алғашқы пікір акад. Ә.Қайдардың 1993
жылдың 24 қазанындағы “Ана тілі” газетінде жарияланған “Латын әліпбиінің
болашағы зор” атты мақаласынан бастау алды. Ғалым қазақ жазуының жедел
түрде орыс графикасына көшуінің мынадай себебін келтірді: “Түркия елінің
ғалымы, профессор Тимур Қожаоғлу “Жаңа түсінік” га-зетіне (09.08.1991)
былай деп жазады: “Кеңес үкіметі 1927 жылы КСРОдағы бүкіл түркі
халықтары қолданып келген араб жазуын латын алфавитімен ауыстырды.
Бірақ Түркияда да 1928ж. латын алфавиті түрік жазуы болып
қабылданғандықтан кеңес басшылары Анатолия түріктері мен Кеңес
Одағындағы түркітілдес халықтардың мәдени байланысының арта түсуінен
қауіптеніп, 1939-1940жж. кейін оларға міндетті түрде кирилл алфавитінің
бір-бірінен парқы бар алты түрін қабылдатқызды”. Сол себеп-ті ғалым ендігі
әліпби ауыстыру саясаттың араласуынсыз еркін таңдауда болатынын және ол
“ұлтаралық, халықаралық, жалпы дүниежүзілік таралу деңгейі жоғары”, әрі
“тілдік фактілерді” дәл таңбалаудың үлгісі ретінде ресми түрде халықаралық
фонетикалық транскрипция болып қабылданған латын жазуы болу керектігін
пайымдайды.
Әліпби ауыстыру туралы көзқарастар. Акад. Ә.Қайдардың бастамасы
ғалымдар мен тілші қауым тарапынан қызу пікір-таластың, идеялардың
түрткісі болды.
Бұл тақырыпта 1990-2013жж. арасында мерзімді баспасөз беттерінде 100-ден
аса мақала жарық көрді. Мамандықтары мен жас ерекшеліктері, қызметі
әртүрлі мақала авторларының көзқарастары мен ой-пікірлері де алуан түрлі.
Оларды шартты түрде мынадай көзқарастарға топтауға болады.
Латын графикасына көшуді жақтайтын бағыт, олардың неһгізгі дәйектері: –
латын әліпбиін қабылдау – компьютерлен-діру ағымына ілесу, халықаралық
аренаға шығу, интернетті толыққанды пайдалану үшін;
электронды пошта, телеграф қызметін кеңінен қолдану үшін;
ортақ түркі жазуын қалыптастыру үшін;
қазақ тілінің тілдік табиғатын қайтару немесе сақтау үшін; орыс тілінің
фонетикалық, мoрфологиялық, синтаксистік, лексикалық деңгейдегі әсерінен
құтылу үшін керек.Латын графикасына көшуге қарсы бағыт. Көне түркі
жазуына қайта оралуды ұсынатын бағыт. Қазіргі жазуды реформалауды
жақтайтын бағыт.
Академик Ә.Қайдар газет-журнал бетінде жарық көрген мақалалар
тасқынын көріп, әліпби арқылы атағын шығарғысы келетіндердің де, әр
қайсысы-ақ қазақ жазуының авторы болғысы келетіндердің ниетін сезініп,
1996 ж. саналы азаматтардың ұйымдастыруын, өзара бірігуін, президенттің
ресми жарлығын сұраған (Қайдаров Ә. Қазаққа латын жазуы керек пе, жоқ
па? // ЕҚ. 6.01.96) мақала жариялайды. “Бұл – түркі әлемі үшін ғасыр
проблемасы. Бұл мәселе қай үкімет басшысының тұсында шешіледі?
Програмистер мен лингвистер бір шешімге келу ке-рек” дейді (Қайдар Ә.
Жеті жыл жыр болған жазу жайында // ЕҚ. 16.06.00).
Негізінен, Ә. Қайдардың латын жазуына көшуді жақтаған ұсынысы түркі
халықтарына ортақ әліпби, ортақ жазу жасау тілегінен туындаған еді.
Сондықтан ғалым ұсынған қазақ-түрік әліпбиіндегі 34 таңбаның ішінде -j, c ,
f , v әріптері бар. Алайда Ортақ Анкара жобасындағы 34 әріптің екеуін –
әзірбайжан, онын – өзбек, сегізін – түркімен жаңа латын әліпбилерінде
пайдаланбады. Сөйтіп, түркі халықтарының жаңа әліпбиінде 8-ден 20-ға
дейін әріп айырмашылығы болды (Алтай М. Латын таңбалары. Қазақ әліпби
нұсқаларына сын АТ. 15.08.02).
Бұл ортақ түркі әліпбиі жасау мүмкіндігінің төмендегенін көрсетті.
Латын графикасына өтуді жақтаушылардың пікірінде, әсіресе программист,
экономист мамандардың пікірінде латын жазуы дүниежүзілік аренаға шығу
үшін, халықтың компьютерлік сауатын арттыру үшін, техникалық прогреске
ілесу үшін қажет деген көзқарас басым болды. Мысалы, Н.А. Айтқожин:
“Ендігі жазу алдыңғы қатарлы технология, күрделі баспахана құрылғылары
әртүрлі саладағы жоғарғы білікті мамандардың қатысуынсыз шешіле
алмайды. Компьютердің стихиялы түрде таралып кетуі, ортақ стандарт
шрифтің болмауы бұл мәселенің әлеуметтік-саяси мәні бар екенін байқатады,
компьютердің басқыш-тетігі минутына 600-1000 таңбаға дейін салуға
арналған, неге біз оны пайдаланбаймыз” деді. “Ни один из тюркоязычных
алфавитов, основанных на кириллице не попал в перечень алфавитов,
которое поддерживаются программным обеспечением современных
компьютеров” деді тағы да автор (Айтхожин Н.А. Вопросы реформы
казахского алфавита // Саясат. 1998. № 12).
Ал А. Мереке электронды пошта, пейджинг саласында қазақ әріптерінің
жоқтығынан небір сорақы сөздер жазылады. Қазақ мәтіні үшін арнайы
драйвер алып жүру керек. Интернетте Web-бет құру үшін, пейджермен
хабарласуға, электронды сөздік, электронды тілмаш жасау үшін, сөзді
автоматты түрде тасымалдау үшін, орфографиясын жасау үшін латын жазуы
керек деді (Мереке А. Латиница объединит тюрков // Новое поколение
26.11.99).
А. Шәріпбаев қазақ әліпбиі компьютердің басқыш-тетігіндегі ағылшын
әліпбиіне сәйкес болу керек, одан өзгертудің еш негізі жоқ; осы стандарт
сақталынса ғана қазақ тілінің құрылымдық жүйесін саралауға, компьютерлік
өңдеудің ыңғайлы жүйесін жасауға кез келген графикадағы мәтінді оқып,
оны басқа графикаға көшіруге болады деді. Сонда компьютерлендіру
дегеніміз орфографиялық, терминологиялық, фразеологиялық сөздік жасау,
қазақ тілінің грамматикасын автоматты түрде оқыта алатын және қазақ тілін
басқа тілге және кері аудара алатын про-грамма жасау болып табылады деді
(Шәріпбаев А. Латынсыз, компьютерсіз көзіміз ашылмайды // ЕҚ. 27.12.00).
Енді бір топ әліпби ауыстырудың қажеттілігі қазақ тілін орыс тілінің
әсерінен қорғау, тілдің табиғи дамуын күшейту, қазақ тілін сақтау үшін керек
деді (Исхан Б. Латын ғарпіне көшу тілімізді сақтау үшін керек. // Қазақстан
27.09.2001. Итқұлов Қ. Лажы келсе, латынға көшсек // Заң 31.07.96.). Себебі
жазуын қабылдаған тілдік ортада өмір сүрген тілге тіл деформациясы-на
ұшырау қаупі күштірек болады. Графикасын алу арқылы сол тілдің
фонемаларын өз тіліміздің дыбыс жүйесіне теліп, термин қатарын көбейтеміз
деп, өзге тілдің лексикалық қабатын көшіріп алып, тіке аударма, калька
жасау арқылы сол тілдің сөз тіркес-ін, синтаксисін, сөйлем, мәтін құрау
синтаксисін көшіріп алу арқылы бірте-бірте тілдің табиғи даму жолынан
ауытқуымыз мүмкін. Өйткені қазір кез келген сөз бен мәтінге дейінгі бірлік-
тер орыс тілі мен қазақ тілінде қатар айтылып, жазылуы міндет-ті болды.
Және кез келген мәтін алдымен орыс тілінде түзіліп, сосын барып қазақ
тіліне аударылатыны дәстүрге айналды. Әрі қазір Қазақстанда 7,5 млн. қазақ
(44,3%), 6 млн. орыс (35,3%) тұратынын (Исмағұлова А. История казахского
языка. Алфавит. Поиск, 1998 №2. Серии Гум.) ескерсек, орыс тілінің әсері
азая қоймайтынын байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |