Дәрістер тезистері 1 – дәріс


Пәнаралық мазмұнды тест тапсырмалары



жүктеу 99,17 Kb.
бет20/38
Дата10.02.2022
өлшемі99,17 Kb.
#37425
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38
Дәріс тезистері

Пәнаралық мазмұнды тест тапсырмалары:

«Жылу және жұмыс» тақырыбы бойынша:



1. Дүниетану сабақтарында сендер жылуды жақсы және нашар өткізетіндермен таныстыңдар. Келтірілген мысалдардың қайсысында ауаның нашар өткізгіштігі пайдаланылатынын көрсетіңдер.

А. Су құбыры тереңге орналастырылған.

В. Терезелерге екі қабат рама жасап жатыр.

С. Ыстық су жүретін құбырларды көше бойына тарту кезінде берік бетон плиталармен жабады.

Д. Қыш шайнекте шайдың температурасы металдағыға қарағанда ұзағырақ сақталады.

Е. Термоста.



2. 4 сыныпта сендер мынадай тәжірибе жасадыңдар: екі шырағданды сәл ашық тұрған есіктің саңылауының жанына – біреуін еденге, екіншісін саңылаудың жоғары жағына орналастырдыңдар. Төменгі шырағданның жалыны сыныптың ішіне, жоғарғысыныкі – дәлізге қарай қисайды. Бұл құбылысты жаңа ғана қарастырылған жылу берілу түрлерінің қайсыслары арқылы түсіндіруге болады?

А. Жылу берілу.

В. Конвекция.

С. Сәуле шығару.

Д. Жылу өткізгіштік және конвекция.

Е. Сәуле шығару және конвекция.



3. Химиялық отынның (тас көмір, мұнай, бензин, керосин) қандай энергиясы болады?

А. Химиялық энергиясы.

В. Потенциалдық энергиясы.

С. Ішкі энергиясы.

Д. Кинетикалық энергиясы.

3. Ішінде картофель қайнап жатқан суы бар кастрюльге бір қасық тұз салады.Төмендегі жауаптар ішінен дұрысын таңда.

A) тұз картофель ішіне тек су қайнаған кезде ғана енеді;

B) судың температурасы төмен болса, тұз тез сіңеді;

C) *тұз картофель ішіне диффузия нәтижесінде енеді;

D) судың және тұздың молекулаларының өлшемдері өзгереді;

E) дұрыс жауабы жоқ.

4. Күннің тұтылуы қай кезде байқалады?

A) Ай батыстан шығысқа қарай қозғалғанда;

B) Ай толған кезде;

C) Ай Жердің көлеңке аймағына енгенде;

D) * Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысы кезінде Жер мен Күннің арасына келгенде;

E) алдын ала білу мүмкін емес.

5. Плутонның Күннен арақашықтығы жердігіне қарағанда 40 есе үлкен болса, Плутон мен Күннің арасындағы тартылыс күшінің Жер мен Күннің арасындағы тартылыс күшіне қатынасы. Плутон мен Жердің массасын жуықтап бірдей деп есептеңдер.

A) 1400 есе.

B) 120 есе.

C) *1600 есе.

D) 160 есе.

E) 1200 есе.
8 - дәріс
Тақырып: Пәнаралық бағдарламалар құрастыру әдістемесі

Жоспары:

1. Оқу пәні мазмұнын іріктеудің дидактикалық негіздері

2. Оқу пәнінің базалық мазмұны

3. Оқу пәнінің базалық мазмұнының сыныптар бойынша бөлінуі

4. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

5. Оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері


1. Оқу пәні мазмұнын іріктеудің дидактикалық негіздері

11-12 сыныптардағы жаратылыс-ғылыми білімдер мазмұны мына принциптерге сәйкес құрылады:

– мақсаттар мен жоспарланған нәтижелерге сәйкес болуы;

– оқу процесі арқылы түйінді компетенцияларды қалыптастыру міндеттеріне сәйкес болуы;

– оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы;

– оқу пәні мазмұнының «Қоршаған орта» курсы мазмұнымен сабақтастығы;

– тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін пропедевтикалық білім берудің практикалық бағыттылығын жүзеге асыру;

– білім беру мазмұнында Қазақстан табиғатының аймақтық ерекшеліктерінің көрініс табуы.

Жоғарыдағы аталған принциптер негізінде жалпы орта білім беру деңгейіндегі «Жаратылыстану» оқу пәнінің құрылымы мен мазмұны:

– жоғары сыныпта оқушыларға жаратылыстану ғылымдарының жетістіктері туралы білім беруде оқушылардың психофизиологиялық қызығушылықтары мен қабілеттерінің ескерілуі;

– оқу пәнінің мазмұны мен құрылымының тұлғаға бағдарлануы;

– оқытудың мазмұндық және процессуалдық бірлігінің сақталуы;

– жаратылыстану пәнін оқытудың күтілетін нәтижелері оқушылардың алған білімінің жиынтығымен емес, оны практикада қолдана алу біліктерімен анықталуы сияқты дидактикалық ұстанымдарға сәйкес құрылады.

Осындай дидактикалық ұстанымдарға сәйкес жоғары сыныптардағы оқу бағдарламасы келесідей реттілікпен құрастырылады:

- біріншіден, оқу бағдарламасында тұлғаның өзіндік әлеуетінің дамуына ықпал етуші танымдық-дамытушылық қызметінің қамтылуы;

- екіншіден, оқушылардың табиғи процестер мен құбылыстарға зерттеу жүргізе алу дағдыларын қалыптастырушы танымдық-оқыту қызметінің қамтылуы;

- үшіншіден, білім мен тәрбиенің бір-біріне тәуелділігін және оқушылардың қоршаған ортаға қатынасын білдіретін тәрбиелік қызметінің қамтылуы;

- төртіншіден, қазіргі өзгермелі дүниеде тұлғаның өз бетінше шешім қабылдауына жағдай жасайтын әлеуметтік-адаптациялық қызметінің қамтылуы.

Базистік оқу жоспарына сәйкес жаратылыстану оқу пәнінің апталық оқу жүктемесі 11-12 сыныптардың әрқайсысында аптасына 4 сағатты құрайды.


жүктеу 99,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау