Балкия ЖӘН1бекова, М



жүктеу 34,94 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі34,94 Kb.
#6564

Балкия ЖӘНІБЕКОВА, М.Қозыбаев атындагы СКМУ-дің студенті

ЖАСТАР ЕНБЕККЕ ҚҰШТАР
Жазғы демалыста ауылға барып, қымыз-айран ішіп, таза ауада демалғанға не жет-сін?! Себебі, ауылдағы бір күнің қаланың бір айына татиды. Алайда, студенттердің басым бөлігі жазғы демалысында қалада қалып, қаражат таппақ ниетпен жұмысқа орналасуда. Ондай жастардың арасында оқуы мен жұмысын қатар алып жүргендер де бар.

Студент жастар қаламыздағы Студенттік еңбек биржасына жүгінгеннен гөрі ғаламтор және аялдамаларда, газет беттерінде жарияланған жарнамалар арқылы жұмыс тапқанды жөн көреді. Қолына дипломын алмаған, жұмыс өтілі жоқ студентке табылатын жұмыстардың негізі тұрғын үй құрылысы алаңдарында қара жұмысшы, күзетші, дүкенде сатушы, дәмханада даяшы болудан аспайды. Бірақ та жастар арасында жалақысы жақсы, жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүретін жұмыстар да бар. Атап айтқанда, тойларда суретке түсіріп, түскен суретті лезде басып шығарып сату. Мәселен, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенттері Данияр Қалымжанов пен Талғат Айтменов осылай аз-мұз нәпақа тауып жүр.

- Біздің бұл жұмыспен айналысқанымызға бір жылдың жүзі болды. Қазақ халқын тойсыз елестету мүмкін емес қой. Экономикалық дағдарыс жылдары да той-томалағын тоқ-татпаған қазақстандықтардың тойларында қаржы табуға зор мүмкіндік бар. Әсіресе, демалыс күндерінде тойлар жиі өткізіледі. Осыдан алынған бір айлық ақшамыз өзімізге жеткілікті. Бұл тек ақша табу көзі ретінде ғана емес, сүйікті ісіміз болғандықтан, айналысамыз, - деген студент жастар күзетші болып, түні бойы бір жерге байланып отырғанша, тоида суретке түсіргенді жөн көретіндіктерін жасырмады.

Кейбір отбасылардың облыс орталығында оқуын оқып жатқан баласын қаржылай жағы-нан толық қамтамасыз ете алмай отырғанда олардың қол қусырып отырмай, жұмысқа кіріп, қосымша ақша тапқаны құптарлық. Үш ай жазғы демалысында қаражаттауып, жаңа оқу жылына қажетті киім мен кеңсе тауарларын өз қаражаттарына сатып алғысы келетін жастар үшін табыс көзі болатын әрбір жұмыс маңызды. Осы орайда жазғы демалыс басталысымен' студенттерді жұмысқа алып, қаражат табуға септігін тигізетін мекемелердің бірі -"Аттракциондар әлемі" ЖШС-І. "Барлығымыз да студент болдық. Сонымен қоса қалтада ақшаның жетіспеген жағдайларды да басымыздан өткердік. Қалтаңда ақшаның болуы жастар үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан жұмыс іздеп келген жастардың бетін қақпаймыз. Оларға есігіміз әрқашан да ашық", - дейді саябақ әкімшісі Елена Бондаренко.

Саябақта жұмыс істеп жүрген студенттердің бірі-Әлима Баймулдинова:

- Менің саябақта жұмыс істегеніме 2 жыл болды. Бір топта оқитын жолдастарымның басым бөлігі дәмханаларда даяшы болып жұмыс істейді. Таңертеңнен кешке дейін тік тұрып, бір сәт те демалмайды. Әрбір жұмыстың өз қиыншылықтары болады емес пе? Ал менің жұмысым - таза ауада. Әрі мәз-мейрам болған балалардың қуанышқа толы жүзін көрген сәтте шаршағанымды ұмытып кетемін, - деген ол өзінің қатарластарын ата-анасының тырнақтап тапқан ақшасын оңды-солды шашпай, жаз уақытында еңбек етуге шақырды.



Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бастамасымен 2005 жылы қабылданған "Жасыл ел" бағдарламасы аясында барлық аймақтарда көптеген жұмыс қолға алынуда. Бүгінгі күнге дейін студенттердің құрылыс және "Жасыл ел" жасақтарының қатарында жалпы 1000-ға тарта студент ерікті түрде жазғы жұмыстарға тартылған. Үстіміздегі жылдың өзінде "Жасыл ел" жасағының қатары екі есе артқан. "Студенттердің еңбек биржасы" арқылы өткен жылы жасы 18 бен 29 арасындағы 2056 азамат маусымдық жұмыспен қам-тылған. Қысқамерзімді және маусымдық жұмыстарға сұраныстың еселеп артарын ескерсек, "Студенттер еңбек биржасы" арқылы жұмыс іздеп келген жас мамандарға еңбек нарығында қосымша 200 бос жұмыс орны ұсынылған. Яғни, бос уақытында сенделіп, көше кезудің орнына қаражат табамын деген әрбір жас жұмысқа орналасып, еңбегіне лайықты жалақы табуға мүмкіндік бар.
// Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 24 маусым
жүктеу 34,94 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау