1-тапсырма. Бағалау критерийі терминінің анықтамасымен танысыңыз. Бағалау критерийлеріне қойылатын талаптарды белгілеңіз:
Көкпен белгіледім
Бағалау критерийі (БК) оқу мақсаттарына (ОМ) жету қалай тексерілетінін көрсетеді, яғни, оқушы ОМ жеткенін көрсету үшін нені орындау қажеттігін сипаттайды. Сондықтан БК қолжетімді, ОМ жету деңгейін анықтайтындай өлшемді болуы қажет, яғни, ОМ сәйкес болуы керек және ОМ ауқымды болмағаны дұрыс. Сонымен қатар БК мұғалім мен оқушы үшін нақты, анық және түсінікті болуы тиіс. Оқушы оқу мақсатына қандай нақты іс-әрекет (атау, анықтау, көрсету, шешу және т.б.) арқылы жеткенін көрсету қажет екендігін барлығы түсінуі тиіс.
2-тапсырма. Оқу мақсатымен танысыңыз және оған қатысты бағалау критерийлерін қарастырыңыз. Барынша сәйкес келетін бағалау критерийін таңдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |